• Мое избранное
«5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5В110300 «Фармация» бакалавриат бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5В110300 «Фармация» бакалавриат мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) :
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.  
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.  
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  
министрі Т. Дүйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________________ А.Сәрінжіпов
2014 жылғы «_____» __________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
«____»____________ 2013 жылғы
№ _______ бұйрығының
2 қосымшасы
Жоғарғы білім беру мемлекеттік стандарты мамандығы  
5В110300 -– «Фармация»
1. Жалпы ережелер
Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде әзірленді және білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарттың ережелері меншіктік, ведомостволық тәуелділігіне, ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, 5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қолданылуы жəне орындалуы міндетті.
2. Нормативтік сілтемелер
Бұл стандартта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сілтемелер келтірілген.  
3. Анықтамалар жəне қысқартулар
Аталған стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес анықтамалар, терминдер мен қысқартулар пайдаланылады.
1) Жоғары арнаулы білім – 5 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) Дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
3) Дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
4) Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
5) Элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
6) Таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
7) Құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
8) Міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
9) Оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
10) Үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;
11) Үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.  
• Осы стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
• ЖББП – жалпы білім беру пəндері;
• БП – базалық пəндер;
• КП – кəсіптендіру пəндері;
• СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы;
• ОЖСӨЖ – оқытушы жетекшілігімен атқарылған студенттің өзіндік жұмысы.
4. Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
5В110300 – «Фармация» мамандығы аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі жоғары оқу орнының ғылыми кеңесімен тағайындалады.
5. Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі
Біліктіліктер мен лауазымдар медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша бекітілген номенклатураға сәйкес анықталады және 5В110300-«Фармация» мамандығы бойынша түлектер мына лауазымдарда қызмет істей алады:
• фармацевт-ұйымдастырушы  
• фармацевт-технолог
• фармацевт-аналитик
• химик-токсиколог.