• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығы

"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: қараңыз
1. 2030 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 23.10.2008 № 683 Жарлығымен. (06.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2) «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 29.12.2012 № 457 Жарлығымен. (23.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің 2005 жылғы
 6 шілдедегі N 1605
 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже жаңа редакцияда ҚР Президентінің 29.12.2012 № 457 Жарлығымен. (23.10.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының аумағында орналасқан.
АЭА-ның аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірдің жеделдетіле дамуы, аса тиімді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, жаңа өнімдер түрін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;
2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;