• My favorites
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
The document is shown in demo mode! Price: 240 tenge/year
Warning! Old document redaction See current redaction

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Comment
  • Add bookmark
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Paragraph redactions(beta)

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы

Осы редакция 05.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2009. № 237 Қаулысымен (26.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);
2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2006 жылғы 14 наурыздағы
 N 155 қаулысымен
 бекiтiлген
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.09.2007. № 854, 16.05.2008 № 458 Қаулыларымен (13.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында: 
мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет: 
1) бiрыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет; 
2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесi арқылы қайта айдау; 
3) мұнайды темiр жол цистерналарынан құйып алу; 
4) мұнайды темiр жол цистерналарына құю; 
5) мұнайды танкерлерге құю; 
6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу; 
7) мұнайды автоцистерналарға құю; 
8) мұнайды сақтау; 
9) мұнайды ауыстырып құю; 
10) мұнайды араластыру.
2. Тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ  құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелерi арқылы тасымалдау,  топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикi газды  жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында:
1) тауарлық газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;
2) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау;