• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министру Внутренних дел Республики казахстан Касымову К.Н Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Кенесары к-сі 131/1 Т. Қ.Қулмағанбетовтен Шағым арыз Менің Сізге 12.07.2011 жылы шағымданған болатынмын Жамбыл облысының прокуроры Тайымбетов пен Қордай ауданының прокуратурасының прокуроры Сейдалиев пен оның қызметкерлері менің жазған шағымдарымды дұрыс қарамай 2010 жылдың қарашаның 15 күнінен, бүгінге дейін әуре сарсанға салып отырғандықтары туралы. Бірақ күні бүгінге дейін Сізден жауап ала алмағандықтан қайта арызданып отырмын. Тайымбетов деген облыстың прокуроры мені Қордай ауданына келіп қабылдап мені алдап шығарып салды, жазған шағымыңызды дүрыс қарап беремін, керек болса Тараздан адвокат жіберемін деп, екі-үш күннен соң жазған шағымыңыз өз дәлелін таппады деген жауап берді. Менің түсінбегенім Тайымбетов не себептен мені алдап кетті ? Мен Тайымбетовке жазған арызымның көшірмесін Сізге жібергенмін Прокуратураның қызметкерлері қашанғы мен сияқты қарапайым халыққа өз үстемдіктерін жасай береді ? Соңғы рет 28.06.2011 жылы қайта ауданның прокуроры Сейдалиевке арыздандым, арызымды Төлендиев Досжан деген жігітке берген екен ол маған жазбаша жауап беруден бас тартып отыр, оның айтуы бойынша менің шағымыды Алматыға жіберіпті, қандай себеппен, кімге, не үшін жіберілгенін маған түсіндірмей отыр. Болған оқиға төмендегідей; Менің автокөлігімді 15 қараша 2010 жылы Қордай ауылындағы Төлеген кафесінің алдында автобустың жүргізушісі Амиров А.А. қағып кеткендіктен мен ауруханаға түсіп дене жарақатын алдым. Өзім Семейде әскерде болып Қазақстан ардагерлері Ерекше тәуекелді солдаттар деген куәлігім бар. Оқиғаны ауданның прокуроры Сейдалиев, Ішкі істер бөлімінің бастығы Кускенбаев Б, МАИ-дыі бастығы Күнчашевтар көріпті, Күнчашев 'Қордай аудандық ІБ-нің тергеушісі Жетібаевқа дүрыс тексер деп тапсырма беріп кетіпті. Осы оқиғаға байланысты Амировтың үстінен қылмыстық іс козғаудың орнына ол туралы қылмыс белгісі жоқ деп 16 ақпан 2011 жылы істі қысқартып тастапты Қордай ауданының Ішкі істер бөлімінің анықтаушысы Абдраманов Б. Мен бұл қаулымен келіспей ауданның прокурорына арызбен қайырылған болатынмын анықтаушының шығарған қаулысын бүзуды сүрап. Менің жазған шағымыма прокурутураның қызметкерлері жауап бермеді. Негізінен бүл жағдайға Қордай ауданының прокуратурасының қызметкері Бошенова Мадина кірісіп Амировтың іс әрекетінде қылмыс белгілері жоқ деп кысқартқызып отыр. Себебі оқиға болған күні Бошенова М. авария болған жерге келіп тергеуші Жетібаевпен сойлесіп жүріпті, Амировтың туысқанымын деп. Амнровтың автоколігінің қүжаттарын тергеуші Жетібаев менің ауруханада жатуыма байланысты менің әйеліме берген екен үшінші күні Бошенова ауруханаға келіп Амировтың қүжаттарын менің әйелімнің қолынан алып кетті. 12 сәуір 2011 жылы прокуратураға барып берген шағым арызымның жауабын алуға барсам Бөшенова алдымнан шығып неге Айдынды яғни Амировты кінәләп жүрсіңдер баратын жерлеріңе бара беріңдер маған ешкім ешнәрсе істей алмайды деп айқайлап балағаттады. Мен әйелім екеуміз Қордай ауданының Ішкі істер бөлімімен прокуратураның арасында шағымданып жүрміз, бірақ ешқайсысынан толық жауап ала алмай жүрмін. М.Бошенованың іс әрекеті дүрыс па, ол неге оқиға болған күні яғни 15 қараша 2010 жылы оқиға болған жерде тергеушіге тапсырма беріп жүрген, оның оқиға болган жерге баруга қүқы бар ма ? Бөшенованың іс әрекетін тексеріп жауап беруіңізді сұраймын,Бөшенова сияқты заң орнының қызметкерлері мен сияқты жәбір көрген адамдарды қанай берсін деген мемлекетіміздің заңы бар ма? Бошенованың кесірінен маған Амировтың іс әрекетінен 360 000 тенге келтірілген зиянды өндіре алмай отырмын. Осы жағдайларды тексеріп маган келтірілген материалдық зиян 360000 тенгені ондіруге комектесуіңізді сүраймын, Жамбыл облысының прокуроры Тайымбетовтың маган берген жауабы дұрыс па, осы жағдайды тексеруді және Қордай аудандық прокуроры мен оның қызметкерлерінің соның ішінде Бошенова Мадинаның іс әрекетін тексеріп маған жауап қайтаруларыңызды отінемін деп Сізғе арызданған болатынмын, бірақ ол арызыма Сізден жауап ала алмадым? Енді кімғе арызданамын? Егер мемлекетіміздің Бас прокуроры Сізде менің арызыма көңіл бөлмей отырсаңыз, мен қайда барамын. Мемлекетіміздің президентіне арыздануга мәжбүрлеп отырсыздар. М.Бөшенованың іс әрекетін тексеріп, Бөшенованың кесірінен 360 000 тенге маган келген зиянды Амировтан өндіріп ала алмай жүргендіктен Қордай аудандық прокурорының көмекшісі М.Бөшеновадан өндіртіп берілеріңізді сұраймын. Болған автоаварияның кесірінен күні бүгінге дейін дәрігерде емделудемін. Сізден өтінерім осы арызымды тексеріп жауап берсеңіз екен. Т.Қүлмағанбетов
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ на вопрос от 17 августа 2011 г. № 95637