• Мое избранное
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысы

Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.05.2023 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (08.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 859 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2015 жылғы № 205 Қаулысымен (31.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысына сәйкес (09.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2019 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес (15.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.01.2021 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес (19.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.05.2023 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес (08.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – кәдеге жаратылған тауардың аукцион барысында қалыптасатын бағасы;
2) алғашқы баға – осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес айқындалатын кәдеге жаратылған тауардың бағасы;
3) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып өткізілетін, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
5) аукцион нөмірі – ЭЦҚ болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
6) бағаны көтеру аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион әдiсi;
7) бағаны төмендету аукционы – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион әдiсi;
8) бастапқы баға – кәдеге жаратылған тауар бойынша аукцион басталатын баға;
9) ең төмен баға – кәдеге жаратылған тауарды одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;
10) жарамдылық мерзімі өткен мемлекеттік материалдық резервтің тамақ өнімі – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмейтін тамақ өнімі;
11) жеңiмпаз – кәдеге жаратылған тауар үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы;
12) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
13) кәдеге жаратылған тауарлар – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары технологиялық өңдеуден өткеннен кейін алынған тауарлар;
14) кәдеге жаратылған тауарларды өткізу – уәкілетті органның міндеттерін жүзеге асыру, басқа мемлекеттік органдарға беру және аукцион өткізу арқылы сату үшін кәдеге жаратылған тауарларды қолдану;
15) кепілдік жарна – аукционға қатысу үшін кәдеге жаратылған тауардың алғашқы бағасының 15 % мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша сомасы;
16) қатысушы – аукционға қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
17) материалдық құндылықтардың жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін материалдық құндылықтар одан әрі пайдалануға жатпайтын мерзім;
18) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
19) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
20) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
21) мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары (бұдан әрі – операция жасау жоспары) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;
23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару – тұтынушылық қасиеттерінен толық немесе ішінара айырылуы, оның ішінде физикалық және моральдық тозуы салдарынан мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тануға байланысты іс-шаралар кешені;
24) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына оларды одан әрі пайдалану, оған адам мен жануарлардың қол жеткізу мүмкіндігін болғызбайтын әсер ету (термиялық, химиялық, механикалық не өзге) рәсімі;
25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын және (немесе) өзге өнімге әкеп соғатын технологиялық өңдеу;
26) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері (бұдан әрі – сақтау нормативтері) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар (бұдан әрі – сақтау пункттері) – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді шарттық негізде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
28) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтары – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зақымдалған, жарамдылық және сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптары мен нормаларына сәйкес келмейтін материалдық құндылықтар;
29) мемлекеттік резервтің одан әрі пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату – экономикалық тиімділікті айқындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын эксперименттік кәдеге жарату;
30) сақтау мерзімі өткен өзге де материалдық құндылықтар – тамақ өнімдерін қоспағанда, сақтау мерзімі өткен және зертханалық зерттеулерге (сынауларға) жататын тауарлар;
31) сату бағасы – аукцион нәтижесінде белгіленген кәдеге жаратылған тауардың түпкілікті бағасы;
32) сатып алушы – сатып алу-сату шартын жасасқан аукцион жеңiмпазы;
33) сатып алу-сату шартының идентификаторы – тізілімнің веб-порталы беретін сатып алу-сату шартының бiрегей нөмiрі;
34) технологиялық есептеме – кәдеге жаратылған тауардың шығуы үшін қажетті шикізаттың атауы мен мөлшерін қамтитын, оның көлемін көрсететін есептеме. Қойылған міндеттерге байланысты нақты, теориялық немесе технологиялық өнімділік есептеледі;
35) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) кәдеге жаратылған тауарлары туралы электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
36) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
37) экономикалық есептеме – шикізаттың саны мен құнын, өңдеу бойынша өндірістік жұмыстардың атауы мен құнын есептеуді қамтитын кәдеге жаратылған тауардың өзіндік құнын есептеу;
38) экономикалық тиімділік – экономикалық және технологиялық есептеулерді салыстыру арқылы мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жаратудың рентабельділігін белгілеу;
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.