• Мое избранное

Отправить по почте

«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлдiгi Қайрат Құдайбергенұлы Әбдрахмановқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қойсын және Келісімнің Тараптары мәртебесін алсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «__»________
№ __ қаулысына
қосымша
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
Осы Келісімнің Тараптары,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Азияда көлікті дамыту туралы Бангкок декларациясын жүзеге асыру туралы 2010 жылғы  19 мамырдағы 66/4 қарарына және осы қарарда қамтылған «құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім жасау жөніндегі жұмысты жүргізу туралы өтінішке сілтеме жасай отырып,
Азияда халықаралық интеграцияланған интермодальды көліктік-логистикалық жүйені ынталандыру мен дамыту және оның көрші өңірлермен байланысын қамтамасыз ету қажеттігін сезіне отырып,  
жаһанданудың жалғасын тауып отырған процесі шеңберінде халықаралық сауданың кеңеюі салдарынан халықаралық жүк тасымалдары көлемінің күтілетін ұлғаюын ескере отырып,
жүктердің байланысын және үздіксіз тасымалдануын нығайту, тасымалдардың және логистикалық қызметтердің тиімділігін арттыруға және құнын төмендетуге ықпал ету, сондай-ақ ішкі аудандарға және жағалаудан ішке қарай орналасқан аудандарға өзінің қолжетімділігін кеңейтуге берік шешімін терең сезіне отырып,
Азиялық автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісім және Трансазиялық теміржолдар желісі жөніндегі үкіметаралық келісім күшіне енген нәтижелі өңірлік ынтымақтастықтан жігер ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін  Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мүшелері арасындағы байланысты нығайту және сауданы дамытуға ықпал ету мақсатында халықаралық тасымалдау талаптарына жауап беретін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту және көліктің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету қажеттігін ескере отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірінде интермодальды тасымалдарды үйлестіру және жеңілдету үшін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту
және пайдалану жөніндегі басшылыққа алатын қағидаттарын әзірлеу қажеттігін мойындай отырып,
тиімді және пәрменді халықаралық интеграцияланған интермодальды көліктік-логистикалық жүйенің маңызды құрауышы ретіндегі халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттардың» әсіресе теңізге шыға алмайтын елдердің, транзит елдерінің және жағалаулық елдердің өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандырудағы рөлін назарға ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап Анықтама
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімнің («Келісім») мақсаты үшін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порт» («Құрғақ порт») көліктің бір немесе одан көп түрлерімен қосылған логистикалық орталығы бар, өңдеуге, уақытша сақтауға арналған және халықаралық сауда процесінде тасымалданатын жүктерді қарауды және қолданылатын кедендік бақылау функциялары мен формальдылықтарды жасауды заңмен көздейтін ел аумағы ішіндегі орынды білдіреді.
2-бап «Құрғақ порттарды» сәйкестендіру
Тараптар осымен халықаралық интеграцияланған интермодальды көліктік-логистикалық жүйеде маңызды буындарды үйлестіре дамыту үшін негіз ретінде осы Келісімге 1-қосымшаға енгізілген «Құрғақ порттар» тізбесін бекітеді.
Тараптар бұл «Құрғақ порттарды» өздерінің ұлттық бағдармалары шеңберінде және ұлттық заңдар мен қағидаларға сәйкес дамытуға ниеттенуде.
3-бап «Құрғақ порттарды» дамыту
Келісімге I қосымшада көрсетілген «Құрғақ порттар» Келісімге II қосымшада жазылған «құрғақ порттарды» дамыту және пайдалану жөніндегі басшылық қағидаттарына сәйкестікке келтіріледі.
4-бап Келісімге қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу
1. Келісім 2013 жылғы 7 қарашадан бастап 8 қарашаны қоса алған кезеңде және кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 2013 жылғы 11 қарашадан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері болып табылатын Бангкок, Тайланд мемлекеттерінің қол қоюы үшін ашық.
2. Келісім оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады.
3. Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері болып табылатын, оған қол қоймаған мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
4. Келісімді ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттар тиісті нысанда және тиісті тәртіппен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
5-бап Күшіне енуі
1. Келісімді ратификациялау, қабылдау және бекіту және оған қосылу туралы сегізінші құжатты Келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға тапсырған күннен кейін отызыншы күнде Келісім күшіне енеді.
2. Келісімді ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы өзінің құжатын сақтауға тапсыратын әрбір мемлекетке қатысты Келісімді ратификациялау, қабылдау және бекіту немесе оған қосылу туралы сегізінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін Келісім осы мемлекет үшін осы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.
6- бап «Құрғақ порттар» жөніндегі жұмыс тобы
1. «Құрғақ порттары» жөніндегі жұмыс тобын Келісімді іске асырумен байланысты мәселелерді қарау және ұсынылып отырған түзетулерді қарау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы бекітеді. Барлық мемлекеттер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының мүшелері Жұмыс тобының мүшелері болып табылады.
2. Жұмыс тобы өзінің кеңестерін екі жылда бір рет өткізеді. Кез келген Тарап, сондай-ақ хатшылықты хабардар ету жолымен жұмыс тобының арнайы кеңесін шақыру туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін. Хатшылық жұмыс тобының барлық мүшелерін келіп түскен өтініш туралы хабардар етеді және Хатшылық хабардар еткен сәттен бастап төрт (4) ай ішінде Тараптардың кемінде үштен бірі осы өтінішпен өзінің келісетіні туралы хабарлаған болса, Жұмыс тобының арнайы кеңесін шақырады.
7-бап Келісімнің негізгі мәтініне түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімнің негізгі мәтініне түзетулер осы Бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
2. Осы Келісімге түзетулерді кез келген Тарап ұсынуы мүмкін.
3. Кез келген ұсынысын отырған түзетулердің мәтінін хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелеріне оны бекіту көзделетін Жұмыс тобының кеңесіне дейін кемінде қырық бес (45) күн ішінде жолдайды.
4. Түзетулер жұмыс тобы кеңесіне қатысып отырғандар мен дауыс берушілердің санынан үштен екі көпшілігімен бекітіледі. Бекітілгеннен кейін түзетуді хатшылық Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды, ол түзетуді қабылдау үшін барлық Тараптар арасында таратады.
5. Осы Баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету, түзетуді бекіту сәтінде Келісімнің Тараптары болып табылатын мемлекеттер санынан үштен екісінің көпшілігімен оны қабылдағаннан кейін отыз күн ішінде күшіне енеді. Түзету осы түзетуді қабылдамағандарды қоспағанда, барлық Тараптарға қатысты күшіне енеді. Осы тармаққа сәйкес бекітілген түзетуді қабылдамайтын кез келген Тарап кез келген уақытта кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осындай түзетулер қабылданғаны туралы құжатты сақтауға береді. Бұл мемлекет үшін түзету айтылған құжатты сақтауға берген күннен кейін отыз (30) күн ішінде күшіне енеді.
8-бап I қосымшаға түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімге I қосымшаға түзетулер Осы бапта белгіленген тәртіппен енгізіледі.
2. Ұсынылып отырған түзетулер мәні аумағына жататын кез келген Тарап түзетулер ұсынады.
3. Кез келген ұсынылып отырған түзетудің мәтінін хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелеріне осы бекіту көзделетін Жұмыс тобының кеңесіне дейін кемінде қырық бес (45) күн ішінде жолдайды.
4. Көзделіп отырған түзету, егер көзделіп отырған субъект аумағына жататын Тарап жұмыс тобының кеңесінде оны қаралғаннан кейін тиісті ұсынысты қайталап растаған болса, қабылданған болып есептеледі. Түзетулер бекітілгеннен кейін түзетулер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберіледі, ол оны барлық Тараптар арасында таратады.
5.Осы Баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы циркулярлық хабарламаны жолдаған күннен бастап қырық бес (45) күн өткен соң қабылданған болып есептеледі және күшіне енеді.
9-бап II қосымшаға түзетулер енгізу рәсімі
1. Келісімге II қосымшаға түзетулер осы Бапта сәйкес бекітілген тәртіппен енгізіледі.
2. Түзетулерді кез келген Тарап ұсынуы мүмкін.
3. Кез келген ұсынылып отырған түзетудің мәтінін хатшылық Жұмыс тобының барлық мүшелеріне осы бекіту көзделетін Жұмыс тобының кеңесіне кемінде қырық бес (45) күн ішінде жолдайды.
4. Көзделіп отырған түзету, егер көзделіп отырған субъект аумағына жататын Тарап жұмыс тобының кеңесінде оны қаралғаннан кейін қайталап расталған болса, қабылданған болып есептеледі. Түзетулер бекітілгеннен кейін түзетулер Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберіледі, ол оны барлық Тараптар арасында таратады.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес бекітілген түзету, егер хабарлама жолданған күннен бастап тоқсан (90) күн ішінде Тараптардың үштен бірінен кемі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын осы түзетуге қарсы өзінің қарсылығы туралы хабардар еткен болса, қабылданған болып есептеледі.
6. Осы баптың 5 тармағына сәйкес қабылданған түзетулер, барлық Тараптар үшін осы Баптың 5-тармағында көрсетілген тоқсан (90) күн кезеңі өтуі бойынша отыз (30) күн ішінде күшіне енеді.
10-бап Ескертулер
Келісімнің 13-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Келісімнің ережелерінің кез келгеніне қатысты ескертулерге жол берілмейді.
11-бап Келісімнен шығу
Кез келген Тарап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының атына жазбаша хабарлама жолдау жолымен Келісімнен шығуға құқылы. Келісімнен шығу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының хабарламаны алған күннен бастап он екі (12) ай ішінде күшіне енеді.
12-бап Іс-қимылды тоқтата тұру
Келісімнің қолданылуы, егер қатысушы Тараптар саны келесі он екі (12) ай ішіндегі кез келген кезеңде сегізден (8) кем болғанда тоқтатыла тұрады. Келісім ережелерінің қолданысы қатысушы Тараптардың саны сегізге (8) жеткеннен кейін отыз (30) күн өткеннен соң қалпына келтіріледі. Мұндай жағдайларда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Келісім Тарапын хабардар етеді.
13-бап Дауларды реттеу
Екі немесе одан көп Тараптар арасында Келісімді түсіндіру немесе қолдануға қатысты, олардың арасында келіссөздер немесе консультациялар арқылы шешілуі мүмкін емес кез келген дау бұл Тараптардың әрқайсысының өтініші бойынша дауласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша сайланған бір немесе бірнеше делдалдарға шешу үшін беріледі. Егер дауды шешу туралы өтініш берілген күннен бастап тоқсан (90) күн ішінде дауласушы Тараптар делдалды немесе делдалдарды таңдауға қатысты келісімге келмесе, осы Тараптардың кез келгені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына дау шешілуге берілетін бірыңғай тәуелсіз делдалды тағайындау туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін.  
Осы Баптың 1-тармағына сәйкес тағайындалған делдалдардың немесе делдалдардың ұсынымының міндетті күші болмайды, алайда Тараптардың келіспеушілігін қаталап қарау үшін негіз болады.  
Араларында дау туындаған Тараптар делдалдың немесе делдалдардың ұсынымын міндетті күші бар сыйқы алдын ала қабылдауы мүмкін.
Осы Баптың 1,2 және 3-тармақтары дауласушы Тараптар өзара келіскен дауларды реттеудің басқа да мүмкін болатын шараларын болдырмайтындай түсіндірілмейді.
Кез келген мемлекет өздерінің ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсыру кезінде осы Баптың татулыққа қатысты ережелерінің міндеттемелерінен өзін босататындығы туралы ескерту жасауға құқылы. Осы Баптың татулыққа қатысты ережелері басқа Тараптарды да осындай ескерту жасаған кез келген Тарапқа қатысты міндеттемейді.
14-бап Қолданудағы шектеулер
1. Келісімнің ешқандай ережесі қандай да бір Тарапқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес келетін және өзінің сыртқы немесе ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол қажетті деп есептелетін ахуалмен шектелетін шаралар қабылдауға кедергі келтіретін деп түсіндірілмейді.
2. Әрбір Тарап ұлттық заңдар мен қағидаларға сәйкес «құрғақ порттарды» дамыту үшін Келісімге сәйкес келетін сол немесе өзге дәрежеде барлық мүмкін болатын күш-жігерін салады. Алайда осы Келісімнің ешқандай ережесі қандай да бір Тараптың өзінің аумағы арқылы жүк тасымалдауына рұқсат беруге міндеттеме қабылдау деп түсіндірілмеуге тиіс.
15-бап Қосымша
Келісімге I және II қосымшалар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
16-бап Хатшылық
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Келісімнің хатшылығымен тағайындалады.
17-бап Депозитарий
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік берілгендер осы Келісімге бір данада ағылшын, қытай және орыс тілдерінде қол қойды әрі Келісімнің барлық үш мәтіні бірдей шамада түпнұсқа болып табылады.
I –қосымша Халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттар»
«Құрғақ порттар», әдетте; а) елдің ішкі аумағында орналасқан астаналарға, провинциялар/штаттар астаналарына және/немесе b) қажет жағдайларда Азия автомобиль жолдарын және/немесе Трансазиялық теміржол жолдарын қоса алғанда, тас жол және теміржолдарға тиісті қол жеткізумен қазіргі және/немесе әлеуетті өндіріс пен тұтыну орталықтарына жақын орналасқан  жерлерде болады.
«Құрғақ порттар» басқа да «Құрғақ порттармен», шекаралық пункттермен/кедендік бақылау жер үсті посттарымен/кешенді бақылау-өткізу пункттерімен, теңіз порттарымен, ішкі су жолдары терминалдарымен және/немесе әуежайлармен көліктік қатынаста болады.
«Құрғақ порттар» төменде көрсетілген.
«Құрғақ порттың» атауы оның орналасқан жерімен немесе жақын елді мекен пунктінің/қаланың атауымен бірге көрсетіледі.  
Әлеуетті «құрғақ порттар» тік бұрышты жақшалармен көрсетілген.
«Құрғақ порттың» тізбесі
 

Ауғанстан



Хакина, Мимана

Хайратан «құрғақ порты» , Мазар-и-Шариф



Ислам Кала, Гера

Кабул, «құрғақ порты» Кабул



Ширхан Бандер, Кондоз «құрғақ порттары»

Спинболдак Шаман «құрғақ порты», Кандагар



Торкгам «құрғақ порты», Джелалабад



Тургунди, Герат





Армения





Ахурьян логистика орталығы



Гюмри әуежайы



Кармир-Блур/Апавен жүк тасығыш терминал



Звартнотс халықаралық логистика орталығы

Азербайжан

Баку, Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайының Баку жүк тасығыш терминалы

Балакандық жүк тасығыш терминалы, әзербайжан-грузиндік шекара



Билясуварлық жүк тасығыш терминалы, әзербайжан-ирандік шекарасы



Габалалық халықаралық әуежай, Габала

Гянджа халықаралық әуежайы, Гянджа



Баку, Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайы



Джульфа жүк тасығыш терминалы, әзербайжан-ирандық шекарасы



Ленкорань халықаралық әуежайы, Ленкорань



Нахичевань халықаралық әуежайы, Нахичевань Автономдық Республикасы



« Жібек жолы » жүк тасығыш терминалы , Баку

Закатала халықаралық әуежай , Закатала



[Бак у қалалық сауда станциясы , Хырдалан]



[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі жүк тасығыш терминалы, Самур]



[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі жүк тасығыш терминалы Сыныг-Корпю]



[Баку халықаралық теңіз сауда порттарындағы контейнерлік терминал, Баку]



[Гянджа с танция сы , Гянджа]



[ Халықаралық логистикалық орталық , Алят] [Кешла с танция сы , Баку]



[ Жаңа Баку халықаралық теңіз сауда порты , Алят]



[Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі Оңтүстік терминалы (Астара)]



[Сумгаит с танция сы , Сумгаит]







Бангладеш

Ахаура, Брахманбария

Бенаполе, Джессоре



Бибирбазар, Комилла

Буримари, Лалмонирхат



Хили, Динажпур

Ішкі кедендік қойма Камлапура, Дакка



Сонамасджид, Чапай Навабганж

Текнаф, Кокс Базар



[Бангладбандх, Панчагарх]

[Бхомра, Сатхира]



[Билониа, Фени]

[Ішкі кедендік қойма Дхирасрама, Гаджипур]



[Гобракура, Мыменсингх]

[Корайтали, Мыменсингх]



[Накугао, Шерпур]

[Рамгарх, Кхаграчари]



[Тамабил, Силхет]





Бутан





Фуентшолинг «құрғақ порты», Фуентшолинг



[Гелепху, Сарпанг]

[Гомту, Самце]

[Нганглам, Самдрупджонкхар]



[Самдрупджонкхар, Самдрупджонкхар]



[Самце, Самце]





Камбоджа





CWT «құрғақ порт», Пномпень

Олейр Дүниежүзілік «құрғақ порты», Пномпень



Пномпень халықаралық порт, Пномпень



Пномпеня арнайы экономикалық аймақ, Пномпень



Со Нгуон «құрғақ порты», Бавет

Тех Сран «құрғақ порты», Пномпень



Тен Лай «құрғақ порты», Пномпень

Қытай

Бондтық халықаралық логистикалық порт Чанчунь Лунсин , Синлун

Эренхот оңтүстік халықаралық логистикалық орталық, Эренхот



Харбин автомагистральді жүк тасығыш тораптық станция (Харбин Лунюнь логистикалық парк, Харбин)



Көліктік-логистикалық саябағы, Хэкоу порты, Хэкоу

Халықаралық логистикалық саябағы Хоргос, Хоргос

Халықаралық логистикалық Хуньчунь, Хуньчунь



Цзинхун Мэнян халықаралық логистикалық сауда орталығы, Цзинхун



Каши халықаралық логистикалық парк, Каши

Тенжун халықаралық жер үсті порты, Куньмин



Манжули Жаңа Халықаралық жер үсті саябағы, Манжули

Бондтық логистикалық орталық, Наньнин

Писян (Юи Куан) шекаралық сауда логистикалық орталық



Жуйли жүк тасығыш орталық, Жуйли

Суйфэньхэ жүк тасығыш орталық, Суйфэньхэ



Синьцзян темір жол халықаралық логистикалық паркі, Урумчи



Иу ішкі порттық станция, Иу

Қоймалық логистикалық сауда орталығы , Жангму порты, Жангму





Грузия



Поти еркін өнеркәсіп зонасы, Поти

[Тбилиси халықаралық логистикалық орталық, Тбилиси]







Үндістан





Ажни, Нагпур, Махараштра

Амингаон, Гувахати, Ассам



Ароор, Керала

Баллабгарх, Фаридабад, Хариана



Бадохи, Сэнт Равидас Нагар, Варанаси, Уттар-Прадеш



Багат Ки Коти, Джодпур, Раджастан

Чехрета, Амритсар, Панджаб



Дадри, Ноида, Уттар-Прадеш

Давлатабад, Аврангабад, Махараштра



Дандарикалан, Панджаб

Даннад Рау, Индоре, Мадхья-Прадеш



Дронагири Ноде, Нави Мумбай, Махараштра



Дургапур, Батыс Бенгал

Гархи Харсару, Гургаон, Хариана

Иругур, Коимбаторе, Тамилнад



Джамшедпур, Джарханд

Джанори, Насик, Махараштра



Канакпура, Джайпур, Раджастан

Канпур, Уттар-Прадеш



Ходияр, Гуджарат

Лони, Газиабад, Уттар-Прадеш



Маджерат, Калькутта, Батыс Бенгал



Мандидип, Бхопал, Мадхья-Прадеш

Морадабад, Уттар-Прадеш

Патли, Гургаон, Хариана



Питампур, Дар, Мадхья-Прадеш

Райпур, Чаттисгарх



Сахин, Сурат, Гуджарат

Санатнагар, Хайдерабад, Андра- Прадеш



Сеневал, Лудьяана, Панджаб

Тондиарпет, Ченнай, Тамилнад



Туглакабад, Дели

Вадодара, Гуджарат



Уайтфилд, Бангалор, Карнатака









Индонезия



Гедебаге «құрғақ порты», Бандунг

Сикаранг «құрғақ порты», Бекаси







Иран (Исламская Республика)



Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы, Тегеран шет аймағы



Мотахари теміржол станциясы , Мешхед, Хорасан-Резави шет аймағы



Салафчеган арнайы экономикалық аймақ , Кум шет аймағы



Сирджан арнайы экономикалық аймақ , Керман шет аймағы



[Арванд еркін өнеркәсіптік аймақ, Хузестан шет аймағы]



[Сахлан арнайы экономикалық аймақ, Табриз, шет аймағы Шығыс Азербайжан]



[Сарахс арнайы экономикалық аймақ , Хорасан-Резави шет аймағы ]



[Шахид Дастгейб халықаралық әуежайы, Шираз, Фарс шет аймағы]



[Захедан логистика орталығы , Систан және Белуджистан шет аймағы ]







Қазақстан



Ақтөбе көліктік-логистикалық орталығы, Ақтөбе

«Даму» Индустриалды-логистикалық орталығы, Алматы

[Хай Тек Лоджистикс, Алматы облысы ]

[«Хоргос» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталық, Алматы облысы]



[Тау Терминал, Алматы облысы ]





Қырғыстан



Аламедин, Б і шкек

Ош с танция сы , Ош





Лаос тық Халық -Демокр атиялық Республика сы



Тханаленг, Вьентьян

[Хуэйсай, Бокео]



[Лаксао, Борикхамсай]

[Луангпрабанг, Луангпрабанг]



[Натею, Луангнамтха]

[Удомсай, Муангсай]



[Паксе, Чампасак]

[Сено, Саваннакхет]



[Тахек, Каммоуане]







Малайзия



Контена ішкі кедкендік қойма

Ішкі контейнерлік қойма



Насиональ, Прай

Паданг , Бесар



Сери Сетия ішкі кедендік қойма, Куала- Лумпур



Ипох жүк терминалы, Ипох

Нилай ішкі порт , Нилай



Тебеду ішкі порт, Саравак

[Пулау Себанг ішкі қойма, Пулау Себанг]





Мон ғ олия



Алтанбулаг

Сайншанд



Улан-Батор

Замын-Уудэ



[Чойбалсан]





Мьянма



[Баго]

[Мандалай]



[Мавламыин]

[Монива]



[Муз]

[Пья]



[Таму]

[Янгон]







Непал





Бхайрахавы ішкі кедендік қойма, Бхайрахава

Биратнагар ішкі, кедендік қойма Биратнагар



Биргандж ішкі кедендік қойма, Биргандж

Какарбхитта ішкі кедендік қойма, Какарбхитта



[Татопани ішкі кедендік қойма, Ларча]









П әкістан



Кедендік «құрғақ порты», Хайдарабад



Кедендік «құрғақ порты», Пешавар



Трастовая компания « құрғақ порт » Файсалабад, Файсалабад



Лахор «құрғақ порты», Мугалпура

Маргалла «құрғақ портты», Исламабад



Мултан сенім компаниясы «құрғақ порты», Мултан

Ұлттық логистикалық орталық контейнерлік жүк таситын станциялар, Лахор



Ұлттық логистикалық орталық «құрғақ порты», Кветта

Прем-Нага «құрғақ порты» теміржолы Пәкістан, Кусар



Теміржолы «құрғақ порты», Кветта

«құрғақ порты» Самбриал, Сиалкот



«Жібек жолы» «құрғақ порты», Сост, Гилгит, Балтистан





Филиппины



Кларк, Анджелес, Пампанга, Лузон

Давао Сити, Шығыс Минданао



Коронадал, Оңтүстік Котабато





Лагуиндинган, Шығыс Мисамис, Солтүстік Минданао



Замбоанга Сити, Батыс Минданао





Корея Республика сы



Ішкі контейнерлік депо Ыйвана, Ыйван







Р есей Федерация



Янино логистикалық саябағы , Ленинград облысы



« Ростов әмбебап порты » мультимодалды логистикалық кешен , Ростовтық

облысы

«Балт ық » терминалды логистикалық орталық , Ленинградтық облыс



«Клещиха» терминалды логистикалық орталық , Новосибирск



«Доскино» терминалды логистикалық орталық , Нижний Новгород



[Дмитровтық мультимодалдық орталық, Москвалық облыс]



[Калининград]

[Казань]



[«Оңтүстік теңіз жағалауындағы терминал» мультимодалды логистикалық кешені, Теңіз жағасындағы өлке]



[Свияж дық мультимодал ды логисти калық орталық , Татарстан]



[«Теңіз жағасындағы өлке» терминалды логистикалық орталық Уссурийска,

Теңіз жағасындағы өлке ]



«Таманский» терминалды логистикалық орталық , Краснодар аумағы ]



[«Белый Раст» терминалды логистикалық орталық , М әскеу аумағы ]



[Волгоград]

[Екатеринбург]





Шри-Ланка





[Пельягода, Коломбо]

[Телангапата, Коломбо]





Тәжікстан





Душанбе, Душанбе

Карамык, Джиргитал



Худжанд, Худжанд

Курган-Тюбе, Курган-Тюбе



төменгі Пяндж, Кумсангир

Турсунзаде, Турсунзаде



Вахдат, Вахдат







Тайланд





Латкрабанг ішкі кедендік қойма, Бангкок



[Чианконг, Чианграй]

[Ната, Нонгкай]







Т ү р кия





Гелемен, Самсун

Казан, Анкара

[Богазкопру, Кайсери]

[Бозуюк, Биледжик]



[Гоккой, Баликесир]

[Хабур]



[Халкалы, Стамбул]

[Хасанбей, Эскисехир]



[Каклик, Дензили]

[Карс]



[Каячик, Конья]

[Косекой, Измит]



[Мардин]

[Паландокен, Эрзурум]



[Сивас]

[Туркоглу, Кахраманмарас]



[Усак]

[Енис, Мерсин]



[Есилбаир, Ыс тамб ұ л]







Вьетнам





Лаокай ішкі контейнерлік қойма, Лаокай шеткі аймақ

Сонгтан ішкі контейнерлік қойма, Бинь Дуонг шеткі аймақ



Танкан-Лонбин ішкі контейнерлік қойма, Донгнай шеткі аймақ

Тиенсон ішкі контейнерлік қойма, Бакнин шеткі аймақ



[Ханой]

[Гиалай ішкі контейнерлік қойма, Гиалай шеткі аймақ]



Ішкі контейнерлік қойма Винх Пхук, Винх Пхук шеткі аймақ

[Лангсон]

II қосымша «Құрғақ порттарды» дамыту және пайдаланудың басқармашылық принциптері
1. Жалпы бөлім
Келісімнің I қосымшасында көрсетілген «Құрғақ порттарды» дамыту және пайдалану төменде көрсетілген принциптерге сәйкес реттеледі. Тараптар «Құрғақ порттарды» салу, жаңарту және пайдалану кезінде бұл принциптерді қадағалау үшін барлық мүмкіндіктерді қолданады.
2. Функциялар
«Құрғақ порттардың» негізгі функцияларына халықаралық сауда процесінде тасымалданатын жүк тасығыштарды өңдеу, сақтау және заңмен қарастырылған тексерулер, және оларды қолданылатын кедендік бақылауды және формальды жүзеге асыруды қосады. «Құрғақ порттардың» қосымша функцияларына келесі функцияларды қосуға болады, бірақ олармен шектеліп қалмайды:
а) қабылдау және жіберу;
b) топтау және бөлу;
c) сақтау;
d) жүкті ауыстырып тию.
3. Институционалдық, әкімшілік және нормативтік-құқықтық механизмдер
Тараптар «құрғақ порттардың» қолайлы дамуы және үздіксіз жұмыс істеуіне, мүдделі Тараптың заңмен қарастырылған тексерулер тәртібін, ұлттық заңдарға және нормативке сәйкес қолданылатын кедендік бақылауды және формальды жүзеге асыру үшін институционалдық, әкімшілік және нормативтік-құқықтық механизмдерді құрады.
Келісімнің I қосымшасында көрсетілген «Құрғақ порттар» көліктік және кедендік құжаттарда жіберу немесе тағайындау пункттері ретінде көрсетілуі мүмкін. Тараптар «құрғақ порттарды» ресми түрде танытуды қамтамасыз ету мақсатында тиісті көліктік қызметтермен, халықаралық ұйымдармен және мекемелермен қарым қатынаста болады. «Құрғақ порттар» меншік мемлекеттік, жекеменшік немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шартында болуы мүмкін.
4. Құрылыс, қиыстыру және өткізу қабілеті
«Құрғақ порттардың» қиыстыруы және өткізу қабілеттілігі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және контейнерлердің кедергісіз қозғалуы үшін, жүк тасығыштардың және «құрғақ порттардың» көліктік қажеттіліктері шегінде және олармен өткізу қабілетін асыруды қарастыру үшін, қажеттілік бойынша қызмет көрсететін көлік түрлерімен және контейнерлердің көлемі және жүк тасығышты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы қажет.
5. Инфрақұрылым, құрал-жабдық және қуаттылық
«Құрғақ порттарында» Тараптардың қарауымен олардың ұлттық заңдарына, қағидаларына, тәжірибелеріне сәйкес қолданыстағы және келешектегі тасымал көлемімен өлшемдес инфрақұрылымы, құрал-жабдықтары және жұмыс күші бар. Бұл жағдайдың ұсынымдық сипаты бар және төменде көрсетілгендерге міндетті емес болып табылады:
а) кіруге және шығуға арналған қақпамен қорғалатын аймақ;
b) импорттауға, экспорттауға бөлінген және алып кетілетін, жүкті ауыстырып тию және тез бұзылатын заттармен қоса құнды жүктер және қауіпті жүктер, жағымсыз заттармен қоса ашық және жабық қойма ауданы;
c) қойманы сақтаудың кедендік бондтық құрылғыларын қосуға болатын қойманы сақтау құралдары;
d) кедендік қадағалау, бақылау инспекциялары және қойма құрылысы үшін құралдар және жабдықтар;
e) жүктер және контейнерлерді өңдеу үшін сәйкес құрал-жабдықтар;
f) опперациялық және қоймалық аймақты қолдану үшін ішкі қосалқы жолдар және жол жамылғылары;
g) жүк көлік құралдары үшін жеткілікті сандармен көліктік құрылғылар және орналастыру ауданы;
h) кедендік қызметтер, жүк экспедиторлары, жүк жөнелтушілер, кедендік брокерлер, банктер және басқа тиісті агенттіктер үшін әкімшілік ғимараттар;
i) көлік құралдарын өлшеу үшін электрондық мәліметтермен ауысу жүйесін, сканерлерді және құрал-жабдықтарды қосатын ақпараттық және коммуникациялық жүйелер;
j) контейнерлер, көлік құралдары мен құрал-жабдықтары үшін реті бар жерлерде, жөндеу шеберханалары.
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
 

Алынған күні

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді

(Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері

(қолы, күні)

Қайтарылған күні

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі







Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі







Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі







Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі







Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі





Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына қоса берілетін құжаттардың ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.













2.





3.





4.













5.

















6.













7.





8.





9.

ҚР Үкіметі қаулысының (ҚР Премьер-Министрі өкімінің) жобасы





Жобаға түсіндірме жазба





Тарату көрсеткіші





Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері





Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының

(ҚР Премьер-Министрі өкімінің) көшірмесі





Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі



























  Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда ______________ парақ.
 Қолы ___________ күні ________
 _______________________
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулының жобасына түсіндірме жазба
 

Р/ с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім» 69/7 Қарары БҰҰ АТМЭӘК 69 сессиясында (2013 жылғы 25 сәуір – 1 мамыр) консенсуспен мақұлданды.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қажет емес

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

БҰҰ АТМЭӘК мүше елдерінің арасындағы өңірдің көлік-логистикалық жүйесін үйлесімді және тұрақты дамыту бөлігінде өңірлік ынтымақтастықты нығайту.

Қазақстанның «құрғақ порттарына» халықаралық маңыз беру.

Халықаралық және өңірлік қаржылық институттармен халықаралық маңызы бар «құрғақ порттарды» дамыту мен пайдалануға қаржылық және техникалық қолдау көрсету.

Әр түрлі көліктерді интеграциялау, транзиттік жүктердің шекарадан өткен кездегі шығындары және осымен байланысты шығындарды қысқарту, теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ мемлекеттерді дамыту және қажеттіліктерін қанағаттандыру орталықтарының өсімі және қалыптастырылу үшін жаңа мүмкіндіктерді құру.



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің mid@mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің mid@mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Ә. Исекешев