• Мое избранное
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі № 231 бұйрығына қосымша
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца


 

ҚР ДМ Фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

"Қазақстан Республикасында медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы"

2009 жылғы " 09 " шілдегі

231 бұйрығымен бекітілген


 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған және медициналық қолдануға рұқсат берілген медицина техникасы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі


Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес



р/с

Бұйым атауы

Тіркеу түрі

Жинынтығы

Қысқаша техникалық сипаттамасы (техникалық ерекшелігі, сипаттамасы)

Өндіруші-фирма, елі

Тіркеу нөмірі

Тір-

кеу мер-

зімі

1

Стоматологиялық ұштық RC3 set жинағы

Тіркеу

1. RC-90 BC немесе RC-90 RM турбиналы ұштық, 2. RC-58 бұрыштық ұштық, 3. RC-43 тіке ұштық, 4. RC-20 ВС немесе RC-20 RM әуе моторы

Стоматологиялық "RC3 set" ұштықтарының жинағы пломба астындағы қуысты қалыптастыру кезінде, тістерді жасанды қаптама астына дайындау кезінде, емдеу және ортопедиялық стоматология кезінде тісті дайындаудың барлық түрі үшін тағайындалған. Турбиналы ұштықтардың айналу жылдамдығы 300 мың айн/мин-қа дейін. Турбиналы ұштық шлангісінің ажырандысы 2/3 саңылаулары/Ritter Midwest бар ЕN 29168 Borden c 2/3. Турбиналы ұштықтағы айналып тұратын құрал саймандар 1,6 мм., ЕN 1797-1, дайындаушы-зауыт рұқсат берген ұзындығы 25 мм., қысқыштардың минималды ұзындығы – тірелгенге дейін, максималды жылдамдығы 330,000±20000 айн./мин., ISO 7785-1 мл/мин сәйкес салқындатқыш құралды беру көлемі >50 құрайды, судың ұсынылатын қысымы 0,5-2 бар., жарқыншақтарды үрлеуге арналған ауаның ұсынылған қысымы 0,5-2 бар., кері ауа қысымы <0,5 бар., жұмыс қысымы 2,2-2,5 бар., ауа шығыны 42 нл/мин.

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006621

5

2

Стоматологиялық LS WA-56 LT/A типті Synea сериясының бұрыштық ұштығы

Тіркеу

1.Батырма, 2.Спрейлі арналар, 3.Ықшам әйнек жарықдиод, 4.Қалыпқа келтірілген тұтқа, 5.Жылжымалы бекіткіш томпақ, 6. Тазалауға арналған ине, 7. Қосалқы шам

Стоматологиялық Synea сериясының, типі LS, үлгісі WA-56 LT/A, бұрыштық ұштығы кариесті қуыстарды дайындау және тіс шөгінділерін алу үшін емдеу стоматологиясында қолданылады. Synea сериясының LS типті бұрыштық WА-56 LT/A ұштықтарының жаңа түрлері 1:1 ұштықтарын, ықшам жарықдиодты, батырмалы қысқышты, жалғыз спрейді көрсетеді, бұрыштық ұштықтарға арналған көмейдің диаметрі 2,35 мм., WА-56 A бұрыштық ұштығы WА-56 LT-дан жарықтандырғышының жоқтығымен ерекшеленеді. Шлангі бетіндегі 2 көгілдір сақинаның, муфтаның түрлі-түсті коды ISO 3964 стандартына сәйкес. Айналып тұратын құрал сайманның диаметрі (2,35мм.) ЕN ISO 1797-1:1995: дайындаушы-зауыттың құрал сайман үшін рұқсат берген ұзындығы 22мм.; қысқыштың минималды ұзындығы бекігенге дейін; Қозғалтқыштың айналуының максималды жиілігі 40000 айн/мин.; ISO 7785-2 сәйкес спрейлер (мл/мин) саны >50.; судың ұсынылатын қысымы (бар) 0,5-2.; Ауа-чипінің ұсынылатын қысымы (бар) > су қысымынан жоғары 1,5-3.

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006624

5

3

Стоматологиялық, жарықтандырғышы бар немесе жарықтандырғышсыз Synea HS сериясының, үлгісі TA-98 , турбиналы ұштығы

Тіркеу

1 . Батырмалы қысқыш , 2. W&H ROTO QUICK байланыстырғыш жүйесі , 3. Түтіктазалағыш , 4. Ықшам шыны таяқша , 5. Қосалқы шам

Фиброоптикасыз турбиналы HS түрдегі Synea сериясының ұштықтарының ТА-98 техникалық сипаттамасы: 11,5 мм.; Қуаты: 17 Вт.; Айналымдар саны 350.000 мин-1; FG бораның айналып тұратын құрал саймандары ЕN ISO 1797-1:1995 сәйкес; максималды ұзындықтағы диаметрі 1,6/22мм. құрайды; Салмағы 49гр.; Қысым деңгейі ±0,3 бар (2,2+0,3 бар).; Ауа шығыны 44л/мин; Спрей саны 80 мл/мин. дейін; Үш есе спрей; Шуыл деңгейі 57 дБ (А).

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006625

5

4

Стоматологиялық Alegra сериясының, үлгісі ТЕ-95 BC/RM турбиналы ұштығы

Тіркеу

1.Ұшты, 2.Батырма, 3.Спрей саңылауы, 4.Мандрен, 5.Турбиналы шлангі, 6.Турбиналы шлангі ажырандысы, 7.Аралық төсем, 8.Қосылыстар: әкелінетін ауа; салқындатқыш құрылғы (су); салқындатқыш ауа; кері ауа

Allegra сериясының стоматологиялық ұштықтары: бекітілген қосылыстары бар ТЕ-95 BC/RM кариесті қуыстарды дайындау, тесу, кесу, сепарациялау, тіс тіні мен пломбаны ақырғы өңдеу үшін тағайындалған.

Allegra сериясының стоматологиялық ұштықтарының түрлері: батырмасы бар турбиналы ТЕ-95 BC/RM 4-арналы стандартты қосылысы бар ұштықтарды көрсетеді, қуаты 12 Вт, бос жүріс кезіндегі айналым саны 330.000 айн/мин., қысымның жұмыс уақыты 2,2-2,5 бар., спрей түзуге арналған су мөлшері >50 мл./мин., ауа шығыны 42 Нл/мин., жалғыз спрей, ұшының диаметрі 12,2 мм., FG боры (турбиналы) 1,6/25 (Ш/L мм.,)

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006626

5

5

Емдеу стоматологиялық S сериясының S 9 үлгілі тіке ұштықтары

Тіркеу

1. Салқындатқыш құрылғыға арналған түтіктер ( реттеледі ), 2. Спрей арналарын тазалауға арналған инелер. 3. Тік ұштықтардың ұшы , 4. Қысқыш рычаг, 5. Білік , 6. Тізе элементі, 7. Жетекші элементтің білігі, 8.Қалыпқа келтірілген тұтқа, 9. Қысқыш рычаг бөліктері, 10.Тоқтатудың салқындатқыш құралына арналған шлангі

Стоматологиядағы S -9 сериясының емдеу ұштықтарының жаңа үлгілері герметиктілікке кепілдік береді, өйткені қызмет етуді талап етпейтін бас бөлігінің тығыздағыш жүйесімен жасақталған, ол сұйықтық пен кішкене бөліктердің өтіп кетуін болдырмайды. S сериясының тіке емдеу ұштығы рычагті немесе иілген (жіңішке) қысқыштарға ие, емдік борлар мен фрездер үшін диаметрі 2,35 мм., L=45 мм., немесе L=70 мм (Stryker жүйесін қоса), жетектің айналу жылдамдығы 40000-нан макс.300000 айн/мин-қа дейін, сыртқы спрей .

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006627

5

6

Стоматологиялық емдік бұрыштық WI-75 E/KM сериясының ұштығы

Тіркеу

1. Қысқышқа арналған батырмалар , 2. Алты қыры бар қысқыштар жүйесі , 3. Борды ішінен салқындатуға арналған салқындатқыш құрылғыға арналған түтік , 4. Салқындатқыш құрылғыға арналған түтік сыртындағы бүріккіш қысқышы , 5. Exco бүріккішінің қысқышы, 6.Салқындатқыш құрылғыға арналған шлангі, 7.Үш ұллы қосқыш, 8.Қондырғының салқындатқыш құрылғысына арналған шлангі, 9.Спрей арналарын тазалауға арналған ине

Стоматологиялық WI-75 E/KM үлгісінің бұрыштық бөлшектенбейтін емдік хирургиялық ұштықтарының жаңа үлгілері герметиктілікке кепілдік береді, өйткені қызмет етуді талап етпейтін бас бөлігінің тығыздағыш жүйесімен жасақталған, ол сұйықтық пен кішкене бөліктердің өтіп кетуін болдырмайды. Стоматологиялық бұрыштық хирургиялық WI-75 ұштықтар 20:1 беріліс қатынасына, батырмалы қысқышқа, сыртқы спрейге, Kircshner/Meyer ұштығы арқылы борды салқындату жүйесіне ие, хирургиялық борлар мен фрездер үшін 2,35 мм., бұрыштық ұштықтар үшін (сырық материалының қаттылығы >50 С Роквелл шкаласы бойынша >520 Виккерс бойынша).

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006628

5

7

Арналарды пломбалауға арналған Атацамит цементі

Тіркеу

1. Ұнтақ - 10гр.,

2. Сұйықтық - 20 гр.

Атацамит бұл арналарды пломбалауға арналған цемент, рентгеноконтрасттылы, ұнтақ құрамында тотықтың, кальций-силикаттың, кальций-кальций алюминатының, титан тотығының, церий тотығының, мыс тотығы хлоридінің, магний гексафторсиликатының, поливинилпирролидонның тернерлі бөлшектері бар. Ұнтақты ерітуге арналған сұйықтықтың химиялық құрамында: жоғарымайдалы кальцийдің гидрототығы, тазартылған су. Атацамит-әлсіз байланысқыш қаттылығы төмен сілтілі цемент. Цементті кальций гидрототығына араластырған кезде ерітуге арналған сұйықтықтан кальций гидрототығының көп мөлшері қосымша келіп түседі, ол кальций тотығы үштігінің бөлшектері сумен реакцияға түсу нәтижесінде түзіледі. Жарамдылық мерзімі – 5жыл.

HUMANCHEMIE GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006630

5

8

Дентин-гермети ктегіш ликвид

Тіркеу

1. №1 препарат 20 мл., немесе 5 мл., дентинді алғаш өңдеуге арналған сұйықтық, 2. №2 препарат 20 мл., немесе 5 мл, екінші өңдеуге арналған сұйықтық

Дентин-герметиктегіш ликвид өзінің құрамы бойынша сұйықтық болып табылады. №1 препараттың құрамында магнийдің фторлы силикатэксагидраты, II мыс сульфатпентагидраты, фторлы натрий /тұрақтандырғыш/, тазартылған су бар. №2 препараттың құрамында кальцийдің жоғарымайдалы гидрототығы, метилцеллюлоза, тазартылған су бар. Дентинді герметиктеу жоғарыда аталған №1 және №2 препараттарды ретімен жағу нәтижесінде болады. Бұл жағдайда дентинді арналарда және қуыстың түбінде фторлы кальцийдің, магнийдің және ІІ-мыстың субмикроскопиялық кішкене кристалдарының шөгінділері бар кремний қышқылының жоғарымолекулярлық полимері түзіледі. Бұл субстанция болып табылады. Дантин мен пульпаны барлық агенттерден, әсіресе цементтерден, соның ішінде қолданған кезде жасанды материалдарды түзетін фосфатты мономерлерден бөлініп шығатын қышқылдардан сенімді қорғайды. Қуысты дентин-герметиктегіш ликвидпен өңдеу барлық пломбалау материалдарын қолдану кезінде аралық төсемдерді қолданбауға мүмкіндік береді. Металлокерамикалық және керамикалық коронкалар орнату кезінде тісті депульпирлеу қажеттілігі болмайды. Жоғары концентрациялы фтор иондары және мыс иондары бактерияларды өлтіреді және коллагенді бұзатын микробтар ферментін өлтіреді. Мыстың бактерияларды өлтіруі қышқыл әсерімен тұрақты жаңартылып тұрады. Аталған механизмдер кариестің және екінші кариестің рецивидтерінің тиімді алдын алуға алып келеді.

Жарамдылық мерзімі – 5 жыл.

HUMANCHEMIE GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006631

5

9

Стоматологиялық жоғарыдисперсті кальций гидрототығының пастасы 5 гр.

Тіркеу


 

Кальций гидрототығының сүттігі, мыс-кальций гидрототығының сүттігі секілді протеолиз арқылы кез келген микроағзаларды және зиянды, орнын басатын белоктарды, қосылыстарды бұзу қабілетіне ие. Түпнұсқа физико-химиялық технологияның негізінде негізгі құрамдас бөліктері гидроксокупралдың теріс иондары, гидрототықты иондар және мыс годрототығының теріс зарядталған коллоидті бөлшектері болып табылатын күрделі зат пайда болды. Электр өрісінің әсерімен иондар мен зарядталған бөлшектер қисаюдың оң полюстеріне жылжиды. Кальций гидрототығы – жоғарыдисперсі кальцийдің жоғарыдисперсті гидрототығынан, метилцеллюлозадан, тазартылған судан тұрады. Кальцидің жоғарыдисперсті гидрототығының қабілеті барлық микроағзаларды өлтіреді, соның ішінде жағымсыз формалар оның жоғары сілтілігімен түсіндіріледі (>12,4). Ұнтақты ерітуге арналған сұйықтықтың химиялық құрамында: жоғарыдисперсті кальций гидрототығы, тазартылған су.

Стоматологияда жоғарыдисперсті кальций гидрототығы купралмен (мыс-кальций гидрототығы); "мыс-кальций гидрототығы депофорезі" әдісін жүргізу үшін атацамит-цементпен бірге қолданылады.

HUMANCHEMIE GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006632

5

10

Бекіту және орнату элементтері бар Quick-Lingual Brackets б рекет- жүйе

Тіркеу

1. №20 қаптамадағы "Quick-Lingual Brackets" брекеттер. 2. Нитинолды ортодонтикалық доғалар: №10 қаптамада Forestaflex, диаметрі 016", ұзындығы 0,40мм.; №10 қаптамадағы Betaflex, диаметрі 016", ұзындығы 0,40мм.; №2 қаптамадағы Biotorque, №10 қаптамадағы Titanol Spee-arches, диаметрі 016", ұзындығы 0,40мм., 3. Ортодонтикалық серіппелер: №2 қаптамадағы ит тістерді ретракциялауға арналған нитинолды Hybrid Retractor; №2 қаптамадағы күрделі таңдай доғасы Compound Palatal Bar, №10 қаптамадағы Titanol - Instant Compression Spring, №3 қаптамадағы Distalizing Spring, 4. Ортодонтикалық бұрандалар: №2 қаптамадағы созғыш ықшам бұранда Compact traction screw; №2 қаптамадағы кеңейткіш және созғыш бұранда Traction and compression screw; №2 қаптамадағы Диастемаға арналған бұрында Diastema screw, 5.Ортодонтикалық сым Forestanit ұзындығы 0,25мм, 6.Ортодонтикалық майысқақ тартқыштар: майысқақ тізбек For- Elastics ұзындығы 1,5м, Майысқақ лигатуралар Happy-Elastics қаптамада 5 дана, cеператор Seperator қаптамада 100 дана, және майысқақ сақиналар For-Fruit-Lain қаптамада 40 дана, 7.Тегістеуге арналған бандажды сақиналар, Ортодонтикалық қарапайым металл сақиналар Molar bands жоғарғы жаққа арналған металл сақиналар, қамтамада 2 дана, төменгі жаққа арналған қаптамада 2 дана, 8. Forestadent-Laser-Facebow беттік доғасы бар төменгі бет тартқыштар Bio-Low, Bio-High-Pull беттік жоғарғы тартқыштар, Safe-Facebow-System беттік тартқыш жүйесі.

Forestadent өндірісінің "Quick-Lingual Brackets" брекет жүйесі және алмалы салмалы және алынбайтын ортодонтикалық аппараттарды қалыптастыруға арналған құралдарды дәрігер-ортодонт дұрыс емес тістемді түзету және тістерді емдеу үшін қолданады. Осы жүйеде барлық клиникалық жағдайларда брекеттерді бекітуге арналған барлық қажетті құралдар қарастырылған. "Quick-Lingual Brackets" брекет жүйесі пациенттердің салып жүруіне ыңғайлы, өйткені тіл жағынан ішінен орнатуға мүмкіндік береді, біріншіден ол көзге көрінбейді, ал екіншіден созылу күші қысқа уақыт аралығында қалаған нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Брекеттер дәнекерлеусіз ұнтақ металлургиясы әдісімен дайындалған. Мұндағы жаңалық брекет пен негіздің монодитті жасалуында. Жаңа материалдардың арқасында жоғары беріктілік қамтамасыз етілген. Коррозиялық тұрақтылығы жоғары. Саңылауларды жоғары дәлділікпен өңдеу. Оның беттерін жақсартылған өңдеу, ол саңылаудағы доғаның жеңіл жылжуын және емдеудің анағұрлым аз уақытын қамтиды. Полиоксиметилен-материал, тозуға төзімділігі жоғары, қажалу коэффициенті төмен жарыққа төзімді. Жеткілікті абразивтік және өзекке төзімділік 18 айдан кейін тұрақты түс береді. Ерекше дизайн және торлы негіз бекітудің керемет күші. Торкті қорғау: үлкен күш түскен жағдайда, артық күшті алып тастауға және түбірінің кері сорылуын болдырмауға септігін тигізе отырып материалдың ерекше сипаттамасы қолданылады. Бандажды сақиналар лингвальді және щечті беттердің анатомиялық формасына ие. Тістердің арасындағы кеңістіктердің орнатпасы қысылу және лазерлі таңбалау әсері бар жұқа стенка есебінен жеңіл.


 

Forestadent Bernhard Forster GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006633

5

11

Бекіту және орнату элементтері бар Mini-Sprint-Моnо-Brilliant-Aspire-Brаkets брекет-жүйе

Тіркеу

1. №20 қаптамадағы "Mini-Sprint-Моnо-Brilliant-Aspire-Brаkets" брекеттер, 2. Нитинолды ортодонтикалық доғалар: №2 қаптамадағы BioStarter, 3.Ортодонтикалық серіппелер: №10 қаптамадағы Titanol Instant Tension Spring нитинолды жапқыш серіппе, 4. Ортодонтикалық бұрандалар: №2 қаптамадағы әмбебап кеңейткіш бұрандалар Universal expantion screws; №2 қаптамадағы жоғарғы және төменгі жаққа арналған кеңейткіш бұрандалар Maxillary, Mandibular expantion screw; №2 қаптамадағы үш өлшемді кеңейткіш бұранда The Memory three dimensional expansion screws; 5.№50 қаптамадағы ортодонтикалық сым Preformed Ligature Wire, 6.Ортодонтикалық майысқақ тартқыштар: майысқақ түтік Plasto-Flex, майысқақ лигатурлар Happy-Elastics қаптамада 5 дана, сеператор Seperator қаптамада 100 дана, майысқақ сақиналар For-Fruit-Lain, қаптамада 4 дана, протездерге арналған жапсырмалар Happy-Design, қаптамада 10 дана. 7. Easy-Fit металл сақиналарының тегістегіштеріне арналған бандажды сақиналар, жоғарғы жақты тегістеуге арналған құлып-түтік Flat –line бар, қаптамада 2 дана, төменгі жақты тегістеуге арналған Flat –line құлып-түтіктері бар Dura-Fit металл сақиналар, қаптамада 2 дана, 8.Беттік тартқыш жүйесі Safe-Facebow-System.

Forestadent өндірісінің брекет жүйесі және алмалы салмалы және алынбайтын ортодонтикалық аппараттарды қалыптастыруға арналған құралдарды дәрігер-ортодонт дұрыс емес тістемді түзету және тістерді емдеу үшін қолданады. Брекеттер дәнекерлеусіз ұнтақ металлургиясы әдісімен дайындалған. Мұндағы жаңалық брекет пен негіздің монодитті жасалуында. Жаңа материалдардың арқасында жоғары беріктілік қамтамасыз етілген. Коррозиялық тұрақтылығы жоғары. Ілмектері сынбайды. Брекет қанатшаларының дизайны жаңа. "Mini-Sprint-Моnо-Brilliant-Aspire-Brаkets" брекеттері басқа үлгідеге брекеттерге қарағанда кішірек және анағұрлым майысқақ. Брекет негізі ілмек тәрізді кертіктер түрінде жасалған. Брекеттердің тіске бекі сенімділігі кішкене-ұяшықтарды негізі бар брекеттерге қарағанда 30% жоғары. Саңылауларды жоғары дәлділікпен өңдеу. Оның беттерін жақсартылған өңдеу, ол саңылаудағы доғаның жеңіл жылжуын және емдеудің анағұрлым аз уақытын қамтиды. Полиоксиметилен-материал, тозуға төзімділігі жоғары, қажалу коэффициенті төмен жарыққа төзімді. Жеткілікті абразивтік және өзекке төзімділік 18 айдан кейін тұрақты түс береді. Ерекше дизайн және торлы негіз бекітудің керемет күші. Торкті қорғау: үлкен күш түскен жағдайда, артық күшті алып тастауға және түбірінің кері сорылуын болдырмауға септігін тигізе отырып материалдың ерекше сипаттамасы қолданылады. Бандажды сақиналар лингвальді және щечті беттердің анатомиялық формасына ие. Тістердің арасындағы кеңістіктердің орнатпасы қысылу және лазерлі таңбалау әсері бар жұқа стенка есебінен жеңіл. Flat -line құлыптары бар Dura-Fit бандажды сақиналардың формасы нақты анатомиялық контурға, төзімді материалға ие, ішкі қабырғасы құмағынымен өңделген. Easy-Fit формасы нақты анатомиялық контур мен жеңіл материалға ие.

Forestadent Bernhard Forster GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006634

5

12

Виролиз

Тіркеу


 

Виролиз – респираторлы инфекциялардан қорғау үшін тағайындалған табиғи құрыл өсімдік целлюлозасының, жалбыздың және сарымсақ сіріндісінің ерекше қоспасын көрсетеді.

30 күн қолдануға есептелген.

Виролиз біз мұрын арқылы тыныс алатын бактериялар мен вирустардан жылдам, тиімді қорғауды қамтамасыз ететін клиникалық сынақ, табиғи мұрынға арналған ұнтақ спрей болып табылады .

Виролиз
ді ересектер, жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдер, сонымен қатар ерексектердің бақылауымен балалар қабылдай алады .

Виролиз
мұрын арқылы тыныс алу үшін пластик флаконнан мұрын қуысына толтыру жолымен қолдану үшін тағайындалған , бұл жағдайда бір рет басу 2.5 мг ұнтақты сыртқа шығарады. Спрей-дозатордағы ұнтақ мұрын шырышты қабатына түсе отырып мұрын қуысын қаптайтын берік гель тәрізді пленканы түзеді, мұрын жолдарының шырышты қабаттарымен байланысуға жол бермеу арқылы респираторлы инфекция қоздырғыштарына арналған табиғи кедергі болады.

Назализ Лтд., ҰЛЫБРИТАНИЯ

ҚР-МТ-5№006723

5

13

Advantage механикалық екі жармалы қақпақ: Митральді, өлшемі: 23, 25, 27, 29, 31, 33 мм, Аортальді, өлшемі: 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31 мм

Тіркеу

1.Қақпақ ұстауышы С7760А/ С7760М, 2.Қақпақ тұтқасы 7639, 3.Өлшеуіштер жинағы F7760A/ F7760M, 4.қақпақты айналдыруға арналған скоба 7689, 5.Керек жарақтарға арналған бокс Т7645АА/ Т7640АМ

Advantage қақпағы – тиімді имплантация үшін жарманың бекітілуін және төменгі профильді жақсартатын SureFlow технологиясының орталық ағынның ұлғайтылған алаңынан тұратын жалғыз қақпақ. Бұл ерекше комбинация қақпақты екі жармалы қақпақтар технологиясының жаңа стандартын жасайды. Қақпақ жармаларының арасындағы арақашықтықты ұлғайту есебінде орталық қаналының үлкен алаңы мен турбуленттілікті азайтуға қол жеткізіледі. Патенттелген дизайн кең зерттеулер мен қазіргі заманғы технологиялармен бірге қақпақ жармасының бекітілуін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Бекітулерді қорғауға арналған томпақтар жоқ, бұл қақпақ имплантациясын жеңілдетеді. Сақина тінінің айтарлықтай көп саны жіктерді ыңғайлы және жеңіл салуды қамтамасыз етеді. Қақпақ пиролитикалық көміртегі қорабына салынған екі радо өткізбейтін пиролитикалық көміртегі жармаларынан тұрады. Айналдыруға арналған скоба хирургиялық имплантацияны жеңілдету үшін қақпақтарға бекітілген. Қақпақтар қосымшаны жою және тасымалдау және қолдану кезінде қорғанысты қамтамасыз ету үшін ұстауышқа орнатылған. Егер мөр және қаптама ашылмаған және бүлінбеген болса, қақпақтар стерилденген және пирогенді емес болып табылады. Этиленоксидпен стерилденген. Медициналық бұйым тағайындамасы: механикалық жүрек қақпағын имплантациялау жолымен жүрек қақпақшаларының ауруларын хирургиялық емдеуге, сонымен қатар жүрек қақпағының бүлінген протезін ауыстыруға арналған

Медициналық тағайындамадағы бұйымды сақтау мерзімі: 5 жыл, стерилденген қақпағын ашпай. Этиленоксидпен стерилденген. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін қолданбаңыз. Сақтау температурасы 15°C-ден 25°C-ге дейін (59°F-ден 77°F-дейін) құрауы керек. Бұйымның қаптама лейбліндегі жарамдылық мерзімінің аяқталу күнін міндетті түрде тексеріңіз. Қатыстық ылғалдылығы: 95 %-дан. Атмосфералық қысымы: 500-ден 1050 гПа-ға дейін, ылғалдылығы шектелген; стерилденген қаптамасы бүлінген жағдайда бұйымды қолданбаңыз.

Medtronic Inc., АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

ҚР -МТ-5№006724

5

14

Эмаль-гермети ктегіш ликвид ( терең фторид)

Қайта тіркеу

1. №1 препарат 20 мл., немесе 5 мл., алғаш өңдеуге арналған сұйықтық, 2. №2 препарат 20 мл., немесе 5 мл., алғаш өңдеуге арналған сұйықтық

Химиялық құрамында: №1 препаратта эмаль-герметиктегіш ликвид (терең фторид) магнийдің сусыз фторлы силикаты, ІІ мыстың сусыз фторлы силикаты, фторлы натрий (тұрақтандырғыш ретінде), тазартылған су. №2 препаратта жоғарыдисперсті кальций гидрототығы, метиллюлоза, тазартылған су бар.

Тифенфлюоридин құрамындағы эмаль-герметиктегіш ликвид тістің қатты субстанциясына бірінен соң бірі жағылатын жоғарыдисперсті кальций гидрототығымен бірігіп эмаль мен тіс мойынының қатты субстанциясын тереңнен фторлануын қамтамасыз етеді, тереңнен фторландыру арқылы кариестің алдын алуды, эмальдің минералды герметиктілігін, фиссурды, тұқылды және тереңдегі, тұқылға өте жақын орналасқан қуыстарды өңдеуді қамтамасыз етеді.

Humanchemie GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006622

5

15

Стоматологиялық мыс-кальций гидрототығының пастасы (купрал) 15гр.

Қайта тіркеу


 

Мыс-кальций (купрал) гидрототығы бұл мыс гидрототығы мен кальций гидрототығының жай ғана қоспасы емес, ол гидрокупраты бар метатұрақтандырылған тепе-тең жүйе, оның аниондары депофорез кезінде электр тоғының әсерімен апикальді бағытқа жылжиды. Тұрақтандырылған химиялық тепе-тең жүйедегі құрамдас бөліктер: жоғары теріс заряды бар ІІ мыс гидрототығының нанобөлшектері , гидроксокупрат аниондары, кальций сульфатдигидраты, кальцийдің жоғарыдисперсті гидрототығы, метилцеллюлоза, тазартылған су. Кальций гидрототығының сүттігі, мыс-кальций гидрототығының сүттігі секілді протеолиз жолымен кез келген микроағзалар мен зиянды, қауіпті белоктарды, қосылыстарды бұзу қабілетіне ие. Түпнұсқа физико-химиялық технологияның негізінде негізгі құрамдас бөліктері гидроксокупралдың теріс иондары, гидроксильді иондар және мыс гидрототығының теріс зарядталған коллоидті бөліктері табылатын күрделі зат пайда болды. Электр өрісінің әсерімен иондар және зарядталған бөлшектер қисықтық оң полюсіне ауысады.

Стоматологияда купрал (мыс-кальций гидрототығы) жоғарыдисперсті кальцийдің гидрототығымен, "мыс-кальций гидрототығы депофорезі" әдісімен тісті емдеу мақсатында пломбалауға арналған атацамит-цементпен бірге кешендік қолданылады.

жарамдылық мерзімі 5 жыл.

Humanchemie GmbH, ГЕРМАНИЯ

ҚР -МТ-5№006623

5

16

LS типті Trend ұштығына арналған стоматологиялық п невмомотор AC-20 RM

Қайта тіркеу


 

LS типті Trend ұштығына арналған стоматологиялық пневмомотор AC-20 бұл төрт саңылауы (MidWest) бар стандартты бекітілген қосылысты микромотор. Осы микромотор жинақтаушы бөлшектерсіз, спрейсіз жеткізіледі, жылдамдығы 5000-нан 20 000 айналым минутына. Пневмомотор AC-20 RM тікелей өткізгіш шлангіге орнатылады. Стоматологиялық пневмомотор AC-20 RM пациент тістерін өңдеу үшін тек қана стоматологиялық тәжірибеде қолданылатын LS типті Trend ұштығының жұмысын қамтамасыз ету үшін тағайындалған.

W&H Dentalwerk Burmoos GmbH, АВСТРИЯ

ҚР -МТ-5№006629

5