• Мое избранное
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________А. Мырзахметов
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
____________Қ. Қасымов
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________Е. Біртанов
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
______________А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
______________Т. Дүйсенова
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___»_________

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ж. Қасымбек
2017 жылғы «___»_________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
____жылғы ______№ __
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қантардағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, ұйымдарына (кәсіпорындарға) таратылады.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;
3) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
4) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
5) дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту жағдайлары мен практиканы өту тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;  
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;  
7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл жинағы;
8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді, оның ішінде дуальды оқыту нысаны бойынша;
9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;  
11) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;
12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олпрдың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;
13) оқу орны – дуальды оқыту нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
14) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;
15) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін және ұйымның (кәсіпорының) басшысымен келісілген оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
16) өндірістік оқу – кәсіптік білім берудің құрамдас бөлігі және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады;
17) тәлімгер – білім алушыны өндірістік оқытуға практикалық көмек көрсететін технологиялық өндірісті меңгерген ұйымның (кәсіпорынның) білікті қызметкері;
18) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында оқитын адам;
19) ұйым (кәсіпорын) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
2. Дуальды оқытудың қатысушылары
3. Дуальды оқытудың қатысушылары:
1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
2) меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар);  
3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.
3. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері
4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:
1) дуальды оқыту туралы шарт;
2) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;  
3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе ұйымдардағы (кәсіпорындардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары;
4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.
4. Дуальды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу
5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.  
6. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:
1) ұйым (кәсіпорын) өткізетін кадрларды даярлаудың дуальды нысаны бойынша білім алуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.
7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген, тиісті үлгілік оқу жоспарларының және бағдарламалар негізінде әзірленген оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Оқу орнындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және өндірістік оқуды, зертханалық-тәжірибиелік және есеп-айырысу-графикалық сабақтарды, кәсіби тәжірибені, курстық және дипломдық жобалауды оқу өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейінде оқытуды қамтиды.
9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.
10. Дуальды оқытуды қолданумен бірге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары оқу орындарындағы теориялық оқуды және ұйым (кәсіпорын) базасында өндірістік оқыту мен практиканың міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санынан кемінде 60 пайызын (аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінетін сағаттарды қоспағанда) көздейді.
11. Оқу процесінің кестесі ұйыммен (кәсіпорынмен) келісіледі.
12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.
13. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін ұйым (кәсіпорын) өтемақы төлемін жүргізуге құқылы.
14. Ұйымның (кәсіпорынның) қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.
15. Дуальды оқыту шеңберінде білім алушы нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (дәреже, класс, санат) беріледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын сәйкес 16-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіби даярлық бойынша куәлік беріледі.
16. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын ұйымдардан (кәсіпорындардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес) мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.
17. Білім алушы толық оқу курсын аяқтағаннан кейін оқу орында қорытынды аттестаттаудан өтеді, оның ішінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базасын пайдаланып және кәсіптік даярлықты бағалаудың нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілік беріледі.  
18. Біліктілік практикалық жұмыс кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру кезінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базаларында да өткізіледі, олардың қорытындылары бойынша білім алушыға, нақты мамандық бойынша біліктілік (білікті жұмысшы және және/немесе орта тобының маманы) беріледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес белгіленген үлгідегі құжат беріледі.
19. Қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде білім алушы, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
5. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары
20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді, дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.
21. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасауға жәрдемдеседі, дуальды оқыту пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады, өңірлік кәсіпкерлер палаталардың жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.
22. Оқу орны:
1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;  
2) ұйымдармен (кәсіпорындармен) дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау үшін оқу жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;
3) ұйымдардың (кәсіпорындардың) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;  
4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) білім алушылардың өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;
5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды оқу орындарында өткізеді және біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға қатысады;  
6) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісім бойынша ұйымға (кәсіпорынға) инженер-педагог жұмыскерлерді тағылымдамадан өтуге жібереді;
7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;
8) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.
23. Ұйым (кәсіпорын):
1) дуальды оқыту үшін бөлінетін оқушы, жұмыс орындарының санын анықтайды;
2) оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;  
3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;
4) дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорындарда жұмыс, оқушы орындары туралы өңірлік палатаға өтінімдер береді;
5) оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;
6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;
7) білім алушыны ұйымның (кәсіпорынның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;
8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;
9) білім алушылардың өндірістік оқу мен кәсіптік практикадан толық өту кезеңіне тәлімгерді бекітеді, сондай-ақ тәлімгердің біліктілігін көтеруге жәрдем көрсетеді;
10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;
11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және ұйымда (кәсіпорында) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;
12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауға қатысады;
13) өз ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды еңбекке өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етеді;
14) дуальды жүйе бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады;
15) кадрларды даярлаудың дуальды нысаны бойынша білім алуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу өткізеді;
16) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.
24. Білім алушы:
1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;  
2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;  
3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;  
4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;  
5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды атестаттаудан өтеді.  
25. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:
1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;  
2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;
3) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) тартуға ықпал етеді;
5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;
6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;
7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  
26. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:
1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында оқушы, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген ұйымдар (кәсіпорындар) тараптарынан өтінімдер қабылдайды;
2) ұйымдардың (кәсіпорындардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;
3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем көрсетеді;  
4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;
5) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;
6) ұйымдарда (кәсіпорындарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;
7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;  
8) кәсіптік даярлықты бағалауды және түлектерге біліктілікті беруді ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан тағайындалатын біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келіседі;  
9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
10) дуальды жүйе бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа ораналастыруға ықпал ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
11) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жөнінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттілігіне мониторинг жүргізеді.  
27. Тәлімгер:
1) тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін ұйымның (кәсіпорынның) басқа мамандарын тартады;
2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;
3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;
4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;
5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;
6) білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, ұйымның (кәсіпорынның) оны көтермелеу, тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныс жасайды;
7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;
8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;
9) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;
10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;
11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;
12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;
13) білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сонымен қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;
14) білім алушыға пікір жазады;
15) өз біліктілігін оқу арқылы көтереді.
28. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, ұйымдар (кәсіпорындар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді.
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына Салыстырмалы кесте

№ п/п

құрамдылық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы

 

2-тармақтың

8) тармақшасы

4-тармақтың

3) тармақшасы

6-тармақ

7 - тармақ

10 - тармақ

11 - тармақ

13 - тармақ

14 - тармақ

15 - тармақ

18 – тармақ

19-тармақ

21-тармақ

22-тармақтың 4) тармақшасы

22-тармақ  8) тармақшасы

23-тармақтың  9) тармақшасы

23 – тармақтың 14) тармақшасы

23-тармақ 15), 16) тармақшаларымен толықтырсын

25 – тармақтың 4) тармақшасы

26-тармақ 3) тармақшасы

26-тармақ 10), 11) және 12) тармақшалар

27-тармақ 15) тармақшасы

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «21» қантар № 50

бұйрығымен бекітілген

Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының                         5-бабының 46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына  қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, ұйымдарына (кәсіпорындарға) таратылады.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

2) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;

3) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

4) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

5) дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту жағдайлары мен практиканы өту тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл  жинағы;

8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган, білікті жұмысшы кадрларды және дуальды оқыту бойынша орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

11) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;

12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды  кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олпрдың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;

13) оқу орны  – дуальды оқыту нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

14) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;

15) оқу жоспары – оқу пәндерінің (еңбек сыйымдылығы),  сабақтардың (модульдердің), практикалардың тізімін, дәйектілігін, көлемін, білім беру деңгейі мен бақылау нысандарына сәйкес білім алушылардың оқу қызметінің  өзге де оқу қызметінің түрлерін регламенттейтін құжат;

16) өндірістік оқу – кәсіптік білім берудің құрамдас бөлігі және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады;

17) тәлімгер – білім алушыны өндірістік оқытуға практикалық көмек көрсететін  технологиялық өндірісті меңгерген  ұйымның (кәсіпорынның) білікті қызметкері;

18) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында оқитын адам;

19) ұйым (кәсіпорын) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

 

2. Дуальды оқытудың қатысушылары

3. Дуальды оқытудың қатысушылары:

1)  меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

2) меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар); 

3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.

 

3. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері

 

4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:

1) дуальды оқыту туралы шарт;

2)  ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;

3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе ұйымдардағы (кәсіпорындардағы) кәсіптік оқу орталығы;

 

 

4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.

4. Дуальды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу

 

5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

6. Дуальды оқытуға арналған конкурстық іріктеу білім                  алушылармен ұйым (кәсіпорын) өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

8. Оқу орнындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және өндірістік оқуды, зертханалық-тәжірибиелік және есеп-айырысу-графикалық сабақтарды, кәсіби тәжірибені, курстық және дипломдық жобалауды оқу өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейінде оқытуды қамтиды.

9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.

10. Дуальды оқытуды қолданумен бірге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары оқыту орындарындағы теориялық оқуды және ұйым (кәсіпорын) базасында өндірістік оқыту мен практиканың кемінде 60 пайызын көздейді.

11. Өндірістік оқыту теориялық оқытумен сүйемелденеді, онда оқу процессінің кестесі ұйыммен (кәсіпорынмен) келісіледі.

12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.

                13. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

                14. Ұйымның (кәсіпорынның) қалауына қарай білім алушыға айына              «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы               3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тиісті кезеңге бір жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде өтемақы белгіленеді.

                15. Дуальды оқыту шеңберінде білім алушы аралық аттестаттаудан өтеді, (2,3-оқу курсынан кейін), қорытындысына сәйкес оған нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (дәреже, класс, санат) беріледі және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы                           28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысан бойынша құжат (сертификат) беріледі.

16. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын  ұйымдардан (кәсіпорындардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес)  мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.

17. Білім  алушы толық оқу курсын аяқтағаннан кейін оқу орында қорытынды аттестаттаудан өтеді, оның ішінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базасын пайдаланып және кәсіптік даярлықты бағалаудың нәтижелері  бойынша  білім алушыға біліктілік беріледі.

18. Біліктілік практикалық жұмыс кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру кезінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базаларында да өткізіледі, қорытындылары бойынша білім алушыға, нақты мамандық бойынша біліктілік (білікті жұмысшы және және/немесе орта тобының маманы) беріледі  және  «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысымен бекітілген белгіленген үлгі бойынша  құжат беріледі.

19. Білім алушы, қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде мемлекеттік үлгідегі диплом және кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру сертификаты беріледі.

5. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары

 

20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді, дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.

21. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды бекітуге жәрдемдеседі, өңірлік кәсіпкерлер палаталардың жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттерді орындайды.

22. Оқу орны:

1)              оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;

2)              ұйымдармен (кәсіпорындармен) дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау үшін оқу жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;

3)              ұйымдардың (кәсіпорындардың) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

4)              ұйымдарда (кәсіпорындарда) білім алушылардың практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;

5)              оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды оқу орындарында өткізеді және біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға қатысады;

6)              ұйыммен (кәсіпорынмен) келісім бойынша ұйымға (кәсіпорынға) инженер-педагог жұмыскерлерді тағылымдамадан өтуге жібереді;

7)              дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.

23. Ұйым (кәсіпорын):

 

 

1)              дуальды оқыту үшін бөлінетін оқушы, жұмыс орындарының санын анықтайды;

2)              оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;

3)              оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;

4)              дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорындарда жұмыс, оқушы орындары туралы өңірлік палатаға өтінімдер береді;

5)              оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;

6)              білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;

7)              білім алушыны ұйымның (кәсіпорынның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;

8)              техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;

9)              білім алушылардың өндірістік оқу мен кәсіптік практикадан толық өту кезеңіне тәлімгерді бекітеді;

10)          аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;

11)          еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және ұйымда (кәсіпорында) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;

12)          білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауға қатысады;

13)          өз ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды еңбекке өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етеді;

14)          дуальды жүйе бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді.

24. Білім алушы:

1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;

2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі  еңбек тәртібі қағидаларын,  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;

3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;

4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;

5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін  қорытынды атестаттаудан өтеді.

 

25. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:

1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;

3) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға ұйымдар (кәсіпорындар) мен оқу орындарын тарту жөніндегі жұмысты жүргізеді;

5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;

6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;

7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

26. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:

1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында оқушы, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген ұйымдар (кәсіпорындар) тараптарынан  өтінімдер қабылдайды;

2) ұйымдардың (кәсіпорындардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;

3) дуальды оқыту туралы шарт жасауға жәрдем көрсетеді;

4) дуальды оқыту туралы шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;

5) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

6) ұйымдарда (кәсіпорындарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;

7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;

8) кәсіптік даярлықты бағалауды және түлектерге біліктілікті беруді ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан тағайындалатын біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келіседі;

9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

27. Тәлімгер:

1)          тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін ұйымның (кәсіпорынның) басқа мамандарын тартады;

2)         білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;

3)         өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;

4)         білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;

5)         білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

6)              білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, ұйымның (кәсіпорынның) оны көтермелеу, тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныс жасайды;

7)              білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;

8)              білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;

9)              ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;

10)          білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;

11)          білім алушы жіберген қателіктерді  анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;

12)          білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;

13)          білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сонымен қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;

14)          білім алушыға пікір жазады.

 

28. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, ұйымдар (кәсіпорындар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді.    

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

20____ жылғы «    » _____ № ___

бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «21» қантар № 50

бұйрығымен бекітілген

 

Дуальды оқытуды

ұйымдастыру қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының                         5-бабының 46-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына  қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, ұйымдарына (кәсіпорындарға) таратылады.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

2) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;

3) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

4) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

5) дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту жағдайлары мен практиканы өту тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл  жинағы;

8) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді, оның ішінде дуальды оқыту нысаны бойынша;

9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

11) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;

12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды  кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олпрдың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;

13) оқу орны  – дуальды оқыту нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

14) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;

15) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымының басшысы бекітетін және ұйымның (кәсіпорының) басшысымен келісілген оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;

16) өндірістік оқу – кәсіптік білім берудің құрамдас бөлігі және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады;

17) тәлімгер – білім алушыны өндірістік оқытуға практикалық көмек көрсететін  технологиялық өндірісті меңгерген  ұйымның (кәсіпорынның) білікті қызметкері;

18) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында оқитын адам;

19) ұйым (кәсіпорын) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

2. Дуальды оқытудың қатысушылары

3. Дуальды оқытудың қатысушылары:

1)  меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

2) меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар); 

3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.

3. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері

 

4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:

1) дуальды оқыту туралы шарт;

2)  ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;

3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе ұйымдардағы (кәсіпорындардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары;

4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.

 

4. Дуальды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу

 

5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

6. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:

1) ұйым (кәсіпорын) өткізетін кадрларды даярлаудың дуальды нысаны бойынша білім алуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы                   № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.

7. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген, тиісті үлгілік оқу жоспарларының және бағдарламалар негізінде әзірленген оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

                8. Оқу орнындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және өндірістік оқуды, зертханалық-тәжірибиелік және есеп-айырысу-графикалық сабақтарды, кәсіби тәжірибені, курстық және дипломдық жобалауды оқу өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейінде оқытуды қамтиды.

9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.

 

10. Дуальды оқытуды қолданумен бірге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары оқу орындарындағы теориялық оқуды және ұйым (кәсіпорын) базасында өндірістік оқыту мен практиканың міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санынан кемінде 60 пайызын (аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінетін сағаттарды қоспағанда) көздейді.

11. Оқу процесінің кестесі ұйыммен (кәсіпорынмен) келісіледі.

 

12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.

13. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін ұйым (кәсіпорын) өтемақы төлемін жүргізуге құқылы.

14. Ұйымның (кәсіпорынның) қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.

15. Дуальды оқыту шеңберінде білім алушы нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (дәреже, класс, санат) беріледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы                          28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын сәйкес 16-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіби даярлық бойынша куәлік беріледі.

16. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын  ұйымдардан (кәсіпорындардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес)  мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.

17. Білім  алушы толық оқу курсын аяқтағаннан кейін оқу орында қорытынды аттестаттаудан өтеді, оның ішінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базасын пайдаланып және кәсіптік даярлықты бағалаудың нәтижелері  бойынша  білім алушыға біліктілік беріледі.

18. Біліктілік практикалық жұмыс кәсіптік даярлықты бағалау және біліктілікті беру кезінде ұйымдардың (кәсіпорындардың) базаларында да өткізіледі, олардың қорытындылары бойынша білім алушыға, нақты мамандық бойынша біліктілік (білікті жұмысшы және және/немесе орта тобының маманы) беріледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                    2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

 

19. Қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде білім алушы, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

 

 

5. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары

 

20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді, дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.

21. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасауға жәрдемдеседі, дуальды оқыту пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады, өңірлік кәсіпкерлер палаталардың жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.

22. Оқу орны:

1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;

2) ұйымдармен (кәсіпорындармен) дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау үшін оқу жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;

3)ұйымдардың (кәсіпорындардың) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) білім алушылардың өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;

5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды оқу орындарында өткізеді және біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға қатысады;

6) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісім бойынша ұйымға (кәсіпорынға) инженер-педагог жұмыскерлерді тағылымдамадан өтуге жібереді;

7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;

8) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.

 

23. Ұйым (кәсіпорын):

1) дуальды оқыту үшін бөлінетін оқушы, жұмыс орындарының санын анықтайды;

2) оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;

3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;

 

4) дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорындарда жұмыс, оқушы орындары туралы өңірлік палатаға өтінімдер береді;

5) оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;

6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;

7) білім алушыны ұйымның (кәсіпорынның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;

 

 

8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;

 

9 білім алушылардың өндірістік оқу мен кәсіптік практикадан толық өту кезеңіне тәлімгерді бекітеді, сондай-ақ тәлімгердің біліктілігін көтеруге жәрдем көрсетеді;

10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;

11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және ұйымда (кәсіпорында) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;

12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауға қатысады;

13) өз ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды еңбекке өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етеді;

14) дуальды жүйе бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады;

15)          кадрларды даярлаудың дуальды нысаны бойынша білім алуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу өткізеді;

16)          дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.

24. Білім алушы:

1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;

2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі  еңбек тәртібі қағидаларын,  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;

3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;

4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;

5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін  қорытынды атестаттаудан өтеді.

25. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:

1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;

3) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) тартуға ықпал етеді;

5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;

6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;

7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

26. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:

1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында оқушы, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген ұйымдар (кәсіпорындар) тараптарынан  өтінімдер қабылдайды;

2) ұйымдардың (кәсіпорындардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;

3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем көрсетеді;

4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;

5) дуальды оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

6) ұйымдарда (кәсіпорындарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;

7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;

8) кәсіптік даярлықты бағалауды және түлектерге біліктілікті беруді ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан тағайындалатын біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келіседі;

 

9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;

10) дуальды жүйе бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа ораналастыруға ықпал ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

11) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жөнінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;

12) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттілігіне мониторинг жүргізеді.

27. Тәлімгер:

          1) тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін ұйымның (кәсіпорынның) басқа мамандарын тартады;

    2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;

3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;

 

 

4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;

5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

6) білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, ұйымның (кәсіпорынның) оны көтермелеу, тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныс жасайды;

 

7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;

8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;

 

 

9) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;

 

 

10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;

11) білім алушы жіберген қателіктерді  анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;

 

12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;

 

13) білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сонымен қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;

 

14) білім алушыға пікір жазады;

15) өз біліктілігін оқу арқылы көтереді.

28. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, ұйымдар (кәсіпорындар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді

«Білім туралы» ҚРЗ 6 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкестендіру

Білім беру жүйесінде үлгілік және жұмыс оқу жоспарлары пайдаланылады. Кәсіпорындардың қажеттілігін ескере отырып, дуальды оқыту бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу қажет. ҚР МББС 1-тарауының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкестендіру (2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 ҚРҮҚ)

Аталған тармақ оқытуды өткізу  құқықтары мен мүмкіндікшілігін  арттырады және колледж базасында

Тармақ оқушылардың дуальды оқытуда қатысу үшін  құқықтарымен және мүмкіндіктерін арттырады, ұйымдарда  (кәсіпорында) әңгімелесу нәтижелері бойынша және конкурс негізінде.

МББС сәйкес (118-т) дуальды оқытуда енгізу бойынша колледждердің қамтуда ұлғайтуы көзделген. ТжКБ алу қолжетімділігін арттырады. ТжКБ ұйымдарның қызметін үлгілік ережелерге сәйкестендіру, 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 ҚРҮҚ  бекітілген

ТжКБ-ны МББС-мен сәйкестендіру, 2016 жылғы 13 мамырдағы  № 292, 1-қосымша

1-тараудың 2-тармағының 4) тармақшасын қайталауды алып тастау және ТжКБ ұйымдар қызметі туралы үлгілі қағидаларға сәйкестендіру, 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 ҚРҮҚ бекітілген

 

 

ҚР Еңбек кодексінің 1-бапптың 1 тармақтың 29 тармақшасына және дуальды оқытуды ұйымдастыру ережелерінің 23 тармақтың 14) тармақшасына сәйкестендіру

Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар бір жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде өтемақысын төле алмайды осыған орай  кәсіпорынның қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестендіру «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күші жойылды Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар түрлері 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 ҚРБҒМ бұйрығымен реттеледі (2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 ҚРБҒМ бұйрығы).

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру

Қолдаңыстағы заңнамаға сәйкестендіру

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚРЗ 13- бабының 8) тармақшасына сәйкестендіру 

Осы бұйрықтың 1 тарауын 16-тармағына сәйкестендіру

«Білім туралы» ҚРЗ 1- бабының 19-1 тармағына сәйкестендіру

Тәлімгерлердің педагогикалық шеберліктің негіздерін қалыптастыру бөлімінде  біліктілік денгейін көтеруді кәсіпорындардың функционалын бекітеді.

Кәсіпорындар бос орындар болған жағдайда түлектерді   жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

 

Өз мамандығына алғашқы көзқарасын, кәсіптік білімдерін  анықтауға Ұйымдарға (кәсіпорындарға) құқығын береді Дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібіне сәйкестендіру

Талапқа сәйкес келтіру

Әр тараптардың міндетіне үшжақты келісімді жасау турал анықтау.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚРЗ 13-бабының 10) тармақшасына сәйкестендіру. ҰКП мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларын өткізеді.

Еңбек нарығында кадрлардың қажеттілігі бойынша мемлекеттік тапсырысты құруға қатысуды кенейтеді «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚРЗ 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес ҰКП (ӨКП) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттілігіне мониторинг жүргізуі қарастырылған.

Тәлімгердің талаптарын толықтырады, олардың потенциалын жақсартады.

 

Ответственный секретарь А. Орсариев
«Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 201___ жылғы __ _________ № ___анықтама - негіздеме

 №

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министірлігі

 

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12) тармақшысына сәйкес 

 

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

 

 Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

 

Жоқ

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы,  Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік сақтау, Инвестициялар және даму,ішкі істер, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика министрліктері

 

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында және интранет-порталда орналастырылған

 

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

 

Көздемейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

 

Көздемейді

9.

 

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

 

2017 жылғы 8 маусымдағы № 639 Қазақстан Республикасы колледждер ассоциациясының хаты

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

2017 жылғы 20 маусымдағы № 6030/22 Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хаты

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

2017 жылғы 16 маусымдағы № 155 Білім және ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің хаты

 

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

2017 жылғы 15 мамырдан 29 мамыр аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған

 

Заң қызметі және халықаралық
ынтымақтастық департамент
директоры Н. Байжанов