• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығына 4-қосымша

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы (белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалорий және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде):
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдайды;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде қарар жазады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды және оған құжаттарды тапсырады;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 9 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оны басқарма басшысының қарауына енгізеді;
5-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына жібереді;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға кеңсесінің маманына тапсырады;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол, электронды түрде не пошта арқылы береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы (өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде):
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
3-рәсім – жауапты орындаушы 10 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар тиістілігі нысанына қарап шығады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауына енгізеді;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің маманына жібереді;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электронды түрде не пошта арқылы жібереді.
7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет ететін, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалорий және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада көрсетілген.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет ететін, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі сипаттамасы
9. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалорий және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;