• Мое избранное
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 14 тамыздағы № 8657 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 02-22/3605 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз:
  Навигация мерзімі белгіленбегеніне, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы су көлігі жүйесінде навигацияның нашар дамуына байланысты, Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларының 19-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Шағын көлемді кемелерге техникалық куәландыру жыл сайын өткізіледі».
  Осыған орай, 19-тармақтың 4-абзацының мағыналық жүктемесі болмағанына байланысты, оны алып тастауды ұсынамыз.  
  Тиісінше осы өзгертулерді жобаның салыстырмалы кестесінде көрсету қажет.  
  Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева