• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. «Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 379 қаулысындағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, ____ ж., №___, ____ бет):
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды. Республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыру қаржы институттары қарыз алушылардың негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын қайта қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден ақша қаражаттарын тартқан жағдайда, оның ішінде қаржы агентінің қатысуымен мүмкін болады.»;
1-қосымшадағы «Қаржылық сауықтыру бойынша Комиссия құрамы» кестесінің 3-жолы келесі редакцияда жазылсын:  
«
 

3.

БАЙБАЗАРОВ

Нұрлан

Серікұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры

»;
1-қосымшадағы «Қаржылық сауықтыру бойынша Комиссия құрамы» кестесінің 8-жолы келесі редакцияда жазылсын:  
«
 

8.

ОША Қ БАЕВ

Ра қы м С ә кен ұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

»;
  2. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысындағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, ____ ж., №___, ____ бет):
3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:  
«3) кредит – айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс мақсаттарына, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға несие берешегін қайта қаржыландыруды қоса, айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
3-тармақ келесі редакцияда 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) ауыл шаруашылығы малының шартты басы – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 13.09. бұйрығымен бекітілген ресурс теңгерімдерін құру және ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерін пайдалану бойынша басшылық бекіткен коэффициенттерге сәйкес ауыл шаруашылығы малдарының басын ірі қара малдың шартты басына ауысуы;
4-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«4. Субсидиялауға:
1) айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға АӨК саласындағы кредиттер;
2) технологиялық жабдық, ауыл шаруашылығы техникасы лизингі;
3) айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға бастапқы мақсатты пайдаланумен несие берешегін қайта қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемелері жатады.
Субсидиялауға қаржы лизингінің келесі нысандары (түрлері) жіберіледі:  ішкі лизинг, қайталама лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
Субсидиялау қайтарма лизингі, сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыға есептелген индекстеу субсидиялауға жатпайды.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Субсидиялау кредиттік шарттар бойынша теңгемен жылдық 14 %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.  
Бұл ретте құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды»
9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың (жиынтықтамада) мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
комбайндар, тракторлар, сепкіштер, су тасушылар;
өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
ауыстырылатын жұмыс органдары бар құрама әмбебап ілмектер;
мехкүректер;
барлық түрлері бар тырмалар;  
суландыру жүйелері;
тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
сығымдау-іріктеуіштер, маялауыштар;
жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;  
тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
сауу қондырғылары;
мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
автонауалар, жеке науалар;  
құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;  
сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;
сүт талдағыштар;  
сүт қабылдауға арналған қондырғылар;  
пастеризаторлар;
өзі құйып алатын сепараторлар;
деаэраторлар;
сүт майлылығын автоматты түрде стандарттау қондырғылары;
мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
сүт тасығыштар;  
зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;
шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);  
ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).
Егер осы тармақтың 1) тармақшасынан бастап 7) тармақшасына дейін көрсетілген техника мен жабдықты сатып алу кредиттік шартта көзделсе, онда Қарыз алушыда «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жүйесінде тіркелген 50-ден кем емес ауыл шаруашылығы малдарының шартты басының болуын растау ұсынылады. Бұл жағдайда бір Қарыз алушыға техника мен жабдықтың әрбір түрінің бір бірлігінен артық емес субсидиялауға жатады.  
Техника мен жабдықтың бір түрінің екінші және кейінгі бірлігі талап етілетін нормативке сәйкес Қарыз алушыда жеткілікті мал басы болған жағдайда осы тармақтың талаптарымен субсидияланады. Техника мен жабдықтың бір түрінің бір бірлігіне мал басының ұйғарынды нормативі 200 шартты басты құрайды.  
Осы шарттың талаптарына сәйкес субсидияланатын техника мен жабдықтың саны келесі формула бойынша белгіленеді:  
Wк = Wж / Н, мұнда:
Wк – субсидияланатын бірдей техника мен жабдықтың саны;
Wж – шартты басқа қайта есептегенде Қарыз алушыда тіркелген ауыл шаруашылығы малдарының саны;
Н – техника мен жабдықтың бір бірлігіне малдардың шартты басы жүктемесінің нормативі.
Бөлшек сан алынған жағдайда нәтижесі азайту жағына бүтін санға дейін дөңгелектенеді.
Егер бір кредиттік шартта осы тармақта аталған субсидиялау талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықты сатып алу көзделсе, онда қаржы институты жеке төлемдер кестесін ұсынады.
Жеке төлемдер кестесі ұсынылмаған жағдайда, субсидиялау осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:  
«1) осы Қағидалардың 2-Қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім. Бұл ретте өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;
кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмелері;
кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;
айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға бастапқы кредиттік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелері (несие берешегін қайта қаржыландырған жағдайда ұсынылады);
егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;»;
17-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) Әкімшіге электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жүйесінен (осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес) үзінді көшірмені жолдайды;»;
12-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасы.»;
28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«28. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың хаты негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.»;
31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«31. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты келесі жылға ауысатын қаржы жылындағы соңғы есептік кезең үшін төлемді қоса есептік жыл үшін қаражатты нақты игергеннен кейін, бірақ кейінгі қаржы жылының 1-тоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.»;
37-тармақтың 1-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Қарыз алушыны субсидиялау туралы Комиссия шешім шығарғаннан бастап қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;»;
2-қосымшадағы 1-кестенің «Қатысушы туралы мәліметтер» 9-жолы келесі редакцияда жазылсын:
«
 

9

« Осы өтінімде көрсетілген АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасы лизингі бойынша бұрын алынған субсидиялар туралы мәлімет (бар болса): шарттың № мен күні, кредит/лизинг сомасы, қаржы институтының атауы, бюджеттік бағдарламаның атауы» .





»
3-қосымшадағы 6-тармақ  келесі редакцияда жазылсын:
«6. Әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.»;
3-қосымшадағы 8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты келесі жылға ауысатын қаржы жылындағы соңғы есептік кезең үшін төлемді қоса есептік жыл үшін қаражатты нақты игергеннен кейін, бірақ кейінгі қаржы жылының 1-тоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.»;
3-қосымшадағы 12-тармақтың 4-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:  
«4) Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-шы (отызыншы) күніне дейін Әкімшіге осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті жолдайды».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының 
 Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына салыстырмалы кесте
 

р / с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 379 қаулысындағы

1.

8-тармақ

8. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды.

  1. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды. Республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың кредиттік/лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыру қаржы институттары қарыз алушылардың негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын қайта қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден ақша қаражаттарын тартқан жағдайда, оның ішінде қаржы агентінің қатысуымен мүмкін болады.

ҚР Ұлттық қоры және бюджеттік көздер қаражатын тарту есебінен және АӨК соңғы қарыз алушылары-субъектілері үшін қайтару мерзімдерін ұзарту салдарынан туындаған қаржы институттарының берешегін қайта қаржыладыру мүмкіндігін ұсыну мақсатында.

2.

1 қосымшасының

3 жолы



3.

КУСАИНОВ

Марат Апсеметович

вице-министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан



3.

БАЙБАЗАРОВ

Нұрлан

Серікұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры



Комиссия мүшелерінің тізімін өзектіру үшін

3 .

1 қосымшасының

8 жолы



8.

КАСЕНОВ

Бауржан Казыбекович

секретарь комитета агропромышленного комплекса Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)



8.

ОШАКБАЕВ

Рахим

Сакенович

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарама төрағасының орынбасары ( келісім бойынша )



Комиссия мүшелерінің тізімін өзектіру үшін

«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысындағы

1.

3 -тармақтың

3-тармақшасы











3) кредит – айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;





3) айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс мақсаттарына, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға несие берешегін қайта қаржыландыруды қоса, айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы ;

14) ауыл шаруашылығы малының шартты басы – Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 13.09. бұйрығымен бекітілген ресурс теңгерімдерін құру және ауыл шаруашылығы негізгі өнімдерін пайдалану бойынша басшылық бекіткен коэффициенттерге сәйкес ауыл шаруашылығы малдарының басын ірі қара малдың шартты басына ауысуы

Несие берешегін қайта қаржыландырумен шарттарды субсидиялау мүмкіндігі мақсатымен редакцияны анықтау .

2.

4 -тармақ

4. Айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған АӨК саласындағы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.



4. Субсидиялауға:

1)айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға АӨК саласындағы кредиттер;

2)технологиялық жабдық, ауыл шаруашылығы техникасы лизингі;

3)айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға бастапқы мақсатты пайдаланумен несие берешегін қайта қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемелері жатады.

Субсидиялауға қаржы лизингінің келесі нысандары (түрлері) жіберіледі: ішкі лизинг, қайталама лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

Субсидиялау қайтарма лизингі, сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.



Субсидиялау бағдарламасына қатысатын лизинг мәнін нақтылау үшін анықтаушы редакция .

3.

5 -тармақ

5 -тармақ абзац «Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте сыйақы бойынша индекстеу субсидиялауға жатпайды »

Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыға есептелген индекстеу субсидиялауға жатпайды.

Редакцияны анықтау

4.

7 -тармақ

жоқ

7-тармақ келесі абзацпен толықтырылсын: «Бұл ретте құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды».

Аталмыш түзету бюджет қаражатын мақсатты пайдаланбауды алып тастау мақсатында мақсатында қажет.

5.

9 -тармақ

9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:

1) шөп және жемшөп дақылдарын себетін сепкіштер;

2) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;

3) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;

4) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;

5) маялағыштар, жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;

6) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;

7) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;

8) сауу қондырғылары;

9) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;

10) автонауалар, жеке науалар мен су тасығыштар;

11) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;

12) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;

13) сүт талдағыштар;

14) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;

15) пастеризаторлар;

16) өзі құйып алатын сепараторлар;

17) деаэраторлар;

18) майлылықты автоматты түрде стандарттау қондырғылары;

19) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;

20) сүт тасығыштар;

21) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;

22) мехкүректер;

23) сығымдау-іріктеуіш, іріктеуіштер, шөмелелеуіштер;

24) шөп себуге арналған аппликаторлары бар тырмалар;

25) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);

26) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).



9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың (жиынтықтамада) мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. комбайндар, тракторлар, тракторлардың тіркемелері, сепкіштер, су тасушылар;

  2. өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;

  3. ауыстырылатын жұмыс органдары бар құрама әмбебап ілмектер;

  4. мехкүректер;

  5. барлық түрлері бар мала лар , соқалар, қопсытқыштар ;

  6. суландыру жүйелері;

  7. тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;

  8. жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;

  9. сығымдау-іріктеуіштер, маялауыштар;

  10. жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;

  11. тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;

  12. сауу қондырғылары;

  13. мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;

  14. автонауалар, жеке науалар;

  15. құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;

  16. сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;

  17. сүт талдағыштар;

  18. сүт қабылдауға арналған қондырғылар;

  19. пастеризаторлар;

  20. өзі құйып алатын сепараторлар;

  21. деаэраторлар;

  22. сүт майлылығын автоматты түрде стандарттау қондырғылары;

  23. мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;

  24. сүт тасығыштар;

  25. зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;

  26. шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);

  27. ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).

Егер осы тармақтың 1) тармақшасынан бастап 7) тармақшасына дейін көрсетілген техника мен жабдықты сатып алу кредиттік шартта көзделсе, онд Қарыз алушыда «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жүйесінде тіркелген 50-ден кем емес ауыл шаруашылығы малдарының шартты басының болуын растау ұсынылады. Бұл жағдайда бір Қарыз алушыға техника мен жабдықтың әрбір түрінің бір бірлігінен артық емес субсидиялауға жатады.

Техника мен жабдықтың бір түрінің екінші және кейінгі бірлігі талап етілетін нормативке сәйкес Қарыз алушыда жеткілікті мал басы болған жағдайда осы тармақтың талаптарымен субсидияланады. Техника мен жабдықтың бір түрінің бір бірлігіне мал басының ұйғарынды нормативі 200 шартты басты құрайды.

Осы шарттың талаптарына сәйкес субсидияланатын техника мен жабдықтың саны келесі формула бойынша белгіленеді:

W к = Wж / Н, мұнда:

W к – субсидияланатын бірдей техника мен жабдықтың саны;

Wж – шартты басқа қайта есептегенде Қарыз алушыда тіркелген ауыл шаруашылығы малдарының саны;

Н – техника мен жабдықтың бір бірлігіне малдардың шартты басы жүктемесінің нормативі.

Бөлшек сан алынған жағдайда нәтижесі азайту жағына бүтін санға дейін дөңгелектенеді.

Егер бір кредиттік шартта осы тармақта аталған субсидиялау талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықты сатып алу көзделсе, онда қаржы институты жеке төлемдер кестесін ұсынады.

Жеке төлемдер кестесі ұсынылмаған жағдайда, субсидиялау осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Редакцияны анықтау мен аталған норманы біркелуі қолдану мақсатында.

6.

1 0-тармақ

10. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын кредиттік шарттар, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды.



10. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын кредиттік шарттар, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды .

Қаржы иститутына субсидиялауға өтінімді беру күніне негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері бар кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды.

Өз кредиттік міндеттемелерін орындамайтын қарыз алушыларды субсидиялауға жібермеу үшін шектеу нормаларын енгізу мақсатында.



7.

14 -тармақ

14. Қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Бұл ретте, өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:

қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;

кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмесі;

кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;

егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;

2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).

Өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды.



14. Қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:

1) осы Қағидалардың 2-Қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім. Бұл ретте өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:

қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;

кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмелері;

кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;

айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизинкке алуға бастапқы кредиттік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелері (несие берешегін қайта қаржыландырған жағдайда ұсынылады);

егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;

2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).

Өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды.



Несие берешегін қайта қаржыландырумен шарттарды субсидиялаған жағдайда редакцияны анықтау .

8.

17 -тармақ

17. Қаржы институттарынан өтінімдер және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы болған жағдайда оператор:

1) құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;

2) қарыз алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады және әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді;

3) әкімшіге электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жолдайды;

4) Комиссия отырысын шақырады. Комиссия отырысын өткізудің орнын, уақыты мен күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды.



17. Қаржы институттарынан өтінімдер және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы болған жағдайда оператор:

1) құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;

2) қарыз алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады және әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді;

3) Әкімшіге электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» жүйесінен (осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес) үзінді көшірмені жолдайды;

4) Комиссия отырысын шақырады. Комиссия отырысын өткізудің орнын, уақыты мен күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды.

М ал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы техника мен жабдықты субсидиялау бойынша енгізілетін нормаларға анықтаушы редакция.

9.

19-тарма қ

19. Комиссияның хаттамалық шешімі:

  1. қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;

  2. мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;

  3. қарыз алушылардың әрбір кредиттік шарты бойынша қарыз сомаларын;

  4. әрбір қарыз алушы бойынша әрбір кредиттік шарттың қолданылу мерзімін;

  5. әрбір кредиттік шарт бойынша субсидиялау мерзімін;

  6. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша нысаналы мақсатын;

  7. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;

  8. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасын, оның ішінде тоқсан бойынша соманы қамтуы тиіс.



19. Комиссияның хаттамалық шешімі:

  1. қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;

  2. мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;

  3. қарыз алушылардың әрбір кредиттік шарты бойынша қарыз сомаларын;

  4. әрбір қарыз алушы бойынша әрбір кредиттік шарттың қолданылу мерзімін;

  5. әрбір кредиттік шарт бойынша субсидиялау мерзімін;

  6. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша нысаналы мақсатын;

  7. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;

  8. қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасын қамтуы тиіс.

Редакцияны анықтау , тоқсандық бөліндідегі субсидиялар сомасы алынып тасталсын .

Тоқсандар кесіндісіндегі мақұлданған субсидиялар сомасы бойынша ақпарат Субсидиляау шартының №1 Қосымшасында көрсетіледі .

10.

28 -тармақ

28. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тоқсан сайын, төлемі қаңтарда жүзеге асырылатын тиісті жылдың бірінші тоқсанын есептемегенде, алдыңғы тоқсанның соңғы айында аванстық төлеммен аударады.

Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

28. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың хаты негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды .

Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

Субсидияларды Қаржы институтына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударуды ұсынамыз, өйткені:

  1. қарыз алушылардың кредиттік шарттарының кестелеріндегі өтеудің тоқсандық кезеңдері күнтізбелік тоқсандармен сәйкес келмейді;

  2. Қағидалардың 30-тармағына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақытылы есептемеуді болдырмау мақсатында.

11.

31 -тармақ

31. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанына дейін әкімшінің шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүзеге асырады.

31. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты келесі жылға ауысатын қаржы жылындағы соңғы есептік кезең үшін төлемді қоса есептік жыл үшін қаражатты нақты игергеннен кейін, бірақ кейінгі қаржы жылының 1-тоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады .



Сыйақыны өтеу кестелері тоқсандық екенін ескере отырып, ағымдағы жылдың 4-тоқсаны үшін есептелген сыйақыны қарыз алушылар келесі жылдың 1-тоқсанында ғана төлейтін болады.

Сондай-ақ, Қағидаларда 90 күнтізбелік күнге дейін мерзімін өткізіп алу рұқсат етіледі, тиісінше Қоғам қарыз алышының міндеттемелерді өтеуін күтеді, содан кейін субсидияларды есептеуді жүзеге асырады.

Осыған орай есептік жыл үшін субсидияларды нақты өтегеннен соң қайтаруды жүзеге асыруды ұсынамыз.

12.

37 -тармақ

37. Субсидиялауды тоқтату комиссияның шешімі бойынша:

  1. қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

  2. кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;

  3. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;

  4. қарыз алушы кредиттік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;

  5. қарыз алушы субсидияны тоқтату туралы бастама көтерген (жазбаша өтініш берген);

  1. кредиттік шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.

37. Субсидиялауды тоқтату комиссияның шешімі бойынша:

1) Қарыз алушыны субсидиялау туралы Комиссия шешім шығарғаннан бастап қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

  1. кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;

  2. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;

  3. қарыз алушы кредиттік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;

  4. қарыз алушы субсидияны тоқтату туралы бастама көтерген (жазбаша өтініш берген);

  5. кредиттік шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.

Субсидияларды дұрыс есептеу үшін мерзімінің өтіп кету күнін нақтылау мақсатында редакцияны анықтау .

13.

Қағидалардың 2-қосымшасы (өтінім) , 9 -тармақ

9. « АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ техникалық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникалары бойынша лизингі туралы мәлімет (бар болса): шарт №, күні, сомасы, қаржы институтының атауы ».

9. « Осы өтінімде көрсетілген АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ технологиялық жабдық пен ауыл шаруашылығы техникасы лизингі бойынша бұрын алынған субсидиялар туралы мәлімет (бар болса): шарттың № мен күні, кредит/лизинг сомасы, қаржы институтының атауы, бюджеттік бағдарламаның атауы ».

Редакцияны анықтау

14 .

Қағидалардың 2-қосымшасы (Шарт) , 6-тармақ

6. Әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына төлемі қаңтарда жүзеге асырылатын тиісті жылдың бірінші тоқсанын есептемегенде, алдыңғы тоқсанның соңғы айында аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды .

6. Әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударады.

Бұл үшін Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

Субсидияларды Қаржы институтына тиісті жылдың соңына дейін аванстық төлеммен аударуды ұсынамыз, өйткені:

  1. қарыз алушылардың кредиттік шарттарының кестелеріндегі өтеудің тоқсандық кезеңдері күнтізбелік тоқсандармен сәйкес келмейді;

  1. Қағидалардың 30-тармағына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақытылы есептемеуді болдырмау мақсатында.

15.

Қағидалардың 3-қосымшасы (Шарт) , 8-тармақ

8. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражат қалдығы болса, онда қаржы институты тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанына дейін Әкімшінің шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүзеге асырады.



8. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты келесі жылға ауысатын қаржы жылындағы соңғы есептік кезең үшін төлемді қоса есептік жыл үшін қаражатты нақты игергеннен кейін, бірақ кейінгі қаржы жылының 1-тоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады .

Сыйақыны өтеу кестелері тоқсандық екенін ескере отырып, ағымдағы жылдың 4-тоқсаны үшін есептелген сыйақыны қарыз алушылар келесі жылдың 1-тоқсанында ғана төлейтін болады.

Сондай-ақ, Қағидаларда 90 күнтізбелік күнге дейін мерзімін өткізіп алу рұқсат етіледі, тиісінше Қоғам қарыз алышының міндеттемелерді өтеуін күтеді, содан кейін субсидияларды есептеуді жүзеге асырады.

Осыған орай есептік жыл үшін субсидияларды нақты өтегеннен соң қайтаруды жүзеге асыруды ұсынамыз.

16.

Қағидалардың 3-қосымшасы (Шарт), 12-тармақтың 4-тармақшасы

12 -тармақ .

4) Оператор тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Әкімшіге осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияның нақты пайдаланылуы туралы есепті жолдайды .



12 -тармақ .

4) Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-шы (отызыншы) күніне дейін Әкімшіге осы Шарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті жолдайды .

Қағидалардың 41-тармағы және Шартың үлгі нысанының 12-тармағының мәтінінің басқаша оқылуын болдырмау мақсатында .



«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Субсидиялаудың реті мен шартын өзектендіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді



5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

  1. «Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 379 қаулы;

  2. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулы.

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас ж емқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қ аржы және басқа да) с араптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz интернет ресурсында орналастырған

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Пресс-релиз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz интернет ресурсында орналастырған

Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков