• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы заңымен ратификацияланған Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы заңымен ратификацияланған Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес орны толмайтын табиғи ресурстардың сарқылып таусылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын (КО СЭҚ ТН коды 1211 90 850 1) әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстар әкімдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қызылмия тамырын дайындауға бақылауды қатаңдату және оны жөн-жосықсыз дайындаудың жолын кесу жөнінде шаралар қабылдансын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Результаты согласования
15.8.2014: Турумбаев С. Т. (Турумбаев С. Т.) - - cогласовано без замечаний
«Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын және басқа да өсімдіктерді әкетуге уақытша тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Орын толмайтын табиғи ресурстардың сарқылып таусылуына жол бермеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б. А. Сағынтаевтың 2013 жылғы 1 наурыздағы № 11-25/6717 тапсырмасына сәйкес

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасында өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтауды, оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамданып отырған қаржы шығындары

Қажет емес

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасында өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтауды, оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті мүмкіндік береді.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылдаған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет емес

8.

Премьер–Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасының Мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (көшірме-үзінділер) беру.

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылды

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Қазақстан Республикасының аумағынан қызылмия тамырын әкетуге уақытша тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жабасы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің www.eco.gov.kz сайтында орналастырылды

Министр А. Мамытбеков
Результаты согласования
15.8.2014: Турумбаев С. Т. (Турумбаев С. Т.) - - cогласовано без замечаний