• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9665 тіркелді

Редакция 22.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.04.2020 жылғы № 72-НҚ Бұйрығына сәйкес (08.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7372 болып енгізілді, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы № 64 (27136) нөмірінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте (Б.Б. Қанешев):
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарналауға жіберілуін;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 257 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.04.2020 жылғы № 72-НҚ Бұйрығына сәйкес (08.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Өтініш берушінің мәртебесiн растайтын құжаттар:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеке тұлғалар үшін;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;
3) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – жеке кәсіпкерлер үшін;
4) шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.
2. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2020 жылғы № 247-НҚ Бұйрығына сәйкес (09.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауарды көрмелерге (жәрмеңкелерге) шығарғанда, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат рәсімдеу жағдайда, сондай-ақ, егер тауар Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін іске асырылған жағдайда, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген әкелу елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, осы Бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.