«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 472 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7141 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қазанда № 319 (26710) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.