«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 283 бұйрығы
«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 9 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консалтингтік компаниялар тізбесінде :
«Халықаралық консалтингтік компаниялар» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1 жолмен толықтырылсын:
«Отандық консалтингтік компаниялар» бөлімі реттік нөмірлері 47, 48, 49 жолдармен толықтырылсын:
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бірінші вице-министр А. Рау