• Мое избранное
«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 8429 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2014 жылғы 19 шілдедегі
№ 11-4-4397/И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
  Жоба «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) іске асыру үшін «Транспланттау мақсатында адам өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алуға тыйым салу немесе алу мүмкіндігі туралы оның ерікті ниет білдіруін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) бекітуді көздейді.
  Заң жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 6-бабына транспланттау мақсатында адам өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) беру туралы тірі кезінде ерікті ниет білдіру тәртібін айқындауды Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілеу бөлігінде толықтырулар енгізуді қарастырады.  
  Осыған байланысты, Стандартта тек қана транспланттау мақсатында адам өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы оның ерікті ниет білдіруін тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті қарастыруды ұсынамыз.  
  Жоғарыда баяндалғанның негізінде берілген ұсынысты ескеруді сұраймыз.  
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
  Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай