• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығына 5-қосымша

«Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау парағы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күннің ішінде аттестаттауға жататын тұлғалар тізімін, аттестаттау комисиясының мерзімдері мен құрамы бекітілетін бұйрықты шығарады, сондай-ақ қарар жазады және бұйрықты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының басшысы аттестаттауға жататын бұйрық тізімінде бекітілген басшылар мен мамандарға аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей жазбаша хабарлайды;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 2 жұмыс күнінің ішінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен немесе қағаз тасығышта тестілеуді өткізеді;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде аттестатталушыға тестілеу нәтижелерін береді;
6-рәсім – аттестаттау комисиясы ұсынылған материалдарды зерттеп, 2 жұмыс күнінің ішінде әңгімелеу өткізеді және хаттамамен рәсімделетін шешімді қабылдайды;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қол қоюына енгізеді;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет ететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
3) аттестаттау комиссиясы;