• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ьаккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығына 6-қосымша

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ьаккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік, не «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-ІV Заңының 14-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша қағаз нысандағы немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 сағат ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
1-шарт – 3 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін толықтық нысанына қарау;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 жұмыс күнінің ішінде құжаттар пакетін толық ұсынбауына байланысты өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындайды;
5-рәсім – ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайында, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы (комиссия хатшысы) отырысқа дейінгі 5 жұмыс күні ішінде комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылған материалдарды (құжаттарды) танысуға жеткізеді;
6-рәсім – комиссия ұсынылған материалдарды қарап, 1 жұмыс күнінің ішінде отырыс хаттамасымен ресімделетін шешімді қабылдайды;
2-шарт – ҚРҮ 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысының Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу қағидаларының 12-тармағына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы негізінде кері шешімді қабылдау;
7-рәсім – жауапты орындаушы (комиссия хатшысы) 5 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды;
3-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде оң шешімді қабылдау;
8-рәсім – жауапты орындаушы (комиссия хатшысы) 5 жұмыс күнінің ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу туралы куәлікті дайындайды және басқарма басшысының қол қоюына жібереді;
9-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызмет басшылығының қол қоюына тапсырады;
10-рәсім – басшылық 15 минут ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу туралы куәлікке қол қояды және жауапты орындаушы (комиссия хатшысы) оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минуттан кешіктірмей энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет ететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.