• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Байменов А.М. мырзаға Мұсаева Дуриядан Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Байниязова көш. №19 үй тұрғыны телефон 31 037 Ш А Ғ Ы М 14.08.2010 жылы сағат 00:10 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған темір жол вокзалының манында, менің, жұбайым Асылбаев Садықбектың және қызым Жүсіпбекова Гүлзаттың көзінше балам Жүсіпбеков Бағдатты себепсізден себепсіз ауыл жігіттері, яғни Тұрсыматов Аңсат Оразбекұлы, Төребеков Нұркен Ғалымбекұлы, Сеитов Абзал Кеңесбекұлы, Қалилаев Еркебұлан Қазбекұлы және тағы басқа төрт жігіттер жабылып ұрып кетіп, оң жақ көзінің астындағы сүйегін сындырған. 14.08.2010 жылы түс мезгілінде Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық ауруханасының дәрігер хирургі Аблаев Талғат баламның бетіне сәтті операция жасады. 15.08.2010 жылы түске дейін балам жатқан Жаңақорған аудандық ауруханың хирургия бөлімшесіне, ешкімнің рұқсатынсыз баламды ұрған бір жігіттің әкесі Башаров Қазыбек пен Жаңақорған аудандық емхананың меңгерушісі Ысқақов Сәулебек екеуі кіріп барып, операциядан кейін кроватта жатқан баламның “көке қойсаныздаршы” дегеніне қарамастан, “ей жат, мен врачпын” деп күштеп кроваттан тұрғызбай басып тұрып, бетіндегі повязкасын жұлып алған. Осыдан кейін операция жасаған бетін баламның ауырсынғандықтан қарсылаласуына қарамастан, Ысқақов С. қолымен операция жасалған сүйекті бірнеше рет басып көріп, “ей іштенесі жоқ қой, все нормально” деп повязкасын қайта жапсырып, қолын бір сілтеп шығып кеткен. Жолдасым осы жағдайды естіп, дереу операция жасаған дәрігер Аблаев Талғатқа телефон шалып, ауруханада жатқан баламызды қандай дәрігерлер көруге рұқсаты бар деп сұрағанын. Аблаев Т. оған тек өзі және аурухана менгерушісі көре алатынын айтқанын. Осыдан кейін бет сүйегі сынып, соққыдан миы қатты шайқалған баламның мазасы кете бастады. 16.08.2010 жылы мен жолдасым екеуміз Жаңақорған аудандық ауруханасының бастығының орынбасары Т.Амитовке жолығып, “емхананың менгерушісі Ысқаков Сәулебек бір өзі баламды көруге құқығы бар ма” деп сұрағанымызда, ол сұрақ бойынша Сәулебекпен өздерініз шешініздер деген. 16.08.2010 жылы операция жасалған бет сүйегін қайта рентгенге түсіргенде, бет сүйектерінің қайта қозғалып кеткендігі анықталды. Мен балама емхана менгерушісі Ысқаков С. тағыда бір нәрсе істеп қояды деп, 17.08.2010 жылы баламызды Қызылорда облыстық ауруханасына алып келіп, 18 тамыз күні бет сүйегіне операция қайта жасалды. Операциядан кейін баламның бет сүйегі бірнеше жерден сынғандығы анықталды. Осы оқиға бойынша 22.09.2010 жылы куә ретінде сұралған Башаров Қазбек өз жауабында, “15 тамыз 2010 жылы Жаңақорған аудандық емханасының бастығы бұрыннан силасып журген әрі ағам ретінде араласып жүрген Ысқақов Сәулебекке менің балам Қалилаев Еркебұлан түнде Шалхия кентінде тұратын садықбек деген бұрыннан танитын адамның баласын ұрып, ол бала ауруханаға түскенін, ол баланың әке-шешесіне Шалхия кентіне кешірім сұрауға барайық, жасыныз үлкен, ауданда беделіңіз бар азаматсыз деп айттым. Ол келісті. Ол өзі дәрігер болған соң ауруханаға барып, баланың жағдайын көріп, қандай көмек кере екенін білейік деп Ысқаков С. ұсындым, сөйтіп екеуіміз аудандық ауруханаға бардық. Ауруханаға барып, Садықбектің баласы жатқан палатаға Ысқаков Сәулебек екеуіміз кірдік. Палатада Садықбектің баласы керуеттің үстінде жатыр екен. Ол баладан басқа палатада тағы бір ер адам жатыр екен. Садықбектің баласынан жағдайын сұрағанымды “құдайға шүкір, жақсы” деді. Содан Ысқақов Сәулебек оған бетіндегі жарақаты көріп жіберейін деді. Сөйтіп баланың бетіндегі лейкопластырьдың шетін жай ашып қарап, қайтадан жауып қойды. Садықбектің үйіне түстен кейін бардық, бірақ ол үйінде болмаған соң қайтып кеттік”. Ал Ысқақов С. өз жауабында, 15.08.2010 жылы шыныменде Жаңақорған аудандық ауруханаға, Б.Жүсіпбеков жатқан палатаға Башаров Қ. екеуі барғандарын, бірақ повязкаға тимегенін көрсеткен. С.Ысқаков негізінде Жаңақорған аудандық емхананың бас дәрігері ме, жоқ Башаровтың баласы Е.Қалилаевтың қорғаушысы ма? Неге ол аудандық ауруханада кезекшілікте тұрған дәрігердің, және хирург Т.Аблаевтың рұқсатынсыз, палатаға кіріп, білгенін жасайды? Қазіргі таңда баламның бетіне бірнеше мәрте операциялар жасады, және тағыда әлі бірнеше мәрте жасалынады. Осы жоғарыдағылардың негізінде және ҚР “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының 7-11 бабтарын басшылыққа алып, Сізден сұраймын: 1. Ауруханада деңе жарақатымен жатқан науқасқа қандай дәрігерлердің көруге рұқсаты бар? 2. Емхана меңгерушісін міндетіне, мемлекеттік қызметкер ретінде қаңдай міндеттер кіреді? 3. Демалыс күндері, аудандық емхананың (поликлиника) меңгерушісі бөтен бір адаммен бірге ешкімнің рұқсатынсыз аудандық аурухананың (больница) хирургия бөлімшесіне кіріп, өз қызметін асыра пайдаланып, ауыр халде жатқан науқасты қарап, оған деңе жарақатын салуға құқығы бар ма? 4. Жаңақорған аудандық емхананың менгерушісі С.Ысқаковтың функционалдық міндетіне қылмыскерді қорғау функциясы кіреді ма? 5. Осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, Жаңақорған аудандық емхананың менгерушісі Ысқақов Сәулебекті өз қызметін асыра пайдаланып, науқасқа деңе жарақатын салған үшін, өз қызметінен босатуды. 6. Осы шағым бойынша қабылданған дәлелді шешімді заңда белгіленген мерзім ішінде жауап беруді. Шағым иесі Мұсаева Дұрия.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Агентство Республики Казахстан по делам государственный службы ответ на вопрос от 31 августа 2011 г. № 97656