• Мое избранное

Отправить по почте

«Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кеден органдарының Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен кедендік төлемдер мен салық салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 8805 сараптамалық қорытындысы

«Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кеден органдарының Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен кедендік төлемдер мен салық салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі арасындағы бірлескен бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне Бұйрық жобасына қатысты ескертулерімен және ұсыныстарымен сараптамалық қорытынды жолдаған болатын (2001 жылғы 14 тамыздағы шығыс № 8629).
Ұлттық палата сараптамалық қорытындыда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді ұсынады.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, дәлелді жауап беруді сұраймыз.