• My favorites
"Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
The document is shown in demo mode! Price: 240 tenge/year
Warning! Old document redaction See current redaction

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Comment
  • Add bookmark
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Paragraph redactions(beta)

"Болашақ" халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 сәуірдегі № 9362 тіркелді

Осы редакция 25.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1). осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерді орындауы кезінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Телеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
     1. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      3) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды, қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      көрсетілетін қызметті берушіде – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе Министрлік болып табылатын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – жұмыс органы) жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
      ХҚО-да – конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат;
      порталда – уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру немесе жұмыс органынажеке тәртіппен қарау үшін құжаттарды жіберу туралы қолхат.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
     4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Министрлік жыл сайын бекітетін құжаттарды қабылдау мерзімдерінде қажетті құжаттармен бірге беретін өтініші немесе ХҚО-ға не портал арқылы электронды сұраныстың болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің портал немесе ХҚО арқылы тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін не сұранысын қарауы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы;
      4) құжаттар конкурсқа қатысудың шарттары мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы қолхат/электронды хабарлама ресімдеу және беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің «еБолашақ» КАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты енгізуі және тіркеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа қатысуға рұқсат немесе жеке тәртіпте қарау үшін жұмыс органына құжаттарын жіберу туралы қолхат/электронды хабарлама беріледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 146 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
     7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті қызметкеріқатысады.
      8. ХҚО-ға өтініш жасау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы. Орталықта көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
ХҚО арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:
      1) қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген орны бойынша ХҚО-ға өтініш жасайды.
      ХҚО-ға қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электронды кезекті «броньдау» мүмкіндігі бар.
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ХҚО операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады.
      3) 2-процесс – ХҚО операторының қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – ХҚО операторының сауалнама нысанын қағаз нысандағы құжаттарының болуы туралы белгі бойынша толтыруы және алушы тапсырған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына бекіту және портал арқылы толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) куәландыру;