• Мое избранное
«Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 23 шілдедегі № 7646 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі
2014 жылғы 02 шілдедегі
№ 03-22/3294 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
Белгіленген нысандағы өтініште ұсынылған шынайы емес және (немесе) толық емес мәліметтер куәлікті беруден бас тартуға негіз болып табылатын 46-тармақтың 3) тармақшасын алып тастауды ұсынамыз. Себебі өтініште көрсетілген мәліметтер өтінішті қайтару немесе қарауға қабылдау туралы шешім қабылдау кезеңінде тексеріледі.
Тармақтардың нөмірленуін сәйкестікке келтіру қажет.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау кезінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –  Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева