• Мое избранное
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 13 тамыздағы № 8560 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 07-3-24/2377-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Жобада әлеуметтік оңалту қызметтерінің сапасын арттыру, кохлеарлық имплантациядан кейін мүгедек балалардың есту-сөйлеуін оңалту жүргізуде қажеттіліктерін барынша мүмкін болғанынша қанағаттандыру мақсатында «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар енгізу ұсынылады.  
  Сонымен бірге, жобада «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Көру бойынша мүгедектерге бөлінетін тифлотехникалық құралдар тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылмаған.
  «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы қабылданғаннан бері тифлоқұралдар нарығында көптеген жаңа өнімдер пайда болғанын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 28-тармағына сәйкес мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және кедергісіз ортаны құру қажеттілігін ескере отырып, Көру бойынша мүгедектерге бөлінетін тифлотехникалық құралдар тізімін кеңейту мақсатқа сай деп санаймыз.
  Осыған байланысты қосымшаға сәйкес аталған Тізімге толықтырулар енгізуді сұраймыз.
  Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.  
 Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева