• Мое избранное
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасы САПП, 2012 ж., № 52, 707-бап) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өнірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында:
2-тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:  
«өңірлік индустрияландыру картасы – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобаларының тізімін енгізген, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілетін өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы;»;  
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13)-тармақшалармен толықтырылсын:
«11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыру, сонымен қатар өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;
12) келісім – Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімі бойынша жауапты мемлекеттік орган мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдауы шараларды ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін ескеретін шарт;
13) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің, бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.»;
3 - тармақта:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау (бұдан әрі – Комиссия).»;
екінші бөлім алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:  
«3-1. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өңірлік индустрияландыру картасының жобалары бірінші кезең бойынша және салалық сараптаманы өткізуге екінші кезең бойынша іріктеуден өтеді, республикалық индустрияландыру картасының жобалары барлық төрт кезең бойыншан өтеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мынадай:
құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар тек өңірлік индустрияландыру картасына ұсынылады;
құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына ұсынылады;
мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес жасалады.
Сонымен бірге, Осы қағидалардың 56-1-тармағымен ескеретін жағдайларда республикалық индустрияландыру картасына Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес емес салаларда іске асырылатын жобалар енеді.»;
4-2. Республикалық индустрияландыру картасының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.
4-3. Осы қағидалардың 56-1-тармағымен ескеретін жағдайларда 4-тармақтың 1-тармағында көрсетілген жобалар республикалық индустрияландыру картасына енеді. »;
5-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтың 5)-тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сомасы 900 млн. теңгеден бастап жобаларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба жөніндегі ақпарат;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жергілікті уәкілетті орган Ұлттық палатамен, мүдделі жергілікті атқарушы органдар және ұйымдармен бірлесіп өтінім қабылданған сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік сараптама жүргізуге және мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының ұсынылуын пысықтауға кіріседі.»;
мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«21-1. Жергілікті уәкілетті орган өтінімді тіркеу күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жобаларды Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес қарастыру және қорытындыны ұсыну үшін құжаттарды өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
Қорытынды оны өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес қорытындысы ұсыныс сипатында болады.
21-2. Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша құжаттарды жергілікті уәкілетті орган салалық сараптама өткізу үшін салалық мемлекеттік органдарға жібереді.
Салалық сараптаманың қорытындысы ол салалық мемлекеттік органда тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады;
Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша салалық сараптама шешімі ұсыныс сипатында болады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жергілікті уәкілетті орган Ұлттық палатамен бірлесіп өңірлік сараптаманың қорытындысын ресімделген және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын және салалық мемлекеттік органның қорытындысын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеңес отырысына материалдарды шығарады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жергілікті уәкілетті орган кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде республикалық индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамаларының, өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган қорытындысының, кеңес хаттамасының екінші даналарын, одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді. Жобалар бойынша материалдардың көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға да жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу бойынша, және де алып тастау, мемлекеттік қолдау шараларын беру, басты параметрлерді өзгерту бойынша шешім кеңес отырысында қабылданады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Уәкілетті орган жобалар бойынша кеңес ұсынған материалдарды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөледі және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді.»;
46-тармақ алынып тасталсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компанияларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну немесе жобаны республикалық картаға енгізуден бас тарту не жобаны пысықтау үшін қайтару туралы мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.»;
мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
«48-1. Салалық комиссиясының отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар өңірлік индустрияландыру картасына Кеңес шешімі бойынша енгізіледі»
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылатын жобалар бойынша салалық сараптамалар, сонымен қатар жобалардың Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкестігінің сараптамалары алынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган барлық материалдарды жүйелеп, республикалық картаға енгізу туралы ұсыныстары бар жобалардың жалпы жиынтығын жүзеге асырады және штаб отырысында қарайды.»;
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Штаб отырысында барлық жобаларға қорытынды бағалау жүргізіледі, онда қандай да бір жобаның сәтті іске асырылуы үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты жобаны республикалық индустрияландыру картаға енгізу ұсынылады.
53. Бағалау жүргізілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде штаб жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу бойынша ұсынымдар, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келмеген жобаны пысықтау үшін өтініш берушіге қайтару немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 53-1- тармақпен толықтырылсын:
«53-1. Штаб отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар өңірлік индустрияландыру картасына Кеңес шешімі бойынша енгізіледі.»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Республикалық индустрияландыру картасына енгізуге жататын жобаларға жергілікті қамту бойынша сараптама алынғаннан кейін штаб ұсынған жобалардың тізбесін уәкілетті орган Комиссияның таяудағы отырысына қарау үшін енгізеді.»;
6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау»;
56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Комиссияда уәкілетті органның ұсынымы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, көрсету, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картаның жобалары бойынша негізгі өлшемдерін өзгерту бойынша шешім қабылданады.
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
«56-1. Комиссия шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына сомасы 4,5 млрд. теңгеге дейін және/немесе Бағдарлама бойынша басым емес салаларда іске асырылатын жобалар ене алады.»;
57. Комиссия шешімі осы қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді, ол республикалық индустрияландыру картаны өзектілендіру және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін негіз болады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін негіз болады.»;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
«57-1. Комиссия, жобыны іске асыруға, өтініш берушімен бірлесіп келісім жобасын дайындауға жауапты мемлекеттік органды анықтайды.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Республикалық индустрияландыру картасына жобалар өтінімдердің түсіміне және олардың сәйкес талқылауына қарай жылына бір реттен сирек емес өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 58-1 тармақпен толықтырылсын:
«58-1. Өңірлік индустрияландыру картасына жобалар жарты жылдықта бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша тиісінше облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.»;
59 және 60-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
2014 ж. «___»__________
Қазақстан Республикасының
№ ___ қаулысына
1-қосымша
Жобаларды республикалық және
өңірлік индустрияландыру карталарына
енгізу қағидаларына
6-қосымша
Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау қорытындылары туралы өңірлік (облыстың, Алматы немесе Астана қаласының) үйлестіру кеңесінің хаттамасы  
  _____ қ. № ____ 20__жылғы «___» ______  
Төрағалық етті: Толық лауазымы, Т.А.Ә
Қатысқандар: Кеңес мүшелері
  (тізім бойынша)
Хатшы: Лауазымы толық, Т.А.Ә.
  Кеңес отырысында _____ жоба қаралды және мынадай шешім қабылданды:
Құны 4,5 млрд. теңгеге  дейінгі жобалар бойынша:
  өңірлік индустрияландыру картасына _____ жоба ұсынылсын:
 

Жобаның атауы

Жобаның бастамашысы

1.





2.





3.





4.









Құны 4,5 млрд. теңгеден  басталатын жобалар бойынша:
  республикалық индустрияландыру картасына __ жоба ұсынылсын:
 

Жобаның атауы

Жобаның бастамашысы

1.





2.





3.





4.









  ___жобадан бас тартылсын/пысықтауға қайтарылсын:
 

Жобаның атауы

( бас тарту / пысықтауға қайтару *)

Жобаның бастамашысы

( себебі* )

1.





2.





3.





4.









*Ескертпе: жобадан бас тарту немесе пысықтауға қайтару әрбір жобаның атауында көрсетіліп, себебі жобаның әрбір бастамашының тұсында көрсетіледі.
Осы хаттамаға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қамтамасыз етілсін.
Өңірлік (облыстың, Алматы  
немесе Астана қалаларының)  
үйлестіру кеңесінің төрағасы Т.А.Ә.
Кеңес мүшелері Т.А.Ә.
……………………………… ……………..
Хатшы Т.А.Ә.
 ______________________________
Жобаларды республикалық және
өңірлік индустрияландыру карталарына
енгізу қағидаларына
8-қосымша
Республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру қорытындылары бойынша Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиясының хаттамасы  
 Астана қ. № 20__ жылғы «___»_______
Төрағалық етті: Толық лауазымы, Т.А.Ә
Қатысқандар: Комиссия мүшелері
  (тізім бойынша)
Хатшы: Лауазымы толық, Т.А.Ә.
   Комиссияның отырысында ___ жоба қарастырылды, және келесі шешім қабылданды:
Республикалық индустрияландыру картасыны өзектілендіру бойынша штабтың ұсынымы келісілсін.
Уәкілетті орган республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіруді қарастыратын Үкімет қаулысының жобасын әзірлесін және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін.
Мемлекеттік органдар уәкілетті орган әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіпте келісімдесін.
(мемлекеттік органның атауы)   жобаның бастамашысымен бірлесіп кейіннен оған қол қоя отырып келісім жобасын әзірлесін.
Комиссия төрағасы Т.А.Ә.
Комиссия мүшелері Т.А.Ә.
……………………………… ……………..
Хатшы Т.А.Ә.  
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
 

№п/п

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме



2-тармақтың 4)-тармақша

4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі

4) өңірлік индустрияландыру картасы – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобаларының тізімін енгізген, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілетін өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы

Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары Өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайтын болады.

Әкімдіктер өңірлік Индустрияландыру карталарына жобаларды енгізу, алып тастау, сондай-ақ өңірлік жобалар бойынша өлшемдерді өзгерту (пайдалануға енгізу, жобалық қуатқа шығу мерзімдерін ауыстыру, жобалық қуаттарын өзгерту) жөнінде өз еркімен шешім қабылдайтын болады.

Кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жағдайлар жасауды, кәсіпкерлік субъектілері, олардың қауымдастықтарының мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында өңірлік индустрияландыру картасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша ұйымдастырады.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмасымен келісілді.

2.

2-тармақтың 11)-тармақша

Жоқ

11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыру, сонымен қатар өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган.

Индустрияландыру картасы жобаларына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мақсатында жобаның іске асырылуына және келісім жасасуға жауапты болатын жауапты мемлекеттік органның анықтамасы енгізіліп отыр.

Индустрияландыру картасының жобаларға жеке тәртібінде мемлекеттік қолдауы шараларды ұсынуды мақсатында жобаны іске асыру, және келісім жасасуға жауапты мемлекеттік органның анықтама енгізеді.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 14 сәурдегі № 17-5/07-305 (1.2-т.) және 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмалармен келісілді.

3.

2- тармақтың 12)-тармақша

Жоқ

12) келісім – Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімі бойынша жауапты мемлекеттік орган мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдауы шараларды ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін ескеретін шарт.

Индустрияландыру картасы жобаларының күрделілігі мен ауқымдылығы мемлекеттік қолдау шараларының келісім жасау арқылы дара түрде ұсынылуын талап етеді .

Соған байланысты Қағидаларды « келісім» анықтамасымен толықтыру ұсынылады.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 14 сәурдегі № 17-5/07-305 (1.2-т.) және 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмалармен келісілді.

4.

2-тармақтың 13)-тармақша

Жоқ

13) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің, бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.

Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары Өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайтын болады , олар бойынша іріктеуді және мониторингті өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

Бұл тәсілдері 2014 жылғы 14 сәурдегі ҚР Премьер-Министрі № 17-5/07-305 (1.2-т.) тапсырманы орындау шеңберінде енгізілді және ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмасымен келісілді.

5.

3-тармақтың 4)-тармақша

4) төртінші кезең – жобаларды экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарау.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бастамашы болған трансөңірлік (екі және одан астам әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында іске асырылатын) инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ қаржыландырылуы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын жобалар екінші кезеңнен бастап қаралады.



4) төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау (бұдан әрі – Комиссия)

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға шоғырланады.

Осыған байланысты, Қағидаларда Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияны Индустрияландыру картасына өзектілендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырушы консультативтік-кеңесші орган ретінде анықтау ұсынылады.

6.

3-1-тармақ

Жоқ

3-1. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өңірлік индустрияландыру картасының жобалары бірінші кезең бойынша және салалық сараптаманы өткізуге екінші кезең бойынша іріктеуден өтеді, республикалық индустрияландыру картасының жобалары барлық төрт кезең бойыншан өтеді.

Жаңа әдістемелерге сәйкес Индустрияландыру картасына мемлекеттік қолдауды қажет ететін өңдеуші өнеркәсіптегі ірі жобалар енгізілетін болады. Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары Өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайтын болады , олар бойынша іріктеуді және мониторингті өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

Осылайша, Үкімет ірі жүйе құраушы жобаларға күш-жігерін бөледі, өңірлік деңгейдегі жобалар бойынша уәкілеттіліктер Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктеріне беріледі.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 14 сәурдегі № 17-5/07-305 (1.2-т.) және 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмалармен келісілді.

7.

4-тармақ

4.Мынадай:

1) құны 750 млн. теңгеге дейін жобалар, тек өңірлік индустрияландыру картасына қосылады;

2) құны 750 млн. теңгеден 7 500 млн. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік индустрияландыру картасына ұсынылады;

3) құны 7 500 млн. теңгеден астам жобалар республикалық индустрияландыру картасына ұсынылады;



Мынадай :

    1. құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар тек өңірлік индустрияландыру картасына ұсынылады ;

    2. құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына ұсынылады ;

    3. мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілмейді .

    Негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамыту болып табылатын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде сомасы 4,5 млрд. теңгеге дейінгі тек шағын және орта бизнес жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетеде.

    Сонымен бірге, «Қазақстан даму банкі» АҚ құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын ірі индустриялдық жобаларды қаржыландыратын негізгі даму институты болып табылады.

    Осыған байланысты, құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізілетін болады, құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар тек өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілетін болады.

    Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 14 сәурдегі № 17-5/07-305 (1.2-т.) және 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмалармен келісілді.

    8.

    4-1-тармақ

    Жоқ

    4-1. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес жасалады.

    Сонымен бірге, Осы қағидалардың 56-1-тармағымен ескеретін жағдайларда республикалық индустрияландыру картасына Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес емес салаларда іске асырылатын жобалар енеді.

    Индустрияландыру картасы Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құралдарының бірі болып табылады.

    Осыған байланысты, Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу қолданыстағы

    индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдылықтарына сәйкес жүргізіледі.

    Бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес келмейтін, бірақ әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды енгізу үшін Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына енгізеді.

    9.

    4-2-тармақ

    Жоқ

    4-2. Республикалық индустрияландыру картасының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.



    Объектілерді оңтайлы орналастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын өзектендіру туралы 17.04.2014 ж. № 17-5/07-301 (1.2-т.) тапсырмасына сәйкес.

    10.

    4-3 тармақ

    Жоқ

    4-3. Осы қағидалардың 56-1-тармағымен ескеретін жағдайларда 4-тармақтың 1-тармағында көрсетілген жобалар республикалық индустрияландыру картасына енеді.



    Бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес келмейтін, бірақ әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды енгізу үшін Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына енгізеді.



    5-тармақ

    5. 4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жобалар осы Қағидалардың 46, 53-тармақтарында көзделген жағдайларда республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілуі мүмкін.



    Алып тасталсын



    Қағидалар жаңа 3-1-тармағымен толықтырылады , оған сәйкес өңірлік карта жобалары бірінші саты бойынша, Республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша іріктеуден өтеді .

    11.

    7-тармақтың 5)-тармақша

    5) құны 750 млн. теңгеден асатын жобалар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба жөніндегі ақпарат.



    5) сомасы 900 млн. теңгеден бастап жобаларға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба жөніндегі ақпарат.

    Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаның жеткілікті деңгейде пысықталғандығын қарастыру мақсатында жобаның өтініш берушілері іске асырылатын жоба туралы толық ақпарат ұсынулары тиіс.

    12 .

    11-тармақ

    11. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптама жүргізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтінім қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының ұсынылуын пысықтауға кіріседі.

    11. Жергілікті уәкілетті орган Ұлттық палатамен, мүдделі жергілікті атқарушы органдар және ұйымдармен бірлесіп өтінім қабылданған сәттен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік сараптама жүргізуге және мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларының ұсынылуын пысықтауға кіріседі .

    Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары Өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарының негізін құрайтын болады , олар бойынша іріктеуді және мониторингті өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

    Бұл тәсілдер ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 14 сәурдегі № 17-5/07-305 (1.2-т.) тапсырмасын орындау шеңберінде енгізілді және 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмамен келісілді.

    13 .

    21-1-тармақ

    Жоқ

    21-1. Жергілікті уәкілетті орган өтінімді тіркеу күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жобаларды Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес қарастыру және қорытындыны ұсыну үшін құжаттарды өңірлік даму саласындағы уәкілетті органға жолдайды .

    Қорытынды оны өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен тіркелген сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес қорытындысы ұсыныс сипатында болады.

    Объектілерді оңтайлы орналастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын өзектендіру туралы 17.04.2014 ж. № 17-5/07-301 (1.2-т.) тапсырмасына сәйкес.

    14 .

    21-2-тармақ

    Жоқ

    21-2. Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша құжаттарды жергілікті уәкілетті орган салалық сараптама өткізу үшін салалық мемлекеттік органдарға жібереді.

    Салалық сараптаманың қорытындысы ол салалық мемлекеттік органда тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күн ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады;

    Құны 0,9-дан 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша салалық сараптама шешімі ұсыныс сипатында болады.

    Өңірлік индустрияландыру картасының жобалары Бағадрламаның басымдылықтарына сәйкес іріктелуі тиіс.

    Осылайша, Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін жобалардың мұқият іріктелуін қамтамасыз ету мақсатында салалық сараптама жүргізу қажет.

    15.

    22-тармақ

    22. Жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманың қорытындысын ресімдеген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеңес отырысында қарау үшін өңірлік сараптамалар жүргізілген жобаларды шығарады.



    22.Жергілікті уәкілетті орган Ұлттық палатамен бірлесіп өңірлік сараптаманың қорытындысын ресімделген және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын және салалық мемлекеттік органның қорытындысын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеңес отырысына материалдарды шығарады.



    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес өңірлік карта жобалары бірінші саты бойынша, Республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша іріктеуден өтеді.

    Өңірлік деңгейі жобаларды индустрияландыру картасының жобаларды іріктеуді тікелей аймақтарында өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

    Бұл тәсілдері 2014 жылғы 14 сәурдегі ҚР Премьер-Министрі № 17-5/07-305 (1.2-т.) тапсырманы орындау шеңберінде енгізілді және ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмасымен келісілді.

    16.

    28-тармақ

    28. Жергілікті уәкілетті орган кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамалар мен кеңес хаттамасының екінші даналарын одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді. Жобалар бойынша материалдардың көшірмелеріде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.



    28. Жергілікті уәкілетті орган кеңес отырысы өткізілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде республикалық индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамаларының, өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган қорытындысының, кеңес хаттамасының екінші даналарын, одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді. Жобалар бойынша материалдардың көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға да жіберіледі .



    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес Республикалық карта жобалары барлық төрт саты бойынша іріктеуден өтеді.

    Объектілерді оңтайлы орналастыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын өзектендіру туралы 17.04.2014 ж. № 17-5/07-301 (1.2-т.) тапсырмасына сәйкес .

    17

    28-1-тармақ

    Жоқ

    28-1. Өңірлік индустрияландыру картасына енгізу бойынша, және де алып тастау, мемлекеттік қолдау шараларын беру, басты параметрлерді өзгерту бойынша шешім кеңес отырысында қабылданады.

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес өңірлік картаның жобалары бірінші саты бойынша іріктеуден өтеді – жобаларды жергілікті денейінде қарастыру.

    18.

    29-тармақ

    29. Уәкілетті орган құны 750 млн.теңгеден астам жобалар бойынша кеңес ұсынған материалдарды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөледі және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді, ал құны 750 млн. тегеден кем жобалар штабтың жақын арадағы отырысында қаралады.

    29. Уәкілетті орган жобалар бойынша кеңес ұсынған материалдарды алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөледі және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді.

    Қағидалар 4-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылады.

    Осылайша, салалық сараптама республикалық картаға енгізу үшін облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен ұсынылатын барлық жобаларға жүргізіледі.

    19.

    46-тармақ

    46. Салалық комиссия осы немесе өзге де жобаларды табысты іске асыру үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына жобаларды енгізуге ұсыныс жасауы мүмкін.

    Алып тасталсын

    Тармақтардың (46 және 48) қосарлануын болдырмау мақсатында.

    20.

    48-тармақ

    48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компанияларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.



    48. Салалық комиссия отырысында жобалар және ұлттық компанияларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына ұсыну немесе жобаны республикалық картаға енгізуден бас тарту не жобаны пысықтау үшін қайтару туралы мәселесі бойынша алқалық шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.



    Қағидалар 21-2-тармағымен толықтырылды, оған сәйкес бірінші кезенде құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар салалық сарапаттама өткізу үшін салалық мемлекеттік органға жіберіледі.

    Сонымен бірге, 29-тармаққа өгерістер енгізілуін ескере отырып, салалақ сараптама облыс, Алматы және Астана әкімдіктерімен республикалық картаға енгізу үшін ұсынылған барлық жобалар бойынша өткізіледі.

    Осылайша, салалық комиссия жобаны республикалық және/немесе өңірлік индустрияландыру карталарына енгізуді не республикалық картаға енгізуден бас тартуды немесе жобаны пысықтау үшін кері қайтаруды ұсынады.



    48-1-тармақ

    Жоқ

    48-1. Салалық комиссиясының отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар өңірлік индустрияландыру картасына Кеңес шешімі бойынша енгізіледі.



    Қағидалар 48-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес салалық комиссия отырысында жобаларды республикалық картаға енгізу, соның ішінде бас тарту бойынша ұсыныс туралы хаттамалық шешім қабылданады.

    Бұл орайда салалық комиссия отырысында бас тартылған жобалар бірінші саты бойынша ірікеуден өтеді және өңірлік үйлестіру кеңесінің қайталанған шешімі бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енгізіледі.

    21.

    50-тармақ

    50. Индустрияландырудың республикалық картасына енгізу үшін ұсынылатын жобалар бойынша салалық сараптама алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган барлық материалдарды жүйелеп, республикалық және өңірлік карталарға енгізу туралы ұсыныстары бар жобалардың жалпы жиынтығын жүзеге асырады және штаб отырысында қарайды.



    50. Республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылатын жобалар бойынша салалық сараптамалар, сонымен қатар жобалардың Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкестігінің сараптамалары алынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган барлық материалдарды жүйелеп, республикалық картаға енгізу туралы ұсыныстары бар жобалардың жалпы жиынтығын жүзеге асырады және штаб отырысында қарайды.

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша, өңірлік карта жобалары – бір саты бойынша іріктеуден өтеді.

    22.

    52-тармақ

    52. Штаб отырысында барлық жобаларға қорытынды бағалау жүргізіледі, онда қандай да бір жобаның сәтті іске асырылуы үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты жобаны республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу ұсынылады.

    52. Штаб отырысында барлық жобаларға қорытынды бағалау жүргізіледі, онда қандай да бір жобаның сәтті іске асырылуы үшін тиісті шешімдерді қабылдаудың қажетті деңгейіне байланысты жобаны республикалық индустрияландыру картаға енгізу ұсынылады.

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша, өңірлік карта жобалары – бір саты бойынша іріктеуден өтеді.

    23.

    53-тармақ

    53. Бағалау жүргізілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде штаб жобаларды өңірлік/республикалық карталарға енгізу бойынша ұсынымдар, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келмеген және олар төмен деңгейде пысықталған жағдайларда жобаны пысықтау үшін өтініш берушіге қайтару немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

    53. Бағалау жүргізілген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде штаб жобаларды республикалық индустрияландыру картасына енгізу бойынша ұсынымдар, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес келмеген жобаны пысықтау үшін өтініш берушіге қайтару немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша, өңірлік карта жобалары – бір саты бойынша іріктеуден өтеді.

    24.

    53-1-тармақ

    Жо қ

    53-1. Штаб отырысында республикалық индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар өңірлік индустрияландыру картасына Кеңес шешімі бойынша енгізіледі.



    Қағидалар 53-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес штаб отырысында жобаларды республикалық картаға енгізу, соның ішінде бас тарту бойынша ұсыныс туралы хаттамалық шешім қабылданады.

    Бұл орайда штаб отырысында бас тартылған жобалар бірінші саты бойынша ірікеуден өтеді және өңірлік үйлестіру кеңесінің қайталанған шешімі бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енгізіледі.

    25.

    55-тармақ

    55. Республикалық индустрияландыру картасына енгізуге жататын жобаларға жергілікті қамту бойынша сараптама алынғаннан кейін штаб ұсынған жобалардың тізбесін уәкілетті орган Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) таяудағы отырысына қарау үшін енгізеді.



    55. Республикалық индустрияландыру картасына енгізуге жататын жобаларға жергілікті қамту бойынша сараптама алынғаннан кейін штаб ұсынған жобалардың тізбесін уәкілетті орган Комиссияның таяудағы отырысына қарау үшін енгізеді .

    Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға шоғырланады.

    Осыған байланысты, Қағидаларда Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияны Индустрияландыру картасына өзектілендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырушы консультативтік-кеңесші орган ретінде анықтау ұсынылады.

    26.

    Заголовок раздела 6

    6. Жобаларды экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарау 6. Жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау

    Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға шоғырланады.

    Осыған байланысты, Қағидаларда Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияны Индустрияландыру картасына өзектілендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырушы консультативтік-кеңесші орган ретінде анықтау ұсынылады.

    27.

    56-тармақ

    56. Комиссияда уәкілетті органның ұсынымы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, көрсету, сондай-ақ республикалық және өңірлік карталардың жобалары бойынша негізгі өлшемдерін өзгерту бойынша шешім қабылданады.

    56. Комиссияда уәкілетті органның ұсынымы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, көрсету, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картаның жобалары бойынша негізгі өлшемдерін өзгерту бойынша шешім қабылданады .

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша, өңірлік жобалар бірінші кезең бойынша іріктеуден өтеді.





    56-1-тармақ

    Жоқ

    56-1. Комиссия шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына сомасы 4,5 млрд. теңгеге дейін және/немесе Бағдарлама бойынша басым емес салаларда іске асырылатын жобалар ене алады.

    Құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі және/немесе Бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес келмейтін, бірақ әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды енгізу үшін Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның шешімі бойынша республикалық индустрияландыру картасына енгізеді.

    28.

    57-тармақ

    57. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, ол республикалық және өңірлік карталарды өзектілендіру және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін негіз болады.

    57. Комиссия шешімі осы қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді, ол республикалық индустрияландыру картаны өзектілендіру және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін негіз болады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін негіз болады .

    Қағидалар 3-1-тармағымен толықтырылады, оған сәйкес республикалық карта жобалары-барлық төрт саты бойынша, өңірлік жобалар бірінші кезең бойынша іріктеуден өтеді.

    Республикалық индустрияландыру картаны өзектілендіру Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның хаттамасы негізінде жүзеге асады.

    Бұдан әрі тиянақтау мақсатында Индустрияландыру картасын өзектілендіру бойынша Комиссия хаттамасының нысаны дайындалды.

    29 .

    57-1-тармақ

    Жоқ

    57-1. Комиссия, жобыны іске асыруға, өтініш берушімен бірлесіп келісім жобасын дайындауға жауапты мемлекеттік органды анықтайды.

    Индустрияландыру картасы жобаларының күрделілігі мен ауқымдылығы мемлекеттік қолдау шараларының келісім жасау арқылы дара түрде ұсынылуын талап етеді .

    Бұл ұсыныс ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырмасымен келісілді.

    30.

    58-тармақ

    58. Жобалар жарты жылда бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша республикалық немесе өңірлік индустрияландыру картасына тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.



    58. Республикалық индустрияландыру картасына жобалар өтінімдердің түсіміне және олардың сәйкес талқылауына қарай жылына бір реттен сирек емес өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі

    Республикалық индустрияландыру картасына ұлттық деңгейдегі жобалар енеді, олар бойынша келісімдер жасалатын болады.

    Сөйтіп, республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру өтінімдердің түсуіне және олардың тиісінше қарастырылуына қарай жылына ең кемінде бір рет өткізілетін болады.

    31.

    58-1-тармақ

    Жоқ

    58-1. Өңірлік индустрияландыру картасына жобалар жарты жылдықта бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша тиісінше облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі.

    Өңірлік индустрияландыру карталары жобалары тек бірінші кезең бойынша іріктеуден өтетіндігін ескеріп және өңірлік индустрияландыру карталары жобаларын өзектілендіру мерзімдерін айқындау мақсатында.

    32.

    59-тармақ

    59. Картаны бірінші жартыжылдықта өзектілендіру ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі, мұнда 1 наурызды қоса алғанда түскен жобалар қаралады.

    Алып тасталсын

    Қағидалардың 58-тармағына өзгертулер енгізілуіне және 58-1-тармақпен толықтырылуына байланысты.

    33.

    60-тармақ

    60. Картаны екінші жартыжылдықта өзектілендіру ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі, мұнда 1 қыркүйекті қоса алғанда түскен жобалар қаралады.

    Алып тасталсын

    Қағидалардың 58-тармағына өзгертулер енгізілуіне және 58-1-тармақпен толықтырылуына байланысты.

    34.

    6 қосымша

    1. Құны 750 млн. теңгеге дейінгі жобалар бойынша:



    1. Құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша:

    Қағидалар 4-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылады.

    35.

    6 қосымша

    1. Құны 750 млн. теңгеден басталатын жобалар бойынша:

    2) индустрияландыру картасына _____ жобаны енгізуді ұсынылсын:

    Жобаның атауы

    Жобаның бастамашысы

    Жобаның алдын ала мәртебесі

    1.





    өңірлік

    2.





    республикалық

    3.











    1. Құны 4,5 мл рд . теңгеден басталатын жобалар бойынша:

    2) республикалық индустрияландыру картасына _____ жобаны енгізуді ұсынылсын::

    Жобаның атауы

    Жобаның бастамашысы

    1.





    2.





    3.

















    Қағидалар 4-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылады.

    36.

    8 қосымша

    Жоқ

    Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларына 8- қосымша









    Республикалық индустрияландыру картасыны өзектілендіру қорытындылары бойынша Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиясының хаттамасы





    Астана қ. № 20__ жылғы «___»_____









    Төрағалық етті:

    Толық лауазымы, Т.А.Ә.





    Қатысқандар: Кеңес мүшелері

    (тізім бойынша)





    Хатшы: Лауазымы толық, Т.А.Ә.









    Комиссияның отырысында ___ жоба қарастырылды, және келесі шешім қабылданды:

    1. Республикалық индустрияландыру картасыны өзектілендіру бойынша штабтың ұсынымы келісілсін.

    2. Уәкілетті орган республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіруді қарастыратын Үкімет қаулысының жобасын әзірлесін және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін.

    3. Мемлекеттік органдар уәкілетті орган әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіпте келісімдесін.

    4. (мемлекеттік органның атауы) жобаның бастамашысымен бірлесіп кейіннен оған қол отырып келісім жобасын әзірлесін.





    Комиссия төрағасы Т.А.Ә.





    Комиссия мүшелері Т.А.Ә.





    ………………………………..





    Хатшы Т.А.Ә.







    Республикалық индустрияландыру картасы жобалары өнеркәсіптің басым салаларын дамытуға бағытталатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу бойынша функциялар Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиямен жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б. Жақсалиев
    «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
     

    п/п

    Перечень сведений, которые должны быть отражены в пояснительной записке

    Информация государственного органа-разработчика

    1.

    Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

    Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

    2.

    Жобаны қабылдау қажеттігің негіздеу

    2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы №17-5/07-359 хаттамасының 1.2-тармағыны, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Масимовтың 2014 жылғы 24 маусымдағы № 17-5/07-359 (1.2-т.) тапсырманы орындау үшін

    3.

    Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

    Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді

    4.

    Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

    Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді

    5.

    Жобаны қабылдаған жағдайда, күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

    Индустрияландыру картасы бойынша жаңа тәсілдерді қабылдау мақсатында

    6.

    Жобада қаралатын мәселелер жөнінде бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері қабылданғаны және оны әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

    Жоқ

    7.

    Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

    Талап етілмейді

    8.

    Премьер - Министрдің тапсырмасы бойынша басқадай ұйымдарда оны жүргізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқалардың) нәтижесі

    Өткізілген жоқ

    9.

    Өзге де мәліметтер

    Жоқ

    10.

    Материалдарды (үзiндi көшiрмелердi) Үкiмет мүшелерiнiң мобильдiк құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мобильдiк кеңсесi" ақпараттық жүйесi арқылы беруге рұқсат етiледi

    Рұқсат етіледі

    11.

    Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

    Рұқсат етіледі, қаулы жобасы www.mint.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

    Қаулы жобасы – 140 Кбайт

    Түсіндірме жазба – 91 Кбайт

    12.

    Мемлекеттік органның интернет- ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналыстыру туралы ақпарат (баспасөз релізінің атауы, күні)

    Қаулы жобасы әлеуметтік мәні бар емес

    Бірінші вице-министр А. Рау
     2014 жылғы «___» __________