• Мое избранное
«Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 8375 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ 04-03-23/1717-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының бұйрық жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
  Ішкі су көлігіне қатысты барлық есептердің атауында және жобаның бүкіл мәтіні бойынша – су көлігіне қатысты терминге тән емес «жылжымалы құрам» деген сөздер алынып тасталсын.  
  1-К есебі (ішкі су) жер снарядтары, шаландалар, жүзбелі крандар, аспалы қозғалтқыштардың қуатын көрсете отырып аспалы моторы бар және онсыз шағын өлшемді моторлы қайықтар сияқты өзге де кеме түрлерімен толықтырылсын.
  1-К, 2-К есептерінде (авто, электро) осы есептердің титул парақтарын сәйкестікке келтіру қажет, сонымен қатар «… сондай-ақ қалалық электр көлігі қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар» деген сөздер «… сондай-ақ қалалық электр көлігінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (жеке тұлғалар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
  1-К есебінің нысанында (авто, электро) «Көліктің негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз» деген кестенің тақырыбына «жұмысының» деген сөз енгізілсін - «Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз».  
  2-К есебінің нысанында (авто, электро) мынадай өзгертулерді жүргізу қажет:
 1, 2, 3-кестелердің тақырыбына «жұмыстың» деген сөз енгізілсін - «... тасымалдау бойынша жұмыстың негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз»;  
 2 және 3-кестелерде «(тасымалданған)» және «жүк-багажы» деген сөздерді қолдану артық деп санаймыз.  
 3-кестеде көбіне теміржол көлігі бағдарланған жүктердің шикізат (массалық) түрлері көрсетілген, осыған орай жүктер түрлерінің тізбесін автомобиль көлігі үшін қолдануға болмайды деп санаймыз.  
  К-001 есебінің титул парағында «Жеке меншігінде жүк автомобильдері және автобустары, жеңіл автомобильдері бар жеке тұлғалар тапсырады» деген сөздер «Жеке меншігінде жүк автомобильдері, автобустары және жеңіл автомобильдері бар жеке тұлғалар тапсырады» деген сөздермен ауыстырылсын.
  К-001 есебінің нысанында (авто, электро) мынадай өзгертулерді жүргізу қажет:
  1, 2-кестелердің тақырыбына «жұмыстың» деген сөз енгізілсін - «... тасымалдау бойынша жұмыстың негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз»;
 1-кестеде «(тасымалданған)» және «жүк-багажы» деген сөздерді қолдану артық деп санаймыз.  
  К-001 есебінің Нұсқаулығында 2-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «… айналысатын жеке тұлғалар …», 3-тармақтың 3-абзацында «... жеке тұлғалардан алған …» деген сөздерді «... жеке тұлға алған…» немесе «…Тасымалдаушы алған…» деген сөздермен ауыстыру және «… жүктерді жөнелтушілерге тасымалдау бойынша қосымша қызмет көрсеткені үшін» деген сөздерді «… жүктерді жөнелтушілерге тасымалдау бойынша қосымша қызмет көрсету кезінде» деген сөздермен ауыстыру қажет.
  1-көлік есебінің титул парағында «… өзен мен қалалық электр көлігінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер ...» деген сөздер «… өзен мен қалалық электр көлігінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) ...» деген сөздермен ауыстырылсын.
  1-көлік есебінің нысанында (авто, электро) 1 және 2-кестелерде «(тасымалданған)» және «жүк-багажы» деген сөздерді қолдану артық деп санаймыз.
  1-көлік есебінің Нұсқаулығы бойынша мынадай ұсыныстар бар:
  3-тармақтың 12-абзацында «тапсырыс берілген автобустармен тасымалданған жолаушылардың саны …» деген сөздерден кейін үтір қойылсын;
  7-тармақтың 2-абзацында «… теміржол көлігінің жолаушыларды тасымалдаудан …» деген сөздер «… теміржол көлігінде жолаушыларды тасымалдаудан …» деген сөздермен ауыстырылсын;
  7-тармақтың 5-абзацында «… жол жүру билеттерінің барлық түрлерін сатудан (жеке азаматтарға, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарға) түскен нақты ақшалай түсімінің жалпы сомасы, сондай-ақ ... ақшалай түсім қосылады» деген сөздер «… жол жүру билеттерінің барлық түрлерін сатудан (жеке азаматтарға, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдарға) түскен нақты ақшалай түсімінің жалпы сомасын, сондай-ақ ... ақшалай түсімді қамтиды» деген сөздермен ауыстырылсын.  
7-тармақтың 6-абзацында «… табыстар да қосылады» деген сөздер «3.1.2 және 3.1.3-жолдарда тасымалдаудан түскен табыстарға …» деген сөздермен ауыстырылсын.  
  Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.  
  Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева