• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №136 қаулысында («Казахстанская правда» от 01.05.2014 г. № 84 (27705); «Егемен Қазақстан» 01.05.2014 ж. № 85 (28309)):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
екінші бөліктің 2) тармақшаның 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің немесе ХҚО-ның: www.mid.gov.kz, www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.»
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414.»
көрсетілген қаулымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтауға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: