• Мое избранное
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
жоба
«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 70-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы)»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (м2 ), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (м2 ), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы)»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектерді шаю қондырғысының, бөліктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, полимерлік үлдірмен шөлмектерді бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы), есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы). Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөліктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы). Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі».
Осы қаулы 2016 жылғы 1қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулы жобасына салыстырмалы кестесі
 

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме



1

2

3

4

5

1.

2) тармақтың онтөртінші абзацтың,

2)тармақшасы

спирт өлшеуіш аппараттар (пастеризацияланған спирт пен эфир-альдегидті фракцияның маркасы, іріктеудегі олардың саны, юстирлеу күні, дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру);





«есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы)»

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар кіргізіне байланысты.

2.

3)Тармақтың 4 ) тармақшасы

4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, спирт өлшеуіш аппараттардың, насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (м 2 ), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (м 2 ), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы ), насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (м 2 ), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (м 2 ), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы)»;



«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар кіргізіне байланысты.



3.

4 ) тармақтың 2) т арма қ шасы



2) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектерді шаю қондырғысының, бөліктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, полимерлік үлдірмен шөлмектерді бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы), өндіріс көлемдерін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі.



2) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектерді шаю қондырғысының, бөліктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, полимерлік үлдірмен шөлмектерді бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы), есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы ). Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі»;



«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар кіргізіне байланысты.

4.

5)тармақтың

5) тармақшасы

5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөліктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), өндіріс көлемін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі.



5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөліктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), есептеуіш бақылау құралдары (атауы, түрі, маркасы, нөмірі, саны, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы ). Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі».



«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар кіргізіне байланысты.

Қазақстан Республикасының қаржы вице – министрі Р. Дәленов
«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы м инистр лігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

  1. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің аталған қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар



Аталған жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

  1. « Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдесіндегі № 429-1 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты , «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңын іске-асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы « » № Үкіміне сәйкес.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қ аулысына өзгерістер енгізу туралы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоба кейіннен заңнаманы оған сәйкес келтіруді болжамайды

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру

Р ұқсат етіледі

11.

Жобаны и нтернет-ресурс т а орналастыру туралы ақпарат

«Нормативтік құқықтық актілер жобалары» кеңінен талқылау үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында бөлімінде орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» к еңінен талқылау үшін ұсынылған бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі Р. Дәленов
  2014 жылғы «___»___________