• Мое избранное

Отправить по почте

«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 471 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрығы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 410 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 241 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7142 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қазанда № 319 (26710) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов):
1) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б. Жәмішев