• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2012 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.11.2012 № 1473 Қаулысымен. (08.05.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 08.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 қаңтардағы
 № 40 қаулысымен
 бекітілген
Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы
Қағида жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.05.2012 № 595 Қаулысымен. (29.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібін анықтайды.
2. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер болып табылады.
2. Нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібі
3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін бөлу кезінде нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде (бұдан әрі – Келісім) анықталған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу алдыңғы қаржы жылында осы мақсаттарға нысаналы даму трансферттері бөлінген жағдайда ескеріледі. Кезекті қаржы жылында межеленген нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда жоспарлы кезеңнің келесі қаржы жылына нысаналы даму трансферті берілмейді.
Кезекті қаржы жылына арнап бюджет қаражатын жоспарлау кезінде нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың (бұдан әрі – ЖБИ) тікелей нәтижесіне қол жеткізуді бағалау Келісімде айқындалған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есептер мен жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы қаржы жылында бөлінген нысаналы трансферттердің іске асырылуы туралы талдамалық есептің негізінде іс жүзіндегі қол жеткізілген көрсеткіштердің жоспардағымен ара қатынасын салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауды тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы бюджеттік өтінім ұсынған кезде ЖБИ бөлінісінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган айқындайды.
ЖБИ-нің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуді бағалауды тиісті орталық мемлекеттік орган немесе объектіні пайдалануға енгізгеннен кейінгі келесі қаржы жылына арналған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган жүргізеді.
4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде (бұдан әрі – Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі) және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптары (бұдан әрі - Талаптары) белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде ЖБИ тізбесін әзірлеп қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ЖБИ тізбелерін бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде қарайды;
2) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде экономикалық қорытынды дайындайды және ЖБИ тізбесін жасайды.
ЖБИ тізбесін жасау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, ЖБИ-ні қаржыландыру көздерін анықтайды.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына, аймақтардың стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.