• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығы

Осы редакция 31.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.08.2005 жылғы № 1624, 28.11.2008 жылғы № 702 Жарлықтарымен (29.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 29.12.2012 жылғы № 457 Жарлығымен (21.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2002 жылғы 26 сәуiрдегi
 N 853 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2012 жылғы № 457 Жарлығымен (21.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан.
АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылық байланыстар жүйесiне белсендi енуi, тиiмдiлiгi жоғары, соның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн өңірді жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның қазіргі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі ҚР-ның Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері: