2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 874 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов