Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 330 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қазанда № 9-3-117 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестікке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
"орта және бастауыш кәсіби білімі бар түлектер;
ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
бұдан бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар;