Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық-құқықтық базасын одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында,төмендегілер туралы келісті:










Отправить по почте
2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы ХАТТАМА (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 21 мамырда)
ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 874 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық-құқықтық базасын одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында,төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданылуы тоқтатылсын.
2-бап
Осы Хаттама, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы «21» мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, оның расталған көшірмесі әрбір Тарапқа жіберіледі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |