«Мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде № 9556 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Энергетикалық ұйымдар басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 331 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7972 тіркелді, 2012 жылғы 10 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінің № 392 (27211); 2012 жылғы 10 қарашадағы, 2012 жылғы 14 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 739-743, 746-751 (27815, 27823) жарияланды).
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңмен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейінгі он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |