• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 85, 1077-құжат) қаулысында өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет:  
аталған қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
9-тармақтың 11) тармақшысын мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді»;
13-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәјртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.
Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.»
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы салыстырмалы кестесі
 

Н ҚА Элемент құрылымы

Қолданыстағы редакция

Болжам редакция сы

Дәйектеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 15 70 «За ң ды т ұ л ғ аларды, филиалдар мен ө кілдіктерді тіркеу м ә селелері бойынша мемлекеттік к ө рсетілетін қ ызметтер стандарттарын бекіту туралы»

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

9-тармақтың

11) тармақшысы

11) орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi шетелдiк жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және тіркеуші органға бередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді;

11) Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді»;



2014 жылдың 2 шілдеде № 225-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды, онда құрылтайшылары шетелдік және (немесе) шетелдік заңды тұлға болып табылғанда уәкілетті өкілмен заңды тұлғаны тіркеуге өтініш беру мүмкіндігі енгізілді.



13. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Министрлікпен белгілеген нысан бойынша электрондық құжатты толтыру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырады.

Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Шетелдік қатысуымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.

Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.

13. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәјртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуы өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдалған көрсетілетін қызметке сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына жолданады.

Порталға жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы есеп – хабарлама жіберіледі.

2014 жылдың 2 шілдеде № 225-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды, онда жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін «электрондық үкімет» веб-портал арқылы арқылы ғана емес, және белгіленген құжаттар тізімін ұсыну арқылы тіркеу органдарына тиісті хабарламамен жүгінумен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаны беру бөлігінде альтернативалар енгізілді.



Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б. Имашев
Түсіндірме жазбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулы жобасына
 

п/п

Түсіндірме жазбасы нда қажет болу мәлімет тізбесі

Мемлекетт ік әзірлеу орган ақпараты



1.

Мемлекетт ік орган- жоба әзірлеуші

Қазақстан Республикасынын Әділет министрлігі

2.

Жобаның қабылдау қажет негіздемесі





2014 жылдың 2 шілдеде № 225-V «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттік басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды, онда енгізілді:

  • Құрылтайшылары шетелдік және (немесе) шетелдік заңды тұлға болып табылғанда уәкілетті өкілмен заңды тұлғаны тіркеуге өтініш беру мүмкіндігі;

  • жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін «электрондық үкімет» веб-портал арқылы арқылы ғана емес, және белгіленген құжаттар тізімін ұсыну арқылы тіркеу органдарына тиісті хабарламамен жүгінумен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарламаны беру бөлігінде альтернативалар енгізу.



3.

Социал-экономикалық болжауы және/немесе жобаны қабылданған жағдайда құқықтық салдары

Жобаны қабылдау социалды-экономикалық және құқықтық келеңсіз жағдайларға апармайды







4.

Жобаны іске асыру салдары бойынша, қаржы шығын ұйғарысы.

Қаулы жобасын ұйғару республикалық бюджеттен қаражат кажеттілігі жоқ



5.

Нақты мақсаттар, қабылдаған жобаның болжау тиімділігі және нәтиженің болжау мерзімдері



Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үрдісінде жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін, сондай-ақ және шетелдіктер үшін әкімшілік кедергілерді алу



6.

Президент және/немесе Үкімет мәлімет актісі, жобада қарастырылып жатқан алдын қабылданған сұрақтар бойынша және олардын өткізілім нәтижесі

жоқ

7.

Заңды жобаға сәйкес кейінгі келтірім қажеттігі

жоқ

8.

Қосымша сараптама нәтижелері ( құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық т.б. ) егерде оны басқа мекемелерге Премьер-Министрдің тапсырмасымен өткізілетін жағдайда

жасалмаған

9.

Басқа мәліметтер

жоқ

10.



Материалдарды ( көшірмелерді ) Үкімет мүшелеріне мобильді құрылғыларға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильды кеңсе» информациялық жүйесі арқылы материалдарды жіберу

рұқсатты



11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Жоба 2014 жылғы «__»_______Әділет министрлігінің www.minjust.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет - порталында орналастырылған (қаулы бөлігі – 37,1 КБ, түсіндірме жазбасы – 64,2 КБ)









Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б. Имашев  
 «___» ___________2014 ж.