Toggle Dropdown
Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қантардағы № 166 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 31.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі;
Toggle Dropdown
2) Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қаңтардағы
№ 166 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
Toggle Dropdown
3. Алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауды жұмыс істеп жүрген адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды білікті мамандары, қажетті аспаптары, жабдығы, функционалдық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған химиялық реактивтері және материалдық-техникалық ресурстары бар, тексерілетін адамдардың жұмысқа (өндірістік практикаға) жарамдылығын бағалау, денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылығын бағалау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
Toggle Dropdown
2. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
6. Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жұмыскерді тексеруді жүзеге асырады және зерттелетін адамды зертханалық зерттеулерге жібереді.
Toggle Dropdown
7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар деректері жұмыскердің орындалатын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.
Toggle Dropdown
8. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері эпидемиологиялық маңызды объектілерге жұмысқа тұратын адамдар үшін жеке медициналық кітапшаға ресімделеді. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
Toggle Dropdown
9. Медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медицина қызметкері денсаулық жағдайларының жұмысты орындауға қажетті талаптарға, оның ішінде оқушылардың оқу орындарында оқуы кезеңінде өндірістік практикада көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны қабылдайды.
Toggle Dropdown
10. Жеке медициналық кітапшаға денсаулық жағдайы туралы қорытындыны медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері жеке медициналық кітапшада міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткені туралы мөрлер мен міндетті медициналық тексеріп-қарауға қатысатын барлық медицина қызметкерлерінің барлық қолдары болған жағдайда қояды.
Toggle Dropdown
3. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
11. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізу мерзімділігі:
Toggle Dropdown
1) жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау – жылына 1 рет;
Toggle Dropdown
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының алдында 1 сағат және 30 минут бұрын.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
Toggle Dropdown
1) алдыңғы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жұмыс берушімен немесе жауапты адаммен бірге өндірістер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тізбесін, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларының тізбесін анықтайды;
Toggle Dropdown
2) міндетті медициналық тексеріп-қараулармен толық қамтуға, сапасына және уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) жұмыскерлердің міндетті медициналық тексеріп-қараулары нәтижелерін қорытындылауға қатысады;
Toggle Dropdown
4) медициналық ұйымның сұрауы бойынша еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
Toggle Dropdown
13. Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
Toggle Dropdown
14. Тиісті аумақтағы және көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы осы адамдар эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін болса, осындай адамдарды жұмыстан шеттетеді.
Toggle Dropdown
15. Медициналық ұйым:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген міндетті медициналық тексеруге жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және күнтізбелік жоспар құрады, онда дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемі, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімі анықталады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;
Toggle Dropdown
2) медициналық ұйымның басшысы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог төраға болуы тиіс дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді. Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен мына медицина қызметкерлері кіреді: терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы.
Toggle Dropdown
Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда басқа мамандар (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) да тартылады;
Toggle Dropdown
3) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен кәсіптік қызметінің сипаттамасымен танысуы тиіс;
Toggle Dropdown
4) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ұсынады;
Toggle Dropdown
5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;
Toggle Dropdown
6) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі.
Toggle Dropdown
Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;
Toggle Dropdown
7) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі;
Toggle Dropdown
Кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытынды медициналық тексеріп-қарау түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып ресімделеді;
Toggle Dropdown
8) зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға қорытынды қолға берілмейді, үш күндік мерзімде жұмыс берушіге жіберіледі, бұл ретте зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бұл туралы хабардар етіледі;
Toggle Dropdown
16. Жұмыс беруші:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингент туралы деректерді алғаннан кейін жұмыскерлер әсерлеріне ұрынатын өндірістер, цехтар, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды, сондай-ақ осы еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, адамдардың аты-жөні жазылған тізімді бір ай мерзім ішінде жасайды;
Toggle Dropdown
2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
3) кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;