• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8913 тіркелді

Осы редакция 24.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 19 шілдеде № 6339 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) «Егемен Қазақстан»; 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 8 қазанда № 7987 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 722-726 (27798) «Егемен Қазақстан»; 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2013 жылғы 30 қазандағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімі мен тәртібі белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, жартыжылдық есептілікті жасайды.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның, төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.
4. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:
есепті кезеңдегі барлық операциялардың толықтығы және дұрыстығы;
есепті кезеңге кірістер мен шығыстарды жатқызу дұрыстығы;
есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніне синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің теңдігі;
көрсеткіштерді толтыруда ұқыптылық және түзетулер мен өшірулердің болуына жол бермеу. Қателерді түзеген жағдайда қаржылық есептілікке қол қойған тұлға растаған, түзету мерзімі көрсетілген тиісті жазулар жасалады.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары, онда көрсетілген көрсеткіштермен толық сәйкестікте толтырылады. Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуге немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге жол берілмейді.
Ағымдағы есепті кезеңге де, алдыңғы кезеңге де жатқызылатын қаржылық есептіліктің деректері (олар бекітілгенннен кейін) деректерді бұрмалаушылықтар анықталған кезеңде жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жүргізіледі.
6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды енгізудің себептерін көрсету арқылы жазбаша хабарлама жібереді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізеді. Егер өзгерістер ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне қатысты болса, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені жазбаша хабардар етеді және өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарды оның жеке қаржылық есептілігіне 10 жұмыс күні ішінде енгізу үшін қайта жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті тапсырғаннан кейін оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өзгерістерді осы Ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі қағидалар мен талаптарды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6352 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну ережесін міндетті түрде сақтай отырып, олардың есепті қарау нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жазбаша хабарламасының негізінде ғана енгізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, соңғысы қаржылық есептілікке түзетулерді ұқсас тәртіппен енгізгені жөн.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке өзгеріс енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне бұрын өздері ұсынған есептіліктің данасына тиісті өзгерістер енгізуі қажет.
7. Нысандардың мекенжайлық бөлігі мынадай тәртіппен толтырылады:
«Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган» деректемесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының атауы;
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды;
«Мерзімділік» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деректемесі – мың теңге (бұдан әрі – мың теңге).
8. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады.
Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік кезең үшін жасалады.
9. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар үшiн шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзімін бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi үшiн – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар белгiлейдi.
Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi нысандардың толық көлемінде электронды түрде ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) арқылы ұсынады. Есепті берілген күн оны АЖ арқылы тапсырған күн болып есептеледі.
Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қағаз тасығышта беттерi нөмiрленiп және мазмұны көрсетiлiп, кiтапша түрiнде және нысандардың толық көлемінде электронды түрде ұсынады.
Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті облыстық бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап нысандардың толық көлемінде электронды түрде ұсынады.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдары шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмi оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның кеңсесiнде тiркеген күн болып есептеледi.
Есептiлiктi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм демалыс (жұмыс iстемейтiн) күнмен сәйкес келген жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептiлiк одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi ұсынылады.
Ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiк белгіленген нысандарға сәйкес келмеген кезде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орындаусыз қайтарады.
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiгі негізінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал облыстың бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдарының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi негізінде жергілікті бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші шоғырландырылған қаржылық есептiлiгi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілеген мерзімде ұсынылады.
10. Жылдық, жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiк көлемi: