• Мое избранное

Отправить по почте

«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі 
кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 176-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:  
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауiптi жүктерді автокөлік құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтауымен жүзеге асырылады.»;
11-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
« Көрсетілген құжаттар тасымалдау бағдарын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейін, бірақ тасымал басталғанға дейін 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкін.»; 
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бағдар бір облыстың шегінде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.
Бағдар бірнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде тасымалдау бағытын келісуді жүргізеді.
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдау маршрутын келісу және тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.»;
14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық уәкілетті органы (бұдан әрі – аумақтық көліктік бақылау органы) береді.»;
мынадай мазмұндағы 25-тармақ 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталуына.
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«35. Егер қозғалыс процесінде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөнiндегi қосымша іс-шараларды жүргізудің қажеттiлiгi туындаса, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
«7. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібі 
41. Көлік құралдарын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік (бұдан әрі – Жіберу туралы куәлік) аумақтық көліктік бақылау органдары міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді.
Жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі.
42. Жіберу туралы куәлікті алу үшін тасымалдаушы немесе оның өкілі белгіленген нысандағы өтінішпен аумақтық көліктік бақылау органына (осы Қағидаларға 7-қосымша) жүгінеді.
43. Аумақтық көліктік бақылау органы өтініш келіп түскен күні оны өтініштерді тіркеу және жіберу туралы куәлікті беру журналына тіркейді.
44. Жіберу туралы куәлікті беруді немесе берудегі дәлелді бас тартуды аумақтық көліктік бақылау органы өтініш тіркелген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
45. Жіберу туралы куәлікті беруден бас тартуға негіз белгіленген нысандағы өтініште ұсынылған мәліметтер анық емес және (немесе) толық емес болып табылады.»;
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының 6-қосымшасының жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:  
«КЕЛІСІЛДІ
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы
_____________________
лауазымы
_____________________ м.о.
қолы
20 жылғы « » ________________»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы
№ қаулысына
қосымша
Автомобиль көлiгiмен қауiптi
жүктерді тасымалдау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Тіркеу нөмірі және күні
 (Аумақтық орган ресімдейді)
  ___________________________________________________________________
 (аумақтық көліктік бақылау органының атауы)
Өтініш
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға көлік құралдарын жіберу туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.
      Тасымалдау ____________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________көлік құралымен
   (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық қарап тексеруден өту күні, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)
_________________________________________________ жүзеге асырылады.
(тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету)
Қосымша хабарлаймын:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы)
       Лауазымы                                                   Қолы
М.О.
_____________________________
«Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
 

Р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі



2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында,сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 96-р өкімін орындау үшін



3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар



Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі



2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) 9.1.3.1-тармағының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында.

Көлік құралдарын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті алуға өтініш беру, қарау және келісу тәртібінің анықтамасы.

Нормативтік құқықтық актілерді ішкі істер органдарында болған құрылымдық өзгерістерге сәйкес келтіру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі жоқ



8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, сыбайлас жеқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері



Жүргізілген жоқ



9.

Өзге де мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2 ескерту ұсынды (2 ескерілді). Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы (КазАТО) 1 ескерту ұсынды (ескерілмеді). Келіспеу себептерінің негіздемесі қоса беріледі

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат



Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін мемлекеттік органың интернет-ресурсына (веб-сайтта) орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релиздің атауы, күні)

«Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі 2014 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
  2014 жылғы «___» _________
«Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
 

р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

« Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы »

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысы

1.

2-тармақтың екінші абзацы

Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтауымен жүзеге асырылады.

Жаңа 7 бөлімді енгізілуіне сәйкес редакцияны нақтылау мақсатында

2 .

11- тармақтың төртінші абзацы

Көрсетiлген құжаттар тасымалдау бағдарын жол полициясы органдарымен келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.



Көрсетiлген құжаттар тасымалдау бағдарын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында

3.

13-тармақтың

13. Бағдар бір облыстың шегінде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол полициясы бөлімшелерімен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.

Бағдар бірнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде тасымалдау бағытын келісуді жүргізеді.
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдау маршрутын келісу және тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.
13. Бағдар бір облыстың шегінде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.

Бағдар бірнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде тасымалдау бағытын келісуді жүргізеді.
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдау маршрутын келісу және тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында

4.

14- тармақтың екінші абзацы

Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол полициясы органымен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.



Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында

5 .

16-тармақ

16. Автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық уәкілетті органы (бұдан әрі – аумақтық көліктік бақылау органы) береді. 16. Автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық уәкілетті органы (бұдан әрі – аумақтық көліктік бақылау органы) береді.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен сәйкес келтіру

6.

25-тармақ

25. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай талаптарға: 1) қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйiне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарына; 2) тiркеу құжаттарының деректерiне; 3) белгiленген тәртiппен келiсiлген тасымалдануға тиіс нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитариялық-гигиеналық өлшемдерге; 5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiне (бұдан әрi – Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне; 6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына; 7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықтау; 8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына; 9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына; 10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесімен жабдықталуына сәйкес келеді. 25. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай талаптарға: 1) қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйiне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарына; 2) тiркеу құжаттарының деректерiне; 3) белгiленген тәртiппен келiсiлген тасымалдануға тиіс нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитариялық-гигиеналық өлшемдерге; 5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiне(бұдан әрi – Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне; 6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына; 7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықтау; 8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына; 9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына; 10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесімен жабдықталуына сәйкес келеді;

11) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықталуына.

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Қазақстан Республикасы Заңының 37- бабы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен және қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен жабдықтау бойынша талаптарымен толықтырылды

7.

35-тармақ

35. Егер қозғалыс процесінде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөнiндегi қосымша іс-шараларды жүргізудің қажеттiлiгi туындаса, жол полициясы патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.



35. Егер қозғалыс процесінде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөнiндегi қосымша іс-шараларды жүргізудің қажеттiлiгi туындаса, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында

8.

Жаңа 7 бөлім

жоқ

7. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібі

41. Көлік құралдарын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік (бұдан әрі – Жіберу туралы куәлік) аумақтық көліктік бақылау органдары міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетілген техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы негізінде береді.

Жіберу туралы куәлік техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының қолданыс мерзіміне беріледі.

42. Жіберу туралы куәлікті алу үшін тасымалдаушы немесе оның өкілі белгіленген нысандағы өтінішпен аумақтық көліктік бақылау органына (осы Қағидаларға 7-қосымша) жүгінеді.

43. Аумақтық көліктік бақылау органы өтініш келіп түскен күні оны өтініштерді тіркеу және жіберу туралы куәлікті беру журналына тіркейді.

44. Жіберу туралы куәлікті беруді немесе берудегі дәлелді бас тартуды аумақтық көліктік бақылау органы өтініш тіркелген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

45. Жіберу туралы куәлікті беруден бас тартуға негіз белгіленген нысандағы өтініште ұсынылған мәліметтер анық емес және (немесе) толық емес болып табылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 48-тармағының 10) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында , оған сәйкес «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Қазақстан Республикасы Заңының 37- бабы к өлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру бойынша талаптарымен толықтырылды

9.

6-қосымша

КЕЛІСІЛДІ

Жол полициясы

басқармасының бастығы

_____________________

лауазымы

_____________________ м.о.

қолы

20__жылғы"__" _____________


КЕЛІСІЛДІ

Әкімшілік полиция

басқармасының бастығы

_____________________

лауазымы

_____________________м.о.

қолы

20__жылғы"__" _____________



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында

10.

7-қосымша

жоқ

Автомобиль көлiгiмен қауiптi

жүктерді тасымалдау қағидаларына

7-қосымша





Нысан



Тіркеу нөмірі және күні

(Аумақтық орган ресімдейді)

____________________________________________

(аумақтық көліктік бақылау органының атауы)



Өтініш

________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)

кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға көлік құралдарын жіберу туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.

Тасымалдау _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________көлік құралымен

(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық қарап тексеруден өту күні, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)

_____________________________________________________ жүзеге асырылады.

(тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету)

Қосымша хабарлаймын:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы)



Лауазымы Қолы

М.О.

Жобаның 42-тармағына сәйкес келтіру мақсатында өтініштің нысаны белгіленеді

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешкев
Келісу ПАРАҒЫ
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы:  «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен    толықтырулар енгізу туралы»  
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы:  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  
 

Алын-

ған күн

Мемлекеттік органдар, басшылар

Нақты кіммен келісілді (Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарыл- ған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және

даму министрлігі











Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі











Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі











Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі











Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі





































_______________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
қоса берілетін құжаттардың  
ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақтар саны

1.

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы







2.

Жобаға түсіндірме жазба







3.

Жіберу көрсеткіші







4.

Мемлекеттік органдардың қорытындылары, анықтамалары, ескертулері







5.

Қол қойылған ҚР Үкіметі қаулысының көшірмесі







6.

Мемлекеттік орган басшысының міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесі







7.











8.











9.











 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, олар_______________парақта.
Қолы ___________ күні ________