• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы егіс алқаптарын әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы егіс алқаптарын әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 шілдедегі № 4-1/326, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 263, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бірлескен бұйрығы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының 3.1 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Б.Ә. Сағынтаевтың 2014 жылғы 17 маусымдағы № 11-5/05-893 (6 т.) тапсырмасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ/БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы егіс алқаптарын әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) жыл сайын 1 ақпанға және 1 шілдеге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі С.К. Омаровқа, Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке, Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұловқа, Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Л.M. Кармазинаға, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі A. Pay
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі А. Теңгебаев
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жәнесу ресурстары министрі Н. Қаппаров