«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:










Отправить по почте
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат;
4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақ пен үй-жайдың тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мынадай құжаттар бойынша мәлімет алады:
1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы;
2) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжат және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;
3) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжат.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
1) ХҚО-ға – мыналар:
құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхаттың негізінде ХҚО қызметкерімен жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
10. Мыналар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң анық еместігі және (немесе) толық болмауы;
3) техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне анық емес мынайдай негіздер бойынша алып тастау:
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару;
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы қаулыға 3-косымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы
№ қаулысымен
бекiтiлген
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм):
1) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу;
2) техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық қарап тексеру жүргiзу тәртiбiнiң және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдiк нақтыланатын техникалық қарап тексеру операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.
4. Тiзiлiмде енгізілуді және оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары (бұдан әрi – көлiктiк бақылау органдары) ұсынған ақпарат негiзiнде жүзеге асырады.
2. Тiзiлiмдi жүргiзудiң тәртiбi
5. Тiзiлiмге енгізілу:
1) дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғаның көлiктiк бақылау органдарына өзiнiң тiркелген орны бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуды;
2) көлiктiк бақылау органдарының Тiзiлiмге енгiзу немесе оған енгiзуден бас тарту туралы шешiмдi қарауын, қабылдауын қарастырады.
6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы не куәлiкті;
3) дара кәсiпкер үшiн – жеке басты куәландыратын құжатты және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiкті;
4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы белгісі бар, техникалық қарап тексеру операторының жылжымайтын мүлікке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжатты;
5) дайындаушы зауыт беретін бастапқы өлшеп тексеру мерзімі көрсетілген сынақ жабдығы мен өлшеу құралдары паспорттарының көшірмелері және (немесе) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріле отырып, өлшеу құралдарын тексеру және сынақ жабдығына аттестаттау жүргізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері. Түпнұсқалар салыстырылып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады;
6) өтініш беруші техникалық қарап тексеру орталығын ұйымдастыру үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын сынақ жабдықтары және өлшеу құралдары туралы ақпарат;
7) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақ пен үй-жайдың тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
7. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.
8. Ұсынған құжаттарды және өтінішті қарау нәтижелер бойынша көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiнi Тiзiлiмге енгiзу немесе Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
9. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм көлiктiк бақылау органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығы нысанында ресiмделедi.
Тiзiлiмге енгiзгенде немесе тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген мерзiм ішінде тiзiлiмге енгiзу туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды жiбередi.
10. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
1) техникалық қарап тексеру операторының атауын;
2) техникалық қарап тексеру операторының мекенжайын (индекс, облыс, аудан, қала (ауыл, село), көше, үй), байланыс телефоны, электрондық поштаның адресі;
3) техникалық қарап тексерудің стационарлық желiсiнiң орналасқан жерiн;
4) техникалық қарап тексерудің стационарлық және ұтқыр желiлерiнiң үлгiсiн және санын;
5) техникалық қарап тексеру операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
11. Уәкілетті орган тұрақты негізде өзiнiң www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
Жаңа техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізілімде мәліметтер өзгерген жағдайда уәкілетті орган мұндай ақпарат түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырылған тізілімнің жаңартуын жүзеге асырады.
12. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық қарап тексеру операторы көлiктiк бақылау органдарына тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың өзгерiстерi туралы осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
13. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттардың өзгерiстерi туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық қарап тексеру операторының құжаттарының өзгерiстерi туралы ақпаратты ұсынады.
14. Тiзiлiмге енгiзуден бас тарту үшiн:
1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң анық еместігі және (немесе) толық болмауы;
3) осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты ай iшiнде Тiзiлiмнен алып тастау негiз болып табылады.
15. Тiзiлiмге енгiзуден бас тартуға негiз болған себептердi жойғаннан кейiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қайта ұсынады.
16. Тiзiлiмнен алып тастау үшiн:
1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
3) техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсетулер бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
17. Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiнен алып тастау туралы хабарлама тiзiлiмiнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
18. Көлiктiк бақылау органдары Тiзiлiмнен алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
_________________________
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
1-қосымша
Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi
| Р/с № | Техника- лық қарап тексеру операто-рының атауы | Техника-лық қарап тексеру операторы-ның мекенжайы (индекс, обл ы с, аудан , қала ( ауыл , село), көше , үй ), байланыс телефоны, электрондық поштаның адресі | Техника-лық қарап тексеру-дің стацио - нарлық желiсiнiң орналас- қан жерi | Техника- лық қарап тексеру-дің стацио - нарлық желiсiнiң жұмыс iстеу режимi | Техника- лық қарап тексеру-дің стацио- нарлық желiсiнiң типi және саны | Техника- лық қарап тексеру-дің ұтқыр желiсiнiң типi және саны | Техника- лық қарап тексеру операто- лары қызметi-нiң өңiрi | Техника- лық қарап тексеру операторы- ның тiзiлiмi- не енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтыру-лар | Техника- лық қарап тексеру операто рының тiзiлiмi- нен алып тастау |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
2-қосымша
Сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат
1. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын сынақ жабдықтары (бұдан әрi - СЖ)
| Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер) | СЖ атауы, типі (маркасы), жасаушы зауытты және түгендеу нөмiрлерi | Негiзгi техникалық сипаттамалары | Пайдалануға берiлген жылы | СЖ аттестаттау жөнiндегi құжаттың күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Техникалық қарап тексеру орталығында қолданылатын өлшеу құралдары (бұдан әрi - ӨҚ)
| Анықталатын сипаттамалар (көрсеткiштер) | ӨҚ атауы, типі (маркасы), жасаушы зауыттың және түгендеу нөмiрлерi | Негiзгi техникалық сипаттамалары | Пайдалануға берiлген жылы | Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификаттың (куәлiктiң) күнi мен нөмiрi, кезеңдiлiгi |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
_________________________
Техникалық қарап тексеру
операторларының тiзiлiмiн жүргiзу
қағидаларына
3-қосымша
Техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайларының
сәйкестігі туралы ақпарат
| Р/с № | Мазмұны | Ақпаратты растау ( сәйкес келеді иә/жоқ ) |
| 1 | Техникалық қарап тексеру орталығы аумағының ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері. Талаптарына сәйкестігі |
|
| 2 | Техникалық қарап тексеру орталығы үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері. Талаптарына сәйкестігі |
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы
№ қаулысына
1-қосымша
«Техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
___________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көлiктiк бақылау
органының басшысына
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуге
өтiнiш
Сiздi ______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН)
________________________________________________________________________________
мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (ауыл, село), көше, үй), байланыс телефоны, ______________________________________ мекенжайы бойынша механикалық көлiк
электрондық поштаның адресі
құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуiңiздi сұраймын.
Меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығында орналасқан жылжымайтың мүліктің кадастрлік нөмірі және орналасқан жерінің мекен-жайы __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң ____ бiрлiгi және техникалық байқаудың мобильдi желiсiнiң ____ бiрлiгi бар.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________ ___________________________________________________________
М.О. 20___ жылғы «____»__________
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегi мәлiметтердi пайдалануға келісемін ____________________________________
20___ жылғы «____»__________
____________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы
№ қаулысына
2-қосымша
«Техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайларының
сәйкестігі туралы ақпарат
| Р/с № | Мазмұны | Ақпаратты растау ( сәйкес келеді иә/жоқ ) |
| 1 | Техникалық қарап тексеру орталығы аумағының ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері. Талаптарына сәйкестігі |
|
| 2 | Техникалық қарап тексеру орталығы үй-жайының ҚР СТ 1811-2011 Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап тексеру. Бақылау әдістері. Талаптарына сәйкестігі |
|
____________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы
№ қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған
кейбiр шешiмдерiнің тізбесі
1. «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 475-құжат);
2. «Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 904-құжат);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы;
4. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 175-құжат) 1-тармағының 7) тармақшасы.
__________________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаға 2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы
есеп
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының атауы)
1. «электронды үкімет» www.e.gov.kz және Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz веб- порталы ____________________________________________________________________________________________
(жария талқылау нәтижесінде пысықталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасымен таныстыру тәсілі)
2. 2014 жылғы 11.07. бастап 2014 жылғы 11.08. дейін _______________________________________________________
(Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасына жария талқылау жүргізу кезеңі)
3.____________________________________________________________________________________________________
(өзге де пайдалы ақпарат)
| р/с № | Ескерту немесе ұсыныс | Қысқаша мазмұны | Қабылдау және қабылдамау жөніндегі негіздемелер |
| 1 | жоқ | жоқ | жоқ |
| 2 | жоқ | жоқ | жоқ |
| 3 | жоқ | жоқ | жоқ |
Қосымша ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау барысында есепке алынған және есепке алынбаған ескертулер мен ұсыныстар саны туралы статистикалық ақпарат.
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылды.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылады.
Осыған байланысты «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасымен «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қабылданған мынадай Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының:
1) «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысының;
2) «Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1003 қаулысының;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағының;
4) «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысының 1-тармағының 7) тармақшасының күші жойылды деп тану көзделген.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешов
2014 жылғы «___» _________
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте
| р/с№ | Құрылым дық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Енгізілетін түзетулердің негіздемесі | ||||||||||
| « Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысы «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||||||||||||||
| 1. | 2-тармақ | 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. | 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. | «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен сәйкес келтіру. | ||||||||||
| 2. | 3-тармақ | 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) Министрлiктiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру: 1) Министрлiктiң Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО); 2) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады. | 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
| «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен сәйкес келтіру. | ||||||||||
| 3. | 4-тармақ | 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. | 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; 2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына және «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қ азақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру.
| ||||||||||
| 4. | 9-тармақ | 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі; 3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртаңба қойылған, жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшiрмелерi; 5) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері; 6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат. Бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi алушы ХҚО-ға көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшiн ұсынады. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi портал арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ақпараттық мониторингiлеу жүйесi арқылы уәкiлеттi адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi берушi, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды берген кезде: 1) ХҚО-ға – мыналар: құжаттың нөмiрi және қабылданған күнi; сұрау салынған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауы; қоса берiлген құжаттардың атауы мен саны; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны; құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты; көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке тұлғалар үшiн) немесе атауы (заңды тұлғалар үшiн), байланыс деректерi көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi; 2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алатын күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрiнедi. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру туралы хабарламаны алғаннан кейiн, жеке өзi келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгiленген нысандағы сенiмхатты ұсынған кезде тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негiзiнде, онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады. Портал арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн электрондық сұрау салу берген кезде көрсетiлетiн кызметтi алушының порталдағы «жеке кабинетiне» белгiленген мерзiмде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi жолданады. | 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат; 4) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақ пен үй-жайдың тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мынадай құжаттар бойынша мәлімет алады: 1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы; 2) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжат және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік; 3) техникалық қарап тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжат. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде: 1) ХҚО-ға – мыналар: құжаттың нөмірі және қабылданған күні; сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы; қоса берілген құжаттардың атауы мен саны; мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны; құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты; көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі; 2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхаттың негізінде ХҚО қызметкерімен жүзеге асырылады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
| «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қ азақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру
| ||||||||||
| 5. | 10-тармақ | 10. Мыналар: 1) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі; 2) мынадай негіздер: техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат беру; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. | 10. Мыналар: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; 2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң анық еместігі және (немесе) толық болмауы; 3) техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне анық емес мынайдай негіздер бойынша алып тастау: механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. | «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қ азақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру
| ||||||||||
| 6. | 1-қосымша
| «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
___________________ облысы (қаласы) бойынша аумақтық көлiктiк бақылау органының басшысына
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуге өтiнiш
Сiздi ______________________________________(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________ мекенжайы бойынша (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон) механикалық көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуiңiздi сұраймын. Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң ____ бiрлiгi және техникалық байқаудың мобильдi желiсiнiң ____ бiрлiгi бар. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: ____________________________________________________________________________ ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ _______________________________________________ _____________________ Қолы (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы) М.О. 20___ жылғы «____»__________ | «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша ___________________ облысы (қаласы) бойынша аумақтық көлiктiк бақылау органының басшысына
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуге өтiнiш
Сiздi _______________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, ЖСН/БСН) _______________________________________ мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (ауыл, село), көше, үй), байланыс телефоны, электрондық поштаның адресі механикалық көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуiңiздi сұраймын. Меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығында орналасқан жылжымайтың мүліктің кадастрлік нөмірі және орналасқан жерінің мекен-жайы ______________________________________________________________________________ Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң ____ бiрлiгi және техникалық байқаудың мобильдi желiсiнiң ____ бiрлiгi бар. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________ Қолы (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы) М.О. 20___ жылғы «____»__________ Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегi мәлiметтердi пайдалануға келісемін _______________________________________ 20___ жылғы «____»__________ | Редакцияны жаңарту. | ||||||||||
| 7. | 4-қосымша
| Жоқ. | «Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Техникалық қарап тексеру орталығының аумағы мен үй-жайларының сәйкестігі туралы ақпарат
| «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 89-бабы 2-тармағының 7) –тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкер мен заңды тұлғамен операторларының тiзiлiмiне енгiзгенде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша аумақ пен үй-жайдың тиісті стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат ұсынылады. Осыған байланысты, нысанды бекіту қажет. | ||||||||||
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешов
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 9) тармағына сәйкес, сондай-ақ «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №72-ө өкімін орындау үшін |
| 3 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді |
| 4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру бюджет қаражатын жұмсау қажеттігіне әкелмейді |
| 5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесiн жүргізу және олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету рәсімдерін жетілдіру мақсатында |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысы, «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысы |
| 7 | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Жоқ |
| 8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жеқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жүргізілген жоқ
|
| 9 | Өзге де мәліметтер |
|
| 10 | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы). | Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz және электрондық үкіметінің www.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 12 | Әлеуметтік маңызы бар, қаулы жобасының пресс-релизін мемлекеттік органдардың интернет қорына (веб-сайтта) орналастыру туралы ақпарат (пресс-релиз атауы, күні) | « Техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі 2014 жылдың 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешов
2014 жылғы «___» _________
Келісу ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
| Алынған күні | Мемлекеттік органдар, басшылар | Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.) | Келісу нәтижелері (қолы, күні) | Қайтарылған күні |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
|
|
|
|
| Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
|
|
|
|
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_______________________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының
ТІЗБЕСІ
| Р/с № | Құжаттардың атауы | Құжаттың нөмірі және күні | Парақ саны |
| 1 | ҚР Үкіметі қаулысының жобасы |
|
|
| 2 | Жобаға түсіндірме жазба |
|
|
| 3 | Жіберу көрсеткіші |
|
|
| 4 | Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері |
|
|
| 5 | Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының көшірмесі |
|
|
| 6 | Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі |
|
|
| 7 |
|
|
|
| 8 |
|
|
|
| 9 |
|
|
|
Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы ____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
Қолы ___________ күні ________
_______________________________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |