• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысы

Осы редакция 05.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 188-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат);
2) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 қаулысының 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 270-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1223 қаулысымен
 бекітілген
Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңына және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) Стратегиялық объектiлер жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер бойынша консультативтік-кеңесші орган;
2) уәкілетті орган – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік орган;
3) стратегиялық объект иесі – стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға ниеттенген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
4) кепіл ұстаушы – мүддесі кепілге салынған мүлкімен қамтамасыз етілетін тұлға;