• Мое избранное
«Жолаушылар тасымалдау көлігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жолаушылар тасымалдау көлігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Жолаушылар тасымалдау көлігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 2004ж, № 45, 564-құжат) мынандай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау Қағидасында:  
10-тармағы мынандай түрде мазмұндалсын:
«10. Субсидиялардың ең аз көлемін ұсынатын және уәкілетті орган белгілеген міндетті қызметтердің тізбесімен тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, әлеуметтік мәні бар қатынастарда үздіксіз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.».
Осы Қағиданың 10-қосымшасының:
14) тармақшаның бірінші абзацын келесі түрде мазмұндалсын:
«14) теміржол жолаушылар вагондарына жиһаз және жұмсақ бұйымдарды жалға алу шығындары.».
«Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 2011ж, № 51, 688-құжат) мынандай өзгеріс енгізілсін:
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы 4-қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда ұсынылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы 
Жалпы ережелер 
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес әзірленген және залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде (бұдан әрі - тендер) конкурсты өткізуді ұйымдастыру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) ұзартуды белгілейді. 
Осы Қағидада уәкілетті орган деп темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі. 
Осы Қағидада Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға ұғынылады. 
Тендерге конкурстық құжаттаманы «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысымен айқындалған әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жүруі болжанатын ұлттық темір жол компаниясының жолаушылар поезы қозғалысының нормативтік кестесі базасында құрылған лоттар және осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттама негізінде уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 
Уәкілетті орган тендерді өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады. 
Тендерлік комиссияны құру 
Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзарту мәселелерін қарау үшін құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ. 
Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды, сондай-ақ шарттардың мерзімін ұзартуға өтінімдерді қарайды және шарттардың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 
Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. 
Тендер өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша ұйымдастырушысына жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін өзге де мамандарды тартуға рұқсат етіледі. 
Сарапшылар қатысушылар өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі Шарттың мерзімін ұзартуға берілген өтінімдердің, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Сарапшылардың қорытындысы қатысушылар ұсынған тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру, жеңімпазды анықтау және шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. 
Тендерге қатысушыларға және тендерлік өтінімдерге қойылатын талаптар 
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар келесі талаптарға сәйкес болу қажет: 
Қазақстан Республикасының аумағында заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушы жылжымалы құрамының болуы. 
Бұл ретте үлгілері бойынша көрсетілген жолаушылар вагондарының саны («Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 30 пайызын, ал электрдизель поездар вагондарының саны - 100 пайызды құруы тиіс; 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар бойынша берешектерінің болмауы; 
Тиісті әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының және/немесе нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілдіктің болуы; 
Тасымалдаушының Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, оларды сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді және вокзалдарда 12 айға (конкурсы өткізілген немесе Шарт ұзартылған күннің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтерді ұсынатын басқа да теміржол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы; 
Тасымалдаушының Келісімде көрсетілген бағыттарды дамыту, қызмет көрсету сапасын көтеру, жұмысшылардың санатын, тиісті әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадаларын толықтыру үшін жыл сайын жаңартуын жоғарылату жұмыстарын толық орындау; 
Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар уәкілетті органның мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады: 
осы Қағидаға 2-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) немесе 3-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес тендерге қатысуға өтініш; 
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес (жеке меншік құқығын немесе жалға алынғандығын растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды қоса берумен) жеке меншік және (немесе) сенімді басқарудағы, мүлікті жалдау немесе басқа да заңды негіздерде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымалы құрамның мүккәмал паркі туралы мәліметтер; 
заңнамаға сәкес тендерде көрсетілген теміржол вагондарының түрлеріне байланысты берілген жолаушылар жылжымалы құрамының «Электронды үкіметтің» веб-порталынан алынған немесе нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі. 
тендерде көрсетілген жолаушылар жылжымалы құрамының иелік құқығын растайтын немесе кем дегенде 4 жылға жалға алуы жайлы құжаттырының «нотариалды куәландырылған көшірмесі. 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (осы құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе «электронды үкіметтің» веб-порталынан алынған белгіленген нұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, осы берешектің пайда болу мерзімін растайтын анықтаманы берген адамның қолы қойылған құжаттар қоса берілуі қажет; 
осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Шарттың мерзімін ұзартуға мәлімделген маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға қойылатын шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар; 
тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсетілген әлеуметтік мәні бар маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нормативтік саны шегінде тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат – міндеттеме; 
шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінім берілген жағдайда ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және вагондарды жалға алу, техникалық қызмет көрсету және жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау, үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін басқа да темір жол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстырып тексеру актісі және берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екіжақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді ұсынудың ай – күні белгіленген берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары; 
келісімде көрсетілген таңдалған әлеуметтік мәні бар қатынасты дамытуды қамтамасыз ету, сервистік қызметтердің сапасын арттыру, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру жөніндегі, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алудың 7 қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары. 
келісімде көрсетілген таңдалған әлеуметтік мәні бар қатынасты дамытуды қамтамасыз ету, сервистік қызметтердің сапасын арттыру, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру жөніндегі, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алу бойынша есеп беру; 
осы Қағиданың 53-тармағына сәйкес тендерге қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету. 
Тендерді өткізу