2009 жылғы 17 қаңтардағы РК-МТ-5№005883,
2009 жылғы 17 қаңтардағы РК-МТ-5№005884,
2009 жылғы 17 қаңтардағы РК-МТ-5№005885
нөмірлерімен тіркелген медицинаға арналған
бұйымдарды медицинада қолдануға
уақытша тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасының «Дәрі-дәрмектік заттар туралы» Заңы 32-2-бабының 2) және 3)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасында дәрі-дәрмектерді, медициналық техниканы және медицинаға арналған бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, тіркеу құжаттарының жинағына және дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізуге өзгерістер енгізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 635 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес қосымша сараптама жұмыстары есептерінің нәтижелерін алғанға дейін медицинаға арналған бұйымдарды медицинада қолдануға уақытша тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «дәрі-дәрмектерге, медицинаға арналған бұйымдарға, медициналық техникаға сараптама жүргізу Ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қоса беріліп отырған Тізбеге сәйкес медицинаға арналған бұйымдарға қосымша сараптама жұмыстарын жүргізсін және қорытындысын ұсынсын.
3. Фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық құрылымдарының директорлары: