• Мое избранное
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер  көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Озонды бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар заттарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
8) «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
9) «Дәрілік заттарға жатпайтын прекурсорларды әкелуге (әкетуге) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-ө бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8368 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 21 желтоқсандағы № 279 (28218) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр Т.Ахсамбиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы «___» ___________
№ ______ бұйрығына
1-қосымша
«Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.  
2. Қызметті көрсету нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.  
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) оның қосымшасы, лицензияның телнұсқасы және (немесе) оның қосымшасын беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.  
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды және (немесе) қағаз түрінде.  
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызмет алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы немесе қағаз түрінде түскен өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы сол күні құжаттарды тіркеуді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдауды жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және қарар жазады. Көрсетілетін қызметті берушінің сәйкесінше құрылымдық бөлімшелердің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды (бұдан әрі – орындаушы);  
орындаушы құжаттарды алған күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтылық тұрғысына қарайды;
ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда орындаушы аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту туралы жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде шешім келісіледі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде шешім қол қойылады;
көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе маманы дәлелді түрде бас тарту туралы жауап қол қойылған күні тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол немесе почта арқылы жібереді;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда орындаушы: лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын беруге 12 (он екі) жұмыс күні ішінде, лицензияны және (немесе) оның қосымшасы қайта ресімдеуге 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, лицензияның және (немесе) оның қосымшасының телнұсқасын беруге құжаттарды алған күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағынада көрсетілген тізімге сәйкес қарайды;
орындаушы аталған мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде шешім келісіледі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен екі сағат ішінде шешім қол қойылады;