• Мое избранное
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әрі қарай іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әрі қарай іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 8397 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрлігі
2014 жылғы 16 шілдедегі
шығыс № 01-5-14-2/2252-и хатқа қатысты
 САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әрі қарай іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
  1. 4-тармақта аймақаралық схеманың міндеттері айқындалған.
  Жобада экологиялық сараптама жоққа шығарылатындығына байланысты, қоршаған ортаны қорғау және күзету мақсатында, 4-тармақтың 3) тармақшасын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
  «3) қоршаған ортаны күзетудің және дамытудың негізгі бағыттарын айқындау».
  2. Жобаның 5-тармағына сәйкес аймақаралық схемаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік тапсырыс беруші болып табылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеушіні (бас жобалаушыны) айқындайды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабына сәйкес аумақтық дамудың аймақтық схемалары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тапсырысы бойынша әзірленеді.
  Осы орайда, Жобаны Заңмен сәйкестікке келтіру қажет.
  3. Жобаның 12-тармағына сәйкес, аймақаралық схеманың жобасы келісілуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, алған күннен бастап он күн мерзімде жоба бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындаулары немесе жобаны әзірлеген органға олардың жоқ екендігі туралы хабарлаулары тиіс.
  Алайда, жобамен «ұйымдар» айқындамасымен нені түсіндіретіндігі нақты айқындалмаған.
  Осы орайда, Жобаның 12-тармағында не жоба нақты қандай ұйымдарға жіберілетінін нақтылау, не Жоба аккредиттелген ұйымдарға жіберілетінін жазу қажет.
  Айтылғаннан басқа, 12-тармақта нақты негізделместен аймақаралық схема жобасының келісілу мерзімі бір айлық мерзімнен 10 күндік мерзімге қысқартылады.
  Мерзімнің қысқартылуын негізделмеген деп санаймыз, осыған орай, Аймақаралық схема жобасының сапалы және толық келісілуі мақсатында, 12-тармақта ұйымдарға мерзімдерді 20 жұмыс күніне дейін белгілеуді ұсынамыз.
  4. Жобаның 13-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдармен дайындалған аймақаралық схеманың жекелеген бөлімдері мен картографиялық материалдары, оларды елеулі өзгерістерсіз аймақаралық схемаға енгізу кезінде қайта келісілуге жатқызылмайды.
  Алайда, осы толықтыруды негізсіз деп санаймыз.
  Заңның 43-тармағына сәйкес, аумақтық дамудың аймақаралық схемалары Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзірленеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмастан екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарында өзара келісілген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі үшін қызмет атқарады.
  Бұдан басқа, Жобада аймақаралық схеманың міндеттері айқындалатын тармақшалар қосылады.
  Жоғарыда айтылғандар негізінде, 13-тармақта «елеулі өзгерістерсіз» ұғымы нақты айқындаманы білдірмейді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуы үшін мүмкіндіктер береді деп санаймыз. Сонымен қатар, аймақаралық схемаға енгізілетін әрбір өзгеріс маңызды деп санаймыз және әрбір өзгеріс келісілуі тиіс.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
  Басқарма мүшесі З. Ноғайбай