• My favorites
Жарылыстан қорғалған желдеткіштердің құрылғысына, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
The document is shown in demo mode! Price: 240 tenge/year

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Comment
  • Add bookmark
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Paragraph redactions(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген

  • 1
Жарылыстан қорғалған желдеткіштердің құрылғысына, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылыстан қорғалған желдеткіштердің жүйесіне, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және жарылыстан қорғалған желдеткіштерді жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта салуға, техникалық қайта жабдықталуға, консервациялау мен таратуға пайдаланылады.
2. Жарылыс қауіпті өндірістер үшін желдеткіштердің түрі мен орындалуын таңдауды тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына байланысты жобалық ұйым анықтайды.
3. Белгіленген санаттар мен топтардың жарылыс қауіпті қоспаларын тасымалдауға арналған желдеткіштерді басқа да төмен санат пен топқа жататын жарылыс қауіпті қоспаларды тасымалдау үшін қолдануға болады.
2-тарау. Жарылыстан қорғалған желдеткіштер құрылғысы мен дайындалуы
4. Желдеткіштердің дірілді жылдамдығының орташа шаршылы мәні жұмыс дөңгелектері мен жалғастырғыштар түріне қарамастан, 6,3 мм/с аспайды.
5. Радиалды желдеткіштер 1 немесе 3 құрылымдық орындаумен, өзекті желдеткіштер 1-қосымшаға сәйкес 1 немесе 2 құрылымдық орындау бойынша орындалады.
Радиалды желдеткіштер оң және сол айналымды болып жасалады және корпусының әр түрлі жағдайы болады.
Өзекті желдеткіштер оң және сол айналымды болады.
6. Желдеткіш құрамына кіретін жиынтық өнімдер осы өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес, желдеткішті дайындаушы-ұйымда кіру тексерісіне тартылуға жатады.
7. Желдеткіш құрылымы желдеткіштің белгіленген жұмыс режимінде жарылыстан қорғанысты қамтамасыз етеді.
8. Желдеткіштердің бөлшектері мен түйіндері (корпусы, жұмыс дөңгелектері, коллекторлар) оларды тасымалдау, құрастыру және пайдалану кезінде олардың бұзылуы мен бүлінуін болдырмайтын материалдардан дайындалады.
Жалпы тағайындаудағы желдеткіштермен салыстырғанда қаттылық пен беріктілікті арттыру үшін жоғары мықтылықтағы металл немесе қаттылықты арттыратын құрылымдық элементтер пайдаланылады.
Желдеткіштердің жұмыс дөңгелектерінің статикалық беріктілік қорының коэффициенті 1,3 - 2,0 шамасында анықталады.
Жұмыс дөңгелектері белгіленгеннен 10 - 20 % асатын айналым жиілігі кезінде сыналады.
9. Әртүрлі металлдардан жасалған радиалды желдеткіштерде жұмыс дөңгелегі жағына коллектарда ұшқын шығармайтын материалдан (жез, электр өткізгіш пластмасса және басқа) олармен қосылыс ажыратылмайтын қосылыспен (тойтару, дәнекерлеу, жабыстыру және басқа) жасалған сақина орнатылады.
Сақина коллектор бүйірінен жұмыс дөңгелегі мен коллектор арасындағы саңылау үлкендігіндей, бірақ 3 мм кем болмай шығып тұрады.
Әртүрлі металлдардан жасалған өзекті желдеткіштерде корпусының өтетін бөлігі жұмыс дөңгелегінің айналу аймағында немесе жұмыс дөңгелегі күректерінің соңы ұшқын шығармайтын материалдан (жез, электр өткізгіш пластмасса және басқа) дайындалады.
10. Өзекті желдеткіштерде бұру күректері бар жұмыс дөңгелектерін пайдалануға рұқсат берілмейді.
11. Өтетін бөлігін электр өткізгіш полимермен жабатын желдеткіштерде жабын астындағы бөлшектер мен түйіндердің үшкір шеттері, бұрыштары және кетіктері болмайды.
12. Бұрылмайтын корпусты технологиялық тағайындаудағы желдеткіштер үшін корпустың төменгі бөлігінде конденсатты құю үшін герметикалы жабатын қақпақты немесе басқа бекіту құрылғысымен құю келтеқұбыры (штуцер) қарастырылады.
13. Желдеткіштерде жерге тоғыту қысқышы және жерге тоғыту белгісі орнатылады.
14. Жұмыс дөңгелектері динамикалық теңгерілуге жатады. Жұмыс дөңгелектерінің теңгерілімнен кейін рұқсат берілетін қалдық теңсіздіктері жобалық-құрылымдық құжаттамада белгіленген мәннен аспайды.
Өтетін бөлігі жабынды желдеткіштерді дайындау кезінде дөңлектердің теңгерілуі жабын жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады. Қалыңдығы 0,4 мм артық полимерлі жабындарды пайдалану кезінде жабынды енгізгеннен кейін жұмыс дөңгелектері дисбалансқа тексеріледі.
15. Желдеткіштердің қатты иіндері үшін қалыптыдан 30 % кем болмайтын айналымның критикалық жиілігі орнатылады.
16. № 10 және одан жоғары желдеткіштердің корпусы мен жұмыс дөңгелегінің ішкі бетін қарау мен тазалау үшін корпуста өлшемі 200-300 мм болатын герметикалы жабылатын люктер көзделеді.
17. Тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспаның ағуын болдырмау үшін әр түрлі металлдардан жасалған желдеткіш корпусының артқы қабырғасында ішкі жағынан иіннің өтетін орнында жезден немесе басқа да ұшқын шығармайтын материалдан пайдалану шартына сәйкес жапсырма (пластмасса, паронит, резеңке және тағы басқа) орнатылады. Жапсырманы бекітуді ұшқын шығармайтын материалдан өзі кесілетін бұрандалы шегелермен жүзеге асыру ұсынылады.
18. Орташа қысымды желдеткіштерде иіннің өтетін орындарында манжетті тығыздама орнатылады.
19. Жоғары қысымды желдеткіштерде түйісусіз лабиринтті тығыздама орнатылады, бұл ретте лабиринтті тығыздама корпусынан коллекторға немесе қосымша пазаларды жұмыс дөңгелегінің күпшегіне жеткізетін газды сору үшін қоршаулы құбыр өткізгіш орнатылады; жұмыс дөңгелегінің артқы дискісінің сыртқы жағынан лабиринтті тығыздамадан газды сору үшін күректер орнатылады.
Лабиринтті тығыздамада жылу температурасын қадағалау жабдығын орнатуға арналған саңылау қарастырылады. Лабиринтті тығыздама ұшқын шығармайтын материалдан (жез, қола және басқа) орындалады.
20. 3 конструктивтік схеманың желдеткіштердің аралық иіндері үшін тек қызмет көрсету мерзімі 40000 сағаттан кем болмайтын шайқау мойынтіректері пайдаланылады.
21. Мойынтіректер шаң мен кірдің түсуінен қорғалады.
Май ағуын болдырмау үшін қақпақтарды мойынтірек корпусымен қосу герметикалы орындалады.
22. Мойынтіректер корпусында мойынтірек температурасын қадағалау көрсеткіштерін орнатуға арналған саңылау қарастырылады.
23. Желдеткіштерді зауыт-дайындаушыдан тиелу күнінен бір жылдан артық сақтау кезінде мойынтіректер ашылған қақпақ кезінде қаралады және мойынтірек түйінінің 2/3 көлемін толтыратындай шамада майланудың болуы тексеріледі.
24. Қозғалтқыштар мен мойынтірек корпустарын бекіту конструкциясы олардың кез келген бағытта қиысу мүмкіндігін болдырмайды.
25. Желдеткіштер конструкциясында статикалық электрді бұруға арналған құрылғы көзделеді.
26. Желдеткіштерде полимерлі материалдарды пайдалану кезінде статикалық электрді бұру үшін пластмассаға электр жеткізгіш толтырғыштар енгізіледі, электр жеткізгіш жабындар салынады, желдеткіштердің барлық бөліктері жерге тоғытылады.
27. 3 конструктивтік схема желдеткіштерінің конструкциясында жұмыс дөңгелегі иінінен иін бетіне тығыз жабысқан және иілмелі жез өткізгіштермен жерге тоғытылған 2 жез-графитті щетка көмегімен статикалық электрді бұруға арналған ток түсіргіш көзделеді.
28. Пластамассадан жасалған бөлшектер жобалық-конструкциялық құжаттаманы өңдеу кезінде таңдалады.
Пластамассадан жасалған бөлшектерде үрленулер, сызаттар, ауырлатулар, саңылаулар, бырысулар, ажыраулардың болуына рұқсат берілмейді.
29. Желдеткіш бөлшектері мен түйіндерін дәнекерлеу кезінде дәнекерлеу тігістері желдеткіштің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес орындалады.
30. Жұмыс дөңгелектерінің жүру бөлшектерін жинау кезінде олардың бекітілуі иінінің бұралуын және өзекті бағытта тасымалдануын болдырмайды.
31. Жұмыс дөңгелегі мен кіру келтеқұбыры арасындағы өзекті және радиалды саңылаулар - радиалды желдеткіштер үшін, жұмыс дөңгелегі мен корпус - өзекті желдеткіштер үшін айналадағы барлық нүктелерде жұмыс дөңгелегінің 0,01 диаметрінен кем болмай осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес құрайды.
32. Желдеткіштердің бөлшектері мен түйіндерінің барлық бұрандалы қосылыстары пайдалану процесінде өздігінен бұралудан қорғалады.
33. Жұмыс дөңгелектері немесе коллекторлардың не желдеткіштер ернемектерінің сыртқы беті, жалғастырғыштар мен қоршау құрылғылары нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сигналды түстерге боялады.
34. Желдеткіштің жұмыс дөңгелегінің айналу бағыты сору жағынан желдеткіш корпусында нұсқармен көрсетіледі.
Бөлшектелген қалыпта желдеткішті тасымалдау кезінде нұсқар желдеткіш қорпусына және жұмыс дөңгелегіне енгізіледі.