• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы N 661 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5884 болып енгізілді

Осы редакция 03.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4596 болып тіркелген, "Юридическая газета"- 2007 жылғы 25 сәуірде N 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.                                      Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің м.а.
 2009 жылғы 6 қарашадағы
 N 661 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтиханын
 өткізу қағидасы
Қағида жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2012 № 457 (06.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 176-бабының 4-тармағының, 7-бабының 28) тармақшасына, «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес әзірленді және орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық бiлiмi бар адамдардың кәсiптiк медициналық қызметтi жүзеге асыруға даярлығын анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) маман – медициналық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
2) маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіби қызметінің нақты кезеңіне үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің шартты бірегейлендірілген бірлігі;
3) практикалық дағдыларды бағалау – мамандардың практикада теориялық бiлiмдерiн қолдана бiлуiн анықтау;
4) сынақ бірліктерін жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіби даму іс-шараларына қатысуын біртіндеп есепке алу жүйесі;
5) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізуге арналған «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы № 1559 қаулысына сәйкес аккредиттелген жеке тұлға;
6) үміткер – маман сертификатын алуға үміткер медицина қызметкері.
3. Осы біліктілік Қағидаларына сәйкес бiлiктiлiк емтихандарын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі комитет (бұдан әрі – МФҚБК) және оның аумақтық департаменттері – санитариялық-эпидемиологиялық бейіндерді қоспағанда орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қадағалау комитеті (бұдан әрі – МСЭҚҚК) және оның аумақтық департаменттері – орта (техникалық және кәсiптiк), орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейiндi жоғары медициналық бiлiмi бар мамандар үшiн өткізеді.
4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары:
1) мiндеттi – медицина қызметкерлерiнiң клиникалық мамандығына сәйкестiгiн анықтау және тиісті маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс iстеуге) жiберуге рұқсат беру үшiн;
Міндетті біліктілік емтихандары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын берумен аяқталады;
2) ерiктi – тиісті бiлiктiлiк санатын бере отырып, мамандардың кәсiби деңгейiн анықтау үшiн деп бөлінеді.
Ерiктi бiлiктiлiк емтихандары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын берумен аяқталады;
Біліктілік санатын бере отырып және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты клиникалық практикада жұмыс істеуге рұқсат болып табылады (пациенттермен жұмыс істеу).
5. Клиникалық практикаға рұқсат алу үшін (пациенттермен жұмыс істеу), интернатурада, клиникалық ординатурада және резидентурада (интернатураны бітіру қарастырылмаған мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітірген соң және/немесе өтініш берілген мамандық бойынша бастапқы мамандандыруды (қайта даярлау) циклын бітірген соң, ал орта медицина қызметкерлері үшін – колледжді, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген соң, маман міндетті біліктілік емтиханынан өтеді.
6. Біліктілік санаты беріле отырып және біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берiлген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн сертификаттың қолданысы тоқтатылады.
2. Міндетті біліктілік емтихандарын өткізу тәртібі
7. Міндетті бiлiктiлiк емтихандары автоматтандырылған компьютерлік тәсілімен тестілеу түрінде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
8. Міндетті бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру үшiн мамандар МФҚБК аумақтық департаменттеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) түпнұсқасымен салыстыру үшін жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi немесе орта медициналық бiлiм туралы дипломның көшiрмесiн, түпнұсқа ұсынылмаған кезде нотариаттық расталған дипломның көшiрмесi;
3) интернатураны, клиникалық ординатураны, резидентураны бiтiргендiгi және/немесе салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсына отырып өтiнiш бiлдiрiлген мамандық бойынша қайта даярлаудан (мамандандырудан) өткендiгi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi. Құжаттың түпнұсқасы болмаған жағдайда, нотариаттық расталған көшірмесі ұсынылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін өтiнiш бiлдiрiлген мамандық бойынша клиникалық қызметке кіріскен тұлғаларға тиісті мамандығы бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді;
4) соңғы 5 жылдары мамандығы бойынша жоғары білімі бар мамандар үшін жалпы көлемі 216 сағат және орта медициналық білімі бар мамандар 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткендігі туралы куәландыратын құжаттың көшірмесі (жұмыс өтілі болған жағдайда);
5) еңбек кітапшасының не еңбек жолын растайтын құжаттың (болған жағдайда) көшірмесі;
6) білім туралы құжаттың (жоғары, орта бiлiмнен кейiнгi немесе орта медициналық бiлiм) нострификациясы туралы куәландыратын құжаттың көшiрмелерi (қажет болған жағдайда);
7) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау МФҚБК аумақтық департаменттердің кеңсесінде «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі.
9. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру оларды қабылдап алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Міндетті біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, үміткерге бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
Тестілеу МФҚБК аумақтық департаменттерімен өткізіледі.
10. Тестілеуді өткізудің мақсаты – теориялық білімдерін, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларды білуінің, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша тәжірибелік амалдарды шешу қабілеттілігін ұтымды бағалау.
Тестілеуге арналған үй-жай бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады.
11. МФҚБК аумақтық департаменттері тестілеуді өткізетін орнын, күнін және уақытын көрсете отырып тестілеуге қатысатын үміткерлердің тізімін қалыптастырады.
12. Тестілеуге мамандар жеке куәліктерін ұсынған жағдайда жіберіледі.