• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі ереже
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 7200 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

ҚР ҚНжЕ 3.01-03-2010 Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі ереже

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар
ҚР ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАР
Алғы сөз

ӘЗІРЛЕГЕН:

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ұсынған :

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті

ҚАБЫЛДАНҒАН

ЖӘНЕ ІСКЕ

ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12. 2010 ж. № 606 бұйрығымен

01.05.2011ж. бастап енгзілді .

орнына :

Қ НжЕ III -10-75

1 Жалпы ереже  
1.1 Қазақстан Республикасының аумағында кешенді абаттандыруды жобалау нормалары мен ережелері (бұдан әрі - нормалар мен ережелер) қауіпсіз, ыңғайлы және тартымды қала ортасын жасау үшін Қазақстан Республикасы елді жерлерінің әр түрлі аумағында абаттандырудың негізгі параметрлері мен қажетті минималды үйлесуін белгілейді.  
1.2 Нормалар мен ережелер жобалау, жобаларды сараптау, Қазақстан Республикасының аумағында абаттандыру шараларын жүзеге асыруды бақылау, абаттандырылған аумақтарды пайдалану кезінде міндетті. Нормалар мен ережелердің күші Қазақстан Республикасы қалаларының қалыптасқан, қалпына келтірілетін, жаңадан салынатын аумақтарына таралады.  
1.3 Қазақстан Республикасы қалаларының аумақтарында кешенді абаттандыруды жобалау адам денсаулығы, тарихи және табиғи ортаны қорғау талаптарын, халықтың жұмылдырылған топтарының қала аумақтарында кедергісіз қозғалу құқығын қамтамасыз етеді.  
1.4 Ескерту - адам денсаулығын қорғау талаптары қамтиды: өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық, құрылымдық, технологиялық, аурулар мен жарақат алуды болдырмайтын жоспарлық талаптарды.  
1.5 Нормалар мен ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына және Үкіметтің қаулыларына, нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес келеді, олардың тізімі А Қосымшасында келтірілген.
2 Нормативтік сілтемелер  
Осы нормалар мен ережелерде мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:  
ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2005 Шудан қорғау
ҚР ҚНмЕ II-89-80 « Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары»
ҚР ҚНмЕ III-10-75 «Аумақтарды абаттандыру, Жұмыс жасау және қабылдау ережесі»
ҚР ҚНмЕ 2. 01. 07-85 «Жүктемелер мен әсерлер»
МСН 2. 03-02-2002 «Аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғау»
ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен құрылыстар»
ҚР ҚНмЕ 2. 04. 03-85 «Кәріздендіру. Сыртқы тораптар»
ҚР ҚНмЕ 3. 06. 09-2006 «Автомобиль жолдары. »
ҚР ҚНмЕ 3. 01-02-2001 «Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және салу»
ҚР ҚНмЕ 3. 02-02-2009 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар
ҚР ҚНмЕ 3. 02. 01-87 «Жер құрылыстары, негіздер мен іргетастар»
ҚР ҚНмЕ 2. 02-05-2002 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі»
ҚР ҚНмЕ 2. 04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру. »
ҚР ҚНмЕ 3. 06. 15-2005 «Халықтың аз мобильді топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі»  
ҚР ҚНмЕ 3. 02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар»
ҚР ҚНмЕ 3. 02-25-2004 «Жалпы білім беретін мекемелер»
ҚР ҚНмЕ 3. 02-24-2004 «Мектепке дейінгі бала мекемелері»
ҚР СН 2. 02-05-2000 «Жеңіл автомобиль тұрақтары»
ҚР СН 4. 04-18-2003
ҚР СН 3. 03. -34-2006 «Қатты жол киімдерін жобалау бойынша нұсқаулық»
ҚР СН 3. 03-17-2001 «Т/ж үшін жерлерді бұруды жобалау нормалары мен ережелері»
МЕМСТ 1125-2002 «Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар. »
МЕМСТ 23457-86 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары»
МЕМСТ 3634-99 «Құдықтарға арналған шойын жаңбыр қабылдағыштар»
МЕМСТ 1278-2004 «Кедергілік типті металл жол қоршаулары»
ВСН 23-75 «Автомобиль жолдарын белгілеу бойынша нұсқаулар»
ПУЭ «Электр қондырғыларын салу ережелері» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бекітілген.  
3 Терминдер мен анықтамалар  
Осы нормалар мен ережелерде сәйкес анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:  
Абаттандыру элементтерінің нормаланатын (міндетті) кешені - қала аумағында қауіпсіз, ыңғайлы және тартымды қала ортасын жасау үшін абаттандыру элементтерінің қажетті минималды үйлесуі.
Аймақтық (типті аймақтық) - аумақтың табиғи-географиялық шарттарына байланысты өсу құрылымының сипаттамалары.
Алаңның жаяу жүргіншілер бөлігі  - жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін арналған кеңістіктер мен телімдер, алаңның барлық аумағына(өкілдік немесе мемориалды) немесе оның бөлігіне (объект ішілік) берілуі мүмкін.
Дене арқылы сезіну жамылғысы - үстірттік қабат фактурасының елеулі өзгерісінің жамылғысы.
Жаяу жүргінші аймақтары  - мынадай белгілі бір сипаттамаларға ие транзитті қозалыс мақсатында, серуендеу және мәдени - тұрмыстық мақсаттарда тұрғындардың қозғалысы жүзеге асырылатын қала аумағының телімдері: көшелерден тыс жылдамдықты және жер үсті қоғамдық көліктерінің аялдамаларының болуы, қызмет көрсету, тарихи ескерткіштер, мәдениет, рекреакция және т. б. объектілерінің шоғырлануы, жаяу жүргіншілер ағынының жоғары жиынтығы. Жаяу жүргіншілер аймағы эспаландтарда, жаяу жүргіншілер көшелерінде, қала алаңының жаяу жүргіншілер бөліктерінде қалыптасуы мүмкін.
Жаяу жүргіншілер көшелері  - бұл, әдетте, жаяу жүргіншілер қозғалысына бейімделген және көлік хабарламасы үшін жабық, түрлі аумақтар және қала аудандары арасындағы тарихи түрде қалыптасқан байланыстары. Жаяу жүргіншілер көшелерінің тиімді ұзындығын, 800-1200 м деп орнату ұсынылады, объектілердің екі жақты қабылдауына негізделе отырып - 10 м кем емес және 30 м көп емес (оптималды 12-20м).
Жер қыртысының санитарлық күйі  - эпидемиялық және гигиеналық қатынаста оның қауіпсіздік дәрежесі мен санасын анықтайтын жер қыртысының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Жер қыртысын жасайтын топырақ - жер қыртысын жасайтын процестермен өзгеретін топырақ, өсімдіктердің өмірін қамтамасыз ететін оптималды қасиеттерге ие.
Жиектасты пандус  - жаяу жүргінші жолынан жиектасты тастың жамылғысына батырылған немесе төмендетілуі арқылы өткелге шығуын қамтамасыз ететін имарат.