2014 жылғы 18 шілдедегі № 20-20-01/810 хатқа
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жолаушылардың көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 8668 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 18 шілдедегі № 20-20-01/810 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жолаушылардың көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынадай ұсыныстар мен ескертулерді жолдаймыз.
1. Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағида жобасының (бұдан әрі - Қағида) 12-тармағы 1) тармақшасында «кем дегенде бес жылдық мерзімге» деген сөзді алып тастауды ұсынамыз.
Жеке меншік тасымалдаушылар үшін бес жылдық мерзімге жолаушылар вагондарын жалға беру шарттарын жасау талабы тәуекелдерге алып келеді, себебі осы шарттарды жасау кезінде жалға беруші жалға беру құнын және жылдар бойынша жалға беру құнының өсу пайызын қатаң түрде көрсетеді және тасымалдаушының бастамасы бойынша шартты бұзған (мерзімі ұзартылмаған немесе тендерден ұтылған) жағдайда тасымалдаушы жіберілген пайда үшін өсімпұл төлеуге міндетті болады. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу Қағидаларында (ҚР ҮҚ 28.05.2009 ж. № 787) жыл сайын бекітілетін бюджет шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, ұзақ мерзімге шарттарды жасауға ТМҚ сатып алу үшін отандық тауарды өндірушілермен рұқсат берілетіні көзделген.
2. Қағиданың 12-тармағының 5) тармақшасында «тасымалдаушының берешегінің болмауы» деген сөздерді «тасымалдаушыға берешегі бойынша талаптың болмауы» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз, себебі берешегі болған кезде берешекті өтеу кестесі туралы екі жақты келісім ұсынылатынын көздейтін Қағиданың 13-тармағының 9) тармақшасына қайшы келеді.
3. Қағиданың 13-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Осы Қағиданың 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, темір жол жолаушылар вагондарының типтері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген жолаушылар жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған куәліктер. Сонымен бірге жолаушылар жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер тендерге мәлімделген барлық вагондар бойынша ұсынылуы тиіс.»
Барлық жолаушылар вагондары (жеке меншік те, жалға алынған да) паркінің әлеуетті тасымалдаушыларының үздіксіз жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыруға дайындықтарын растауы туралы талапты енгізу ұсынылады.
4. Қағиданың 13-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның тендерлік өтiнiмдерді және/немесе Шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді соңғы қабылдау күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болмауы немесе бар болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған анықтама. Анықтаманың түснұсқасы ұсынылған жағдайда, анықтамаға салық органының мөрi басылып, бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның (аталған құқықты растайтын тиісті құжатты қоса беріп) қолы болуы тиіс. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, анықтаманы берген адамның қолы қойылған аталған берешектің пайда болу мерзімін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;»;
Штрих-кодпен расталатын (осы анықтамаға салық органының уәкілетті тұлғасының қол қоюы қажет емес) анықтаманың осы түрі, уәкілетті басшының қолы қойылған және мөрмен расталған салық органымен берілетін анықтамасы сияқты заңды болып табылатынын ескере отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған анықтаманы ұсыну тәртібі бөлігінде шектеу қажет.
5. Қағиданың 26-тармағында «тендерді өткізу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын» деген сөздерді «тендерді өткізуге дейін бір сағат бұрын, ал Шарттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз бес күнтізбелік күн бұрын аяқталады» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |