Bestprofi Logo

Қаулы № 862 от 2014-07-31г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015 г.

Документ на казахском языке

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 449-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 49-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысымен бекiтiлген

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары

1. Осы Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң негiзгi мiндеттерi:

1) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде өрттердiң алдын алу және сөндiру;

2) ұйымдарда, елдi мекендерде және объектiлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

3. Ұйымдардың, елді мекендердің және объектілердің (бұдан әрі – объект) өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру немесе жұмыс істеп тұрған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.

4. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:

1) жолға шығатын техникасы бар – қарамағында негiзгi және арнайы өрт сөндiру автомобильдерi бар өрт сөндiру бөлiмдерi;

2) жолға шығатын техникасы жоқ – қызметкерлерi өрттердiң алдын алу (профилактика) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және өрттердi алғашқы өршу сатысында өрт сөндiрудiң стационарлық, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, сөндiруге қатысатын өрт сөндiру бекеттерi.

Теңізде мұнай операцияларын жүргізу үшін стационарлық теңіз құрылыстарында жолға шығатын техника ретінде өрт сөндіру немесе өрт сөндіруге бейімделген кемелер көзделеді.

5. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегiз жасқа толған және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлық бойынша оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өртпен күресуге әзiрлiгiн бақылауды және өртке қарсы қызметтердiң қызметiн үйлестiруді азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібі

7. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыру тәртібін осы Қағидаларға сәйкес объектiлердiң басшылары айқындайды.

8. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет өз қызметін объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аттестат болған жағдайда жүзеге асырады.

9. Мемлекеттiк емес өртке қарсы бiр қызметтің оны ұстауға үлестiк қатысатын және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары» ІІ-89-80* ҚНжЕ талаптарына сәйкес мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің нормативтiк шығу радиусындағы бiрнеше объектiге қызмет көрсетуiне болады.

10. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің қызметін ұйымдастыруды регламенттейтiн құжаттар осы Қағидаларға 1-қосымшада келтiрiлген мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесiне сәйкес қалыптастырылады.

11. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет тұрақты (тәулiк бойы) дайындықта болады.

12. Есептоптың командирi басқаратын өрт сөндiру автомобилiндегі есептоп жолға шығатын техникасы бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң негiзгi бiрлiгi болып табылады. Өрт сөндiру бөлiмiнде екi және одан астам өрт сөндiру автомобилi болған кезде қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.

13. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерiнде өрттердiң алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру үшiн объект басшысының шешімімен нұсқаушылары бар өрт профилактикасы топтары құрылады.

14. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған объектiлердi өрттерден күзетудi нұсқаушы-өрт сөндiрушiлер (кезекшi ауысымда кемiнде 2 штаттық қызметкер) жүзеге асырады.

15. Объект басшысының шешімімен мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндiру бөлiмдерi мен бекеттерiнде күштердi, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау үшiн:

1) өрт, авария туралы хабарламаларды қабылдауды;

2) шақыру орнына өрт сөндiру автомобильдерiндегі есептоптарды жіберуді;

3) өкiмдер берудi, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндiруге тартылатын бөлiмшелермен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн ұйым немесе объекті басшысының шешімімен байланыс пункттері құрылады.

Өрт сөндiру бөлiмінiң (бекетінiң) байланыс пункті мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жақын орналасқан бөлiмшесiнiң байланыс пунктімен байланыс арнасымен қамтамасыз етіледі.

16. Өрт сөндiру автомобильдерi ұтқыр радиостанциялармен қамтамасыз етiледi. Тасымалданатын байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндiру басшысы, кезекшiлiктi жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндiру бөлiмi мен бекетi тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегi қызметкерлер қамтамасыз етiледi.

17. Өрт сөндiру бөлiмдерiнде және бекеттерiнде демалуға қолайсыз ортада жұмыс iстеу мүмкiндiгi үшiн объект басшысының шешімімен газ-түтiннен қорғау қызметi құрылады.

18. Өрт сөндiру деполарының саны мен оларды объектiнiң аумағында орналастыру «Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бас жоспарлары» II-89-80*ҚНжЕ талаптарына сәйкес айқындалады.

19. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. Объектілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрамында үлестік қатысқанда негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны ең көп су шығынын қажет ететін объект үшін айқындалады.

20. Объектiлерде өрттердi сөндiру үшiн қажеттi негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде тасымалданатын немесе жылжымалы өрт сөндiру мотопомпалары көзделедi.

21. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің санын объект басшысы олардың ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

22. Өрт сөндiру автомобильдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

23. Объектідегі кезекшілік ауысымдағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны өрт сөндіру автомобиліндегі есептоптардың санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санымен анықталады.

24. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олардың жұмыс ауысымын және жұмыс уақытының ұзақтығын ескере отырып анықталады.

25. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны объект қызметкерлерiнiң бекітілген штат санына тең немесе 50 % артық болғанда есептоптың лауазымдарын өртке қарсы ерікті құралымдар құрамына кіретін объектінің штаттық қызметкерлері есебінен ауыстыруға болады.

26. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметте объектiнiң өндiрiстiк сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қосып, қызметкерлердi жыл сайын арнайы даярлауды ұйымдастыру көзделедi.

27. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары үшiн белгiленген нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесi

Р/с

Құжаттың атауы

Сақтау орны

1

2

3

Қызметтi ұйымдастыру бойынша

1.

Қызмет кiтабы

Қарауыл бастығы

2.

Кезекшi қарауыл қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерi

Бөлiм бастығы, № 1 папка

3.

Бөлiмше жарағындағы өрт сөндiру автомобильдерiне арналған есептің табелi

1 папка, стенд

4.

Қарауылдарға қызметкерлердi бекiту туралы бөлiм бастығының бұйрығы

Бөлiм бастығы, № 1 папка

5.

Қызметкерлердiң мекенжайлары мен телефондарының тiзбесi

2 папка

6.

Телефон анықтамалығы, ОӨБП (КҚЖБО), бөлiмшелердiң, гарнизонның лауазымды адамдары радиостанцияларының шақырулары

1, 2 папка

Даярлауды ұйымдастыру бойынша

7.

Жеке құрамды кәсiптік даярлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi бұйрық (ағымдағы жылға)

Бөлiм бастығы

8.

Өрт сөндiрушi, жүргiзушi және радиотелефонист лауазымдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердiң алғашқы даярлықтан өтуі туралы сертификаттар (көшірмелер), олардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оны өткiзу құжаттары

Бөлiм бастығы

9.

Арнайы даярлықтан және тағыламдамадан өткеннен кейiн дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрық

Бөлiм бастығы

10.

Өрт сөндiрушiлердi, жүргiзушiлердi және радиотелефонистердi кезекті даярлау жөнiндегi тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестелерi

Бөлiм бастығы

11.

Объектiлердi жедел тактикалық зерделеудің, өрт-тактикалық сабақтар өткiзудің жоспар-кестесi (күндiзгi және түнгi уақытта)

1 папка

12.

Жеке құрамды ТКОЖҚҚ түтiн камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесi

Бөлiм бастығы, № 1 папка

Өрт сөндiрудi ұйымдастыру бойынша

13.

Бөлiмшелердiң шығу кестесi (үзiндi) немесе «Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары»

Бөлiмнiң байланыс пунктi

14.

Бөлiмшелердiң орнатылған су көздерiне, өрт шығу, жарылу қаупi бар объектiлерге, ҚӘУЗ объектiлерiне, адамдар жаппай болатын объектiлерге және басқа да маңызды объектiлерге шығу ауданының жоспар-картасы

Бөлiмнiң байланыс пунктi

15.

Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiнiң, ҚР ТЖМ аумақтық бөлiмшелерiнiң телефон анықтамалығы

2 папка

16.

Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiмен, ҚР ТЖМ аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау нұсқаулықтары

1, № 2 папка

17.

Өрт сөндiрудiң жедел жоспарлары мен карточкаларының тiзiмi

Бөлiмнiң байланыс пунктi, № 2 папка

18.

Өрт сөнд i руд i ң жедел жоспарлары мен карточкалары

Бөлiмнiң байланыс пункті

19.

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң өртке шығу жолдамалары

Бөлiмнiң байланыс пункті

20.

Бөлiмнiң байланыс пунктiнiң журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

21.

Саптық жазба журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

22.

Кiрiс телефонограммаларының журналы

Бөлiмнiң байланыс пункті

Газ-түтiннен қорғау қызметi бойынша (болған жағдайда)

23.

Газ-түт i ннен қорғаушының жеке карточкасы

Қарауыл бастығы

24.

Газ-түтiннен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекiту (қайта бекiту) туралы бұйрық

1 папка

25.

Қызметкерлердi қауiпсiздiк бекетiнде дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрықтан үзiндi

1 папка

26.

ГТҚҚ бекетiндегi ГТҚҚ мүлкiнiң тiзiмi (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративтi патрондар, ТОЖҚҚ)

ГТҚҚ бекетi

27.

ГТҚҚ бекетiнде жұмыс iстеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезiндегi қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқаулық

ГТҚҚ бекетi

28.

ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт

ГТҚҚ бекетi (папкада)

29.

ТОЖҚҚ № 1 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

30.

ТОЖҚҚ № 2 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

31.

ГТҚҚ жұмыс iстеушi буындарды есепке алу журналы

Есептоптағы әрбiр негiзгi автомобильге – 1

Қауiпсiздiк техникасы бойынша

32.

Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық журналы

Бөлiм бастығы

Өрт сөндiру техникасы бойынша

33.

Өрт сөндiру машиналарына жүргiзушiлер құрамын бекiту туралы бұйрықтан үзiндi

1 папка

34.

Өрт сөндiру машиналарына ТҚК кестесi, өрт сөндiру автомобильдерiне ТҚК жүргiзудiң жоспар-картасы

Бөлiм бастығы, № 1 папка, стенд

35.

Өрт сөнд i ру автомобильдер i н қабылдау-тапсыру журналы

Қарауыл бастығы

Өрт-техникалық жарақ бойынша

36.

Өрт-техникалық жарақты сынау журналы

Қарауыл бастығы

37.

Әрбiр негiзгi және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тiзiмi

Қарауыл бастығы, автокөлiк

38.

Диэлектрлiк құралдарды сынау актiлерi

Қарауыл бастығы

Түтіктік шаруашылық бойынша

39.

Өрт сөндiру түтіктерінің паспорттары

Қарауыл бастығы

40.

Түтіктерді есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

41.

Өрт сөндiру түтіктерін соңғы сынау ведомосі

Бөлiм бастығы, қарауыл бастығы

Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша

42.

Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздер i н тексеру журналы

Қарауыл бастығы

43.

Объектiнiң су көздерiнiң анықтамасы мен планшетi

Есептоптағы әрбiр негiзгi автомобильге

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

ОӨББ – орталық өрт сөндiру байланыс пунктi

КҚЖБО – күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы

ТОЖҚҚ – тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау тәртібі

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны объектінің сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынының қол оқпандарымен бір өрт сөндіру автомобилінің есептобы беретін су шығынына қатынасымен (14 л/с) анықталады. Мәнi 0,5 артық болғанда алынған мәндi ұлғайту жағына қарай және керiсiнше, бiрақ бiр автомобильден кем емес етіп дөңгелектеу қажет.

2. Объектiнің сыртқы өрт сөндiруіне жұмсалатын су шығыны «Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар» 4.01.02-2009 ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес объектiнiң аумағында бiр мезгiлде болатын өрттердiң есептiк санын және сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын қажеттi су шығынын ескере отырып анықталады.

3. Объектiде бiр мезгiлде болатын екi өрт кезiнде сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн екi ғимарат бойынша қабылдануы тиiс.

4. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы өрт сөндiруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтауға және тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ талаптарына сәйкес қабылданады.

5. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупi бар өндiрiстердiң (резервуарлық парктер, сорғымен айдау станцияларының ғимараттары, ағызу-қотару эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғыларда сыртқы өрт сөндiру автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафеттi оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетiлген объектiлерде жолға шығатын техникадан өрттердi сөндiруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндiрiс ғимараты (әкiмшiлiк ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшiн, сондай-ақ «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ 8.6, 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледi.

6. «Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар» 2.11.03-93 ҚНжЕ 8.6, 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндiрiсте сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн ғимараттар (құрылыстар) үшiн «Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар» 4.01.02-2009 ҚР ҚНжЕ 5.2.6-тармағына сәйкес қабылданады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание